Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'Р' было найдено совпадений: 18302


Қожин Қайралап

       1904 жылы Торғайдың Қошалақ құмында дүниеге келген. Сауатын ауыл молдасынан, кейін САУЖОЙдан ашқан. Ауданда алғаш техника тетігін меңгеріп, жүргізуші болған азаматтың бірі. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының майдандарында ұрыстарға қатнасып, бірнеше жауынгерлік медальдар алған. Соғыстан кейін ұжымшарда жүргізуші, кейін кеңшарда күзетшілік міндетттерін атқарған. Ұлдары Тілектес, Жанатай Шиліде тұрады. Бәйеке атты баласы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, кеңшар парткомының хатшысы жұмыстарында істеді. Инабатты, үлгілі отбасы. Қайралап ақсақал 1977 жылы дүниеден озды.


Джангельдинский район




Қонысбаев Өрқара

       1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 364 АП құрамында бөлімше командирі болған, әскери атағы аға сержант. Жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Кавказды қорғағаны үшін» және жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін Жангелдин, Аманкелді аудандарында сауда саласында көп жылдар бойы жұмыс атқарған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қорғанбеков Көпей

       Ұлы Отан соғысының ардагері, ерен еңбегімен танылған ел ағасы 1923 жылы 17 маусымда бұрынғы Торғай облысы, Амангелді ауданы, Қарасу ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Сол туған ауылында өсіп, сол жердегі мектептен алты кластық білім алған. Есейе келе шаруаға араласты, колхозшы болып, еңбек етті. Осылай өмір жалғаса берерме еді, бейбіт елдің аспанын соғыстың қара бұлты торламағанда. Отанға төнген фашистік апатқа қарсы тұруға, кеудені оққа тосуға, от кешіп, жастық шақты қан майданда өткізуге тура келді. Соғыс жылдары, ұрыс жолдары осылай басталған еді. Сұрапыл соғысқа 243 атқыштар полкінің құрамында Украина жерінде кіріскен еді. Талай ұрыстардың белортасында жүрді, жаумен ерлікпен шайқасты. Жеңілісті де, жеңісті де көрді. Майдандас достарынан айырылып, өзі де өлім мен өмірдің арасында жүрген күндері болған. 1943 жылы 4 қыркүйекте Смоленскі түбінде болған соғыста ауыр жарақат алып, госпитальға түскен. Әйтеуір, көрер күндері бар екен, көп емделді, айықты, еліне оралды. Көп ұзамай бейбіт еңбек майданына араласып кетті. Өз ауылы Қарасуда №3 бөлімшеде жылқышы, малшы болды. Еңбекте жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді, озат атанды, 1954 жылы КПСС мүшелігіне қабылданды. Соғыс жылдарынан қалған белгісі, ордені мен медальдары сақталуда. Оның ішінде Отан соғысы ордені, Кеңес Одағынын Маршалы Жуков Г.К., Украина республикасының медальдары, «Соғыс ардагері» белгісі, Ұлы Жеңіс құрметіндегі медальдары бар. Жас өспірімдерге соғыстағы Совет Әскерлерінің ерліктерін айтып, Отанға сүйіспеншілікпен қарауды, еңбекте алда болуды насихаттап отырған. Жанұясында жұбайы Камиламен алты бала тәрбиелеп өсірді, жетілдірді. Төрт келіні, екі күйеу баласы бар, жиырма екі немересі өсіп келеді. Соғыс және еңбек ардагері 2004 жылы дүниеден өтті.


Костанайский район




Қорғанбеков Көпей

       1923 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №11 Жаңаталап ауылында туған. Сол жердегі бастауыш мектепте оқыған, «Жаңаталап» колхозында жұмыс істеген. 1942 жылы сәуір айының 6-шы жұлдызында армия қатарына шақырылған. Шұбаркөл қаласында екі айдай әскери дайындықта болып, осы жылдың қараша айында Калининград майданында 243-ші атқыштар полкінің сапында Белый қаласының түбіндегі ұрысқа қатынасады. 1942 жылдың тамыз айында ауыр жарақаттанып, әскери госпитальға түсіп, одан емделіп шыққаннан кейін Карелия майданына жіберіледі. Соғыстың соқпақ жолдарымен содан кейін ІІ Украина майданына келеді. Немістерден Батыс Украинаны азат етіп, Венгрия жеріне қарай бағыт алады. 1943 жылдың күзінде Карпат тауында неміс әскерімен шиеленіскен қатты ұрыс болып, сонда ауыр жарақат алып, 1944 жылдың сәуір айына дейін госпитальда жатып емделіп, осы жылы елге оралады. Елге келген соң колхозда есепші, сатушы және тағы басқа жұмыстар атқарады. Кейін совхоз ұйымдасқанда бас жылқышы болып көп жыл еңбек етіп, 1983 жылы зейнеткерлікке шығады. Жанұясында 6 бала, 21 немере өсіріп, қазір Аманкелді ауданының Қарасу ауылында құрметті ақсақал болып ғұмыр кешіп жатыр.


Амангельдинский район




Қоржықаев Күзембай

       1922 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №13 ауылда туған. 1941 жылы желтоқсан айында Ұлы Отан соғысына Аманкелді ауданынан шақырылған. 1942 жылдың ақпан айынан шілде айына дейін 520 атқыштар полкі, 167 атқыштар дивизиясы, Оңтүстік-батыс және Воронеж фронттарында болған, содан жарақаттаннып, қырқүйек айының соңына дейін Тамбов облысы, Мичуринск қаласы №1112-ші эвакогоспитальде емделген. 1942 жылдың қыркүйек айынан Брянск, Орталық, ІІ Белорус майдандарында, 48 Армияның 142 жеке атқыш ротаның құрамында соғысты, сержант, бөлімше командирі болды. 1947 жылы қараша айында әскерден босатылып, елге келген. Сол жылдан 1950 жылдың маусымына дейін Аманкелді ауданы «Қазақстанның 15 жылдығы» колхозының жұмысшысы, Алғабас ауылының сатушысы, №12 ауыл Советінің хатшысы болды. Кейін 8,12,13 ауылдарының почта бөлімдерін басқарған. Ал 1965 жылдың мамыр айынан 1982 жылдың қаңтар айына дейін Науырзым ауылының почта бөлімін басқарып, зейнеткерлікке шықты. Ұлы Отан соғысында І және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және мерекелік медальдармен марапатталған. «Еңбек ардагері» медалінің иегері. Әйелі екеуі 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіріп, 9 немере сүйген бақытты жандар. 1992 жылы наурыз айында дүниеден өтті.


Наурзумский район




Қоржынбаев Байжан

       1898 жылы Қарамеңді ауылында дүниеге келді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен көппен бірге майданға аттанды. Соғыстың басынан аяғына дейін болып, Сталиградтан Берлинге дейін барды, елге 1945 жылы оралған. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін Науырзым мемлекеттік қорығында қызмет істеді.1980 жылы сексен екі жасында Қарамеңді ауылында қайтыс болды. Өмірлік жолдасы Балсұлу екеуі үш ұл тәрбиелеп өсірді, қазіргі кезде 10 немересі, 4 шөбересі Науырзым өңірінде өмір сүріп жатыр.


Наурзумский район




Қоржынов Қанен

       1906 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №4 Елтай ауылында дүниеге келген. Сол жердегі бастауыш мектептен 4-сыныптық білім алып, Тельман колхозында есепші болып жұмыс істеген. 1942 жылдың 22 маусым айында әскер қатарына шақырылып, Челябі облысының Шұбаркөл қаласында әскери дайындықта болғаннан кейін 261-ші атқыштар полкі құрамында Солтүстік-Батыс майданында Великие Луки қаласы түбіне алғашқы рет соғысқа кіреді. Украина, Чехославакия, Польша елдерін жаудан азат соғыстарында болады. 1944 жылы Одер өзенінен өтудегі шайқаста денесі төрт жерден жараланып, Тула қаласындағы №5383 госпиталінде ұзақ емделіп, сол жылдың желтоқсан айында әскер қатарына жарамсыз болып елге оралады. Соғыстағы ерлігі бағаланып «Ерлігі үшін» медалімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Елге келіп, жарасынан айыққаннан кейін, осы аудандағы 8 март, «Чапаев» колхоздарында есепші болып жұмыс істеген. Ауданда совхоздар ұйымдасқанда «Коммунизм жолы» совхозында зейнеткерлікке шыққанға дейін кассир болған. Зайыбы Орынбасар екеуі көп жыл өмір сүріп, ұл-қыздарынан 42 немере, 20 шөбере сүйген. 1982 жылы қайтыс болды.


Амангельдинский район




Қуанышбаев Нұржан

       1904 жылы Қараторғай болысы, кейінгі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып, 41 армиясының арнаулы ротасында қызмет еткен. Жау әскерін Сталинград майданынан Одер өзеніне дейін шегіндіру ұрыстарына қатынасып, 1945 жылы жараланып, госпитальда емделіп, әскер қатарына жарамсыз болып, елге оралған. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Даңқ орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін малшы болып жұмыс істеген. 1990 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қыдырмаұлы Шәйкен

       1906 жылы қантар айының 10-да бұрынғы Торғай үйезінің Науырзым болысында дүниеге келген. 12-жасында әкеден, 14 жасында шешеден жетім қалыпты. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына Қостанай облысының Аманкелді аудандық әскери комиссариаты арқылы алынады. Соғысқа Еділ бойында, Сталинград және Украина майдандарында қатынасқан. Майданда үш рет ауыр жараланған. Жаудың Сандомир бекінісін бұзуға, Оппельн, Равич, Трахтенберг қалаларын басып алуға қатысты. Берлинге 150 км жетпей барып тоқтады. Ұлы Отан соғысынан елге 1945 жылы 20 мамырында оралды. Бірден колхоз жұмысына араласты, жылқы, қара мал бақты, қол жұмыстарын істеді. 1966 жылы зейнеткерлікке шықты. ССРО-ның Қарулы Күштерінің, Ұлы Жеңістің мерей тойларына арналған мерекелік медальдары бар. 1984 жылы 18 наурызда дүниеден өтті. Жұбайы Бәтима Оспанқызы екеуі отбасында 4 бала тәрбиелеп өсірді. Ол балаларынан қазір 16 немере, 21 шөбересі бар.


Наурзумский район




Үкiбасов Сарлақ

       Қазіргі Қостанай облысы, Аманкелдi ауданында 1918 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген. Осы Аманкелдi ауданында мектептi бiтiрген. Ұлы Отан соғысына 1941 жылы шақыртылып қатысқан. Соғыстан 1945 жылы келген. Соғыстағы ерлiк iстерi үшiн ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «Еңбек ардагері», Жеңістің мерекелік бес медальдарымен марапатталған. Елге оралған соң, қызмет еткен. Жұбайы Қанипа екеуi 2 бала тәрбиелеп, немере көрген кiсiлер.


Наурзумский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика