Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'М' было найдено совпадений: 12918


Сейілов Жұмабай

       1921 жылы Қызылорда қаласында туған. Әскерге 1940 жылы Торғай әскери комиссариаты арқылы шақырылған. Әуелі 167 атқыштар дивизиясында курсант болды. 1941 жылдан 1945 жылдың мамыр айына дейін Ұлы Отан соғысына қатысты, екі рет жараланды. Елге 1947 жылы келген. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарының белгі-медальдармен наградталған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Жұбайы Гүлшира екеуі 9 бала тәрбиелеп өсірген. Жұмекең елге келген соң сауда жүйесінде қойма меңгерушісі, товаровед болып істеді. Балаларынан немере, шөберелері бар. Ардагер 1995 жылы наурыз айында дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Сейілов Мұқыш

       1920 жылы Торғай өңірінің Қайынды аулыныда туған. 1940 жылы кезекті әскер қатарына алынып, содан Ұлы Отан соғысына қатынасады. 270 дивизия, 3 батальонның 7 рота құрамында І Белоруссия майданында болған. 1945 жылы ауыр жараланып, елге оралады. Отан соғысы орденімен және бірнеше соғыс, еңбек медальдарымен наградталады. Соғыстан кейін Сарыторғай совхозында еңбек етеді. 1995 жылы қайтыс болған.


Джангельдинский район




Сейітқасымов Ысқақ

       1893 жылы Торғай уезінің қазіргі Шеген аулында туған. Білімді әуелі ауыл молдасынан алған, кейін Торғайда Иванов мектебінде оқыған. Серіктестікте істеп, өзінің бейімділігі арқасында аудан орталығындағы «Қызыл Ту» артелінде тігіншілікте істеген. 1942 жылдың наурыз айында армия қатарына шақырылған. Украин майданының 214 запастағы полкінде 1 жыл, 235-ші бөлекше ротада 2,5 жыл қызыл әскерге киім тігумен айналысқан. Соғыс кезінде «Ерлігі үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарымен марапатталған. Ұрыста алған жарақаты бар. Армиядан 1945 жылы босап келген. Бейбіт өмірде Торғайдағы балалар үйінің шаруашылық жағын басқарды. Ұлы Отан соғысының қатынасушысы ретінде Жеңістің мерекелік медаль-белгілерімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Жұбайы Алтынсары Бижанқызы екеуі 12 перзент көріп, соның 2 ұл, 1 қызының ғана өскенін көре алды. Қазір 15 немересі бар.


Джангельдинский район




Сейтқасымов Боқан

       1921 жылы 19 сәуірде Жангелдин ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1941 жылы қараша айында әскерге шақырылып, майданда 520 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, 1943 жылы Калинин облысының Зайцево деревнясы үшін болған ұрыста жараланып,1 топтағы соғыс мүгедегі болып, елге оралған. Көп жыл бойы Аманкелді ауданында есеп қызметінде жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан. 1998 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сейтқожин Әмірбек

       1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Сартал ауылдық кеңесінде туған. Әскер қатарына 1940 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, 511 АП жауынгер болған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келген. Колхозда жұмыскер болған. 1984 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сейтқожин Есімсеит

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Сартал ауылдық кеңесінде туған. Әскерге 1940 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 39 гв. АД құрамында қатардағы жауынгер. 1943 жылы Ленинград майданында жараланып, елге оралған. Көп жыл бойы колхоз басқармасы, ферма меңгерушісі, т.б. жұмыстар атқарған. 1992 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сейтбаталов Газиз Ахметович

       Родился в 1924 году в поселке Жаильма (ныне Камыстинский район). Учился в Денисовской школе. В 1942 году был призван Джетыгаринским райвоенкоматом, участвовал в боях на Северо-Западном фронте. Воевал в Эстонии. Был пулеметчиком. После войны в 1945-1948 гг. учился в Алма-Атинском пограничном училище, затем направлен на службу в Горно-Алтайскую автономную область. В 1951 году закончил высшую кавалерийскую школу имени Буденного. В 1953-1957 гг. – командир Хорогской погранзаставы в Таджикистане. В 1957 году закончил военную службу в звании старшего лейтенанта. Работал в сфере доржного строительства в г.Душанбе. Был спортсменом – перворазрядником по стрельбе и военной джигитовке, имел личную благодарность от начальника кавалерийской школы О.И.Городовикова, одного из создателей 1 конной армии, сподвижника С.М.Буденного. Награжден юбилейными медалями. Умер в 1989 г.


Денисовский район




Сейтенов Сейткамал

       1911 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Ағаштыкөл ауылында туған. Әскерге 1940 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 147 АП құрамында пулеметчик болған. Әскерден 1946 жылы босап, елге келгеннен кейін колхозда ұста болып жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Сейткалиев Жумагазы

       1926 года рождения, на войне с апреля 1945 по май 1945 года, стрелок 303 сп. 69 сд. п.Красная Пресня.


Мендыкаринский район




Сейткасимов Дильдабек

       Родился в 1923 году в с.Миалы Семиозерного района. Призван в Красную Армию в 1942 г. Семиозерным РВК. Участвовал в боях в составе 92 СП 201 СД. Освобождал г.Кенигсберг. Демобилизован в 1945 году. Трудовую деятельность начал на железной дороге ст.Кушмурун, 1961-1983 годы – с. Шолак-Терек, фуражир. Награды: орден Отечественной войны I степени, медали «За отвагу», «За взятие Кенигсберга», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель», «Ветеран труда». С супругой Асмакуль воспитали дочь и сына, 6 внуков. Умер в 1990 году и похоронен в с.Шолак-Терек.


Аулиекольский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика