Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'в' было найдено совпадений: 25205


Қақанов Сәттар

       1924 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Қабырға өзенінің бойында дүниеге келген. Әке-шешеден ерте айырылған ол Қостанай қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленіп, сонда білім алып, колхозда жұмыс істеді, кейін бригадир болады. Соғыс басталып, 1942 жылдың аяғында әскер қатарына алынады да Түмен қаласында жасақтанып жатқан 100 дивизияның 301 әскери әуе десанты полкінің автоматшылар бөлімшесінің командирі болып тағайындалады. 1944 жылы бұл дивизия Карелия жерінде ұрысқа кіреді. 1945 жылдың көктемінде Венгрия жерін, Австрия, Чехославакияны жаудан тазартуда талай қан-құйлы шайқастардың ортасында болады. Вена қаласын азат еткенде «Ерлігі үшін» жауынгерлік медалін алады. Одан кейін бірнеше әскери белгілерге ие болады. Майдан жолын Чехославакияда аяқтайды да 1947 жылы елге оралады. Елге келген соң Аманкелді ауданының Сартал ауылдық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарады. Алматы қаласындағы заңгерлер дайындайтын мектепті бітіргеннен кейін Қостанай қалалық партия комитетінде нұсқаушы болады. Алматы қаласындағы Жоғарғы партия мектебін бітіреді. 1962 жылдары Камышин аудандағы «Оркаш» совхозында партия ұйымының хатшысы, Аманкелді аудандық партия комитетінде нұсқаушы, СПТУ-154-те директордың орынбасары, зейнеткерлікке шыққанша аудандық білім қоғамының бастығы болып қызмет атқарған зиялы азамат. Артында 3 ұл, 1 қызы және немере, шөберелері бар. 2000 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қабақов Қойшы

       1920 жылы Қостанай облысы, Аманкелдi ауданында туған. 1941 жылы 9 тамызда әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысады, 1945 жылы 9 мамырға дейiн майданда болады. Жапониямен жүргiзiлген соғысқа қатысып, темiр жол полкiнде путеец болып жалғастырады. Соғыстағы көрсеткен ерен ерлiктерi үшiн «Жапонияны жеңгенi үшiн», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн» және мерекелік медальдарымен марапатталған. Әйелi Бикенмен екеуi 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсiрген. Осы екi баласынан 12 немере және шөбере сүйген бақытты ата-әже болды. Қойшы ата шаруашылықтың әр саласында еңбек етiп, сол еңбегi үшiн «Еңбек ардагерi» медалін алды. 1991 жылы дүниеден өттi.


Наурзумский район




Қабақов Қойшығара

       1916 жылы 16 наурызда дүниеге келген. 1941 жылы Қаратайқызы Каримаға үйленген. Бір айдан соң соғысқа аттанған. Соғыстың бас кезінде қолына оқ тиіп, госпитальда жатып шыққан. Соғыстың аяғына дейін болып, Берлиндегі болған шайқасқа қатысқан. 1945 жылы елге оралған. Торғай облысы, Октябрь ауданының, Панфилов атындағы совхозда мал дәрігері болып біраз уақыт жұмыс істеген. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың, «Еңбек ардагері» медальдарымен және 5 мерекелік медальмен марапатталған. Жұбайы Кәримамен 9 бала сүйген: 3 ұл, 6 қыз. Немере, шөберелері бар. 1999 жылы 24 қазанда дүниеден өтті.


Наурзумский район




Қабақов Айтмұқан

       1920 жылы Дәмді ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Аманкелді әскери комиссариатынан майданға аттанған. Бұл кісі Сталинград майданының жауынгері болған.1946 жылы елге жеңіспен оралады. Елге келген соң, малшы болып жұмыс істейді. 1980 жылы құрметті зейнеткерлікке шықты. Соғыстағы ерлігі мен бейбіт күндегі еңбегі еленіп, Отан соғысы орденімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен және мерекелік медальмен марапатталды. Жұбайы Бақтыбикемен 7 бала тәрбиелеп өсірген. Бақтыбике әже немере, шөберелерінің қызығын көрген жан. Қабақов Айтмұқан 1990 жылы қантар айында қайтыс болды.


Наурзумский район




Қабдрашев Әбеу

       1924 жылы 10 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында туған. Әскерге алынғанға дейін ауылда егіншілікпен айналысты. Әскер қатарына 1942 жылы мамыр айында шақырылған. Кеңес әскерлері құрамында Чехия, Германия жерлерін басып өткен. Әскер қатарынан 1945 жылдың жазында келген. Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде Жеңістің атаулы жылдарында, Қарулы Күштердің мерекесі кездерінде мерекелік медаль-белгілерімен атап өтілген. Сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен марапатталған. Зейнетке шыққынға дейін (1984 жылы) ұзақ уақыт аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесінің жұмыскері болды. Жұбайы екеуі 2 ұл, 1 қыз өсіріп, немерелерін көріп отыр.


Джангельдинский район




Қабылов Сүлеймен

       1922 жылы Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың шілде айында армия қатарына шақырылды. 125-ші атқыштар полктің қатарында Смоленск үшін, Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысады. Соғыстан 1942 жылдың аяғында оң аяғынан ауыр жараланып, елге оралады. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін І дәрежелі, Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үішн» медалімен және Жеңістің мерекелік бес медалімен, сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен марапатталған. Балаларының ортасында 2000 жылдың 9 қазанында дүниеден озды.


Джангельдинский район




Қадырбаев Қайырбек

       1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Бүйректал ауылында туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылы ақпанда әскерге шақырылып, соғыста 58 автоботальонында жүргізуші жауынгер болған. 1945 жылы мамырда әскер қатарынан босап елге келіп, жұмыс істеп, қайтыс болған. Жауынгерлік алты медальмен марапатталған.


Амангельдинский район




Қажиев Ертай

       1924 жылы Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1942 жылы тамыз айында Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 33 әуе десанты бригадасында қызмет еткен. Әскери атағы аға сержант. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Әскер қатарынан 1949 жылы босап елге келген. Бүйректал совхозында есеп қызметінде істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қазиев Жалғасбай

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына алынып, 57 АП құрамында қатардағы жауынгер. Әскер қатарынан 1944 жылы жараланып босаған. Елге келіп қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қазиев Көккөз

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Амантоғай ауылында туған. 1942 жылы қаңтар айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 127 АД құрамында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылдың тамызында Ростов қаласының маңындағы Русское селосы үшін болған ұрыста жараланып, госпитальда емделіп, әскерге жарамсыз болып елге оралған. Елге келген соң малшы болып көп жыл жұмыс істеген. Еңбегі бағаланып, «Құрмет белгісі» орденімен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика