![]() Әжмағамбетов Байдрахман 1926 жылы 3 наурызда Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1941 жылы Киров атындағы колхозда колхозшы болып жұмыс істеуден бастаған. 1944 жылы 17 қарашада Совет Армиясының қатарына шақырылып, ІІ Белорусь майданынын 298 атқыштар полкінің құрамында шайқасқа қатынасты. 1944 жылдың наурыз айында Днепр бойында болған ұрыста жараланды, Николаевск қаласындағы госпитальда емделгеннен кейін майдан шебіне оралды, Минск, Витебск қалаларын азат етуге қатынасты. Соғыс аяқталғаннан кейін 1946 жылдың қарашасынан Белоруссияның Полоцк қаласындағы 64675 әскери бөлімшесінде қызмет етіп, 1950 жылы елге оралды. Еңбек жолын жалғастырып, Киров атындағы колхозда қойшы болды. 1970 жылдан бастап «Степняк» совхозында құрылысшы болып істеді. 1986 жылы зейнеткерлікке шықты. Алты баласы бар (3 ұл, 3 қыз), алты немере сүйіп отыр. Наградалары: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, және 10 мерекелік медальдары бар. |
![]() Әжмағанбетов Байдырахман 9 мамырда 1926 жылы Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1943 жылы қыркүйек айында шақырылып, 357 әуе-әскери полкінде жауынгер – атқыш болып, әскерден 1945 жылы елге оралған. Совхозда жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Әкімжанов Ануарбек 1920 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Сарсу ауылында туған. 1938 жылы Торғайда 7 сыныпты бітірген. 1940 жылы қазан айында әскерге алынып, Ішкі істер әскерлерінің құрамындағы 323-конвой полкінде бөлімше командирі қызметін атқарды, кіші сержант. Әскер қатарындағы ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарын алған. Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен атап өтілген. Елге 1946 жылдың аяғында оралған. Алматыда есеп қызметкерлерінің 6 айлық курсын тәмәмдап, көп жыл аудандық қаржы бөлімінің инспекторы міндеттерін атқарды. Кейін СПТУ-да қойма меңгеруші, «Речной» ұжымшарында кассир, мұнай базасында заправщик жұмысында болды. Зейнетке 1980 жылы шықты. 1996 жылы өмірден озды. Жұбайы Гүлбану екеуі 3 ер бала, 4 қыз тәрбиелеп өсірді, олардан қазір 19 немерелері бар. Джангельдинский район |
![]() Әлиақпаров Ғабдол-Мажит 1910 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Жалдама бойында туған. 1922-1928 жылдары Аманкелді орта мектебінде оқыған. 1928-1930 жылдар аралығында Аманкелді ауданында артельде жұмысшы болып еңбек еткен. 1938-1948 жылдары армия қатарында болған. Соғыста 120 АД құрамында қатардағы жауынгер. Эстония жерін азат ету ұрыстарына қатысқан. Жауынгерлік 6 медальмен марапатталған. 1948 жылы елге оралғасын, бұрынғы жұмыс орнында завхоздың міндетін атқарған. 1962 жылы ауыр науқастан қайтыс болды. Зайыбы Әлиақпарова Болтай екеуінің артында екі баласы, 2 немересі бар. Амангельдинский район |
![]() Әлімбаев Әбдікәрім 1926 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Албарбөгет ауылдық округінде туған, орта білімді. 1943 жылы шілде айында армия қатарына шақырылған. Азат етілген аудандарда жол тазарту, салу ісіне қатысты. 1945 жылдың шілдесінен батыс жол салу полкінің 96 батальонында сапер-атқыш боп жұмыс істеді. Жау жағы миналап кеткен жолдарды залалсыздандырумен айналасып жүргенде оң жақ жамбасынан жарақат алып, эвакогоспитальде 3 айдай емделді. 1950 жылы көктемде армия қатарынан босап келіп Құсмұрын станциясына (Қарағанды теміржолының) жұмысқа орналасты, әуелі аға кондуктор, кейін бас кондуктор, вагондарды тіркеуші жұмыстарын атқарды. 1960 жылы туған ауданына оралып, Қызыләскер кеңшарында жол жөндеу шеберінің жұмысында, кейін ДЭУ-236 мекемесінде істеді. 1964 жылдың шілдесінен 1966 жылдың қаңтарына дейін «Еңбек» кеңшарында қоғамдық тамақ ұйымдастыру жөніндегі инспекторы, кеңшардың негізгі өндіріс орны бөлімше басқарушысы болды. 1974 жылдың маусым айында аудандық дайындау мекемесінің директорлығына жоғарылатылды. Кейін «Еңбек» кеңшарының алыстағы «Айырқұм» бөлімшесін басқаруға жіберілді. 1980 жылдың маусымынан қайтадан аудандық дайындау мекемесін басқарды. 1983 жылдың мамырынан қызметін атқарды. Ұлы Отан соғысына қатнасушы ретінде Жеңістің мерекелік медальдарымен, сондай-ақ «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды. Жұбайы Зағипа Нұрсейітқызы екеуі 2 ұл, 1 қыз өсірді, бірнеше немерелері мен шөберелер сүю бақытына ие болды. Джангельдинский район |
![]() Әлімов Мұхаммед Баймұханұлы 1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста І Украина майданында 06.1941 жылдан 05.1945 жылға дейін 3 мото-АП құрамында қатардағы байланысшы жауынгер болған. Әскери атағы кіші сержант. Ерлігі үшін 8 медальмен марапатталған. Елге келіп, қызмет істеп қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Әлімов Отар 1908 жылы Торғайдың Қошақов құмында туған. Әуелі серіктестіктерде, кейін «Соцжол» ұжымшарында еңбек еткен. Әскерге 1941 жылы тамыз айында алынып, 1942 жылы алғашқы ұрыстардың бірінде екі көзден бірдей айырылып, елге І топта мүгедек болып оралды. Отан соғысының мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталған. 1991 жылы 83 жасында дүниеден өтті. Джангельдинский район |
![]() Әліппайұлы Ахметбек Бұрынғы Қараторғай болысы, қазіргі Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты ауылда туған.1942 жылдың қаңтар айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, Шұбаркөл қалпсындағы әскери дайындықтан өткеннен кейін 350 АП құрамында қатардағы жауынгер боған. Әскер қатарынан 02.1945 жылы босап елге келген. «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германийны жеңгені үшін» медальдарымен және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Соғыстан кейін осы ауданның Молотов, Абай атындағы колхоздарда жұмыс істеген. Амангельдинский район |
![]() Әлкеев Қасым 1919 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданында туған. 1940 жылы Боровской АӘК-нан әскерге алынып, 156-шы жеке барлаушылар ротасында барлаушы болған. Мамандығы ұстаз. 1946 жылы әскер қатарынан босаған. Зейнеткерлікке шыққанша мұғалім болған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Әлмағамбетов Сұлтанғазы 1922 жылы Торғайдың Қаратоғай аулында дүниеге келген. Әскерге 1941 жылы қазанда алынып, Воронеж бағытындағы ұрыстарда қолынан ауыр жарақат алып, 1943 жылы желтоқсанда елге келген. Әуелі «Қараторғай» ұжымшарында, кейін «Еңбек» кеңшарында үлгілі шопан болды. Қойды қыста қоздатуда тәжрибе жинақтап, басқаларға үлгі болды. Өзі дүниеден өткенімен, ұрпақтары Арқалық, Торғай аумағында қазіргі заман мүмкіндігіне қарай еңбек етуде. Джангельдинский район |