Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'Р' было найдено совпадений: 18302


Нұрбаев Махмұт

       1922 жылы Аманкелді ауданы, Ақайдар деген елді мекенінде туған. Соғыс басталған жылдың қарашасында майданға аттанады. Москва түбіндегі 316-шы атқыштар, кейін 8-ші гвардия, генерал Панфилов атындағы дивизия құрамында, 1075 полкінің 1 батареясының наводчигі болып соғысқа қатысады. Холма қаласын алудағы түнгі шайқаста ауыр жараланып (бұл 20 сәуір 1942 жыл), Саратов қаласындағы госпитальда жатып жазылып, кейін 40-шы артиллериялық дивизионға жіберілді. Онда да наводчик болып, 1943 жылдың тамыз айына дейін болады. Екінші рет соғысқа Харьков түбіне кіріп, қаланы алуға қатысты. Кейін соғысқа қатысқан жерлері: Украина, Чехословакия, Молдавия, Румыния, Венгрия. Соғыс аяқталғаннан кейін, 1945 жылдың 6 қараша күні комиссияға түсіп, әскерге жарамсыз деп танылды. Алматыға келіп оқуын жалғастырған. 1953 жылы жұбайы Сара екеуі елге оралады. Қорғасын орта мектебінде мұғалім, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, аудандық порткабинеттің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қайынды, Сары-Торғай, Байғабыл орта мектептерінде директор болған. Соңғы кездері аудандық оқу бөлімінің методкабинетінің меңгерушісі, аудандық кешкі жастар мектебінің директоры қызметтерін атқарған. Соғыста алған белглері ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», жеңіске арналған мерекелік медальдар. 2001 жылы мамыр айында дүниеден өтті. Сегіз баласы бар, олардан 26 немере және 4 шөбере сүйген.


Амангельдинский район




Нұрбаев Тұралы

       1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1940 жылы әскерге алынып, соғыста 684 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Елге келген соң, колхозда бөлімше басқарушысы болып жұмыс істеген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұрболов Нұрсейіт

       1913 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, 1 Май ауылдық кеңесінде туған. Әскер қатарына Торғай АӘК-нан 1940 жылы шақырылып, соғыста 103 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден1948 жылы босап, елге келген соң, бригадир, кейін шопан болып еңбек демалысына шығып, 1994 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұржақыпов Шөптібай

       1925 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Жаркөл ауылында туған. 1943 жылы Торай әскери комиссариаты әскерге жібереді. Украина майданында ұрыстарға қатынасып, сол республиканы жаудан азат етуге қатынасты. Соғыста бір аяғынан айырылды. Соғысқа дейін орталау мектеп бітірген Шөкең кейін колхоз-совхоз бухгалтерін дайындайтын курстарды аяқтады. Елге 1950 жылы оралды. Біраз жыл ұжымшар партия ұйымын басқарды. Жұбайы Қамал екеуі 10 бала өсірді. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік істері үшін Отан соғысы орденімен, «Украинаны азат еткені үшін» медалімен марапатталған. Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің атаулы жылдарының медаль-белгілерімен атап өтілген. «Тың жерлерді игергені үшін», Лениннің мерекелік медальдарымен марапатталған. 1996 жылы дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Нұржанов Бекказы

       1911 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Құмкешу ауылында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, соғыста 153 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Соғыстан 1946 жылы босап, елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанша колхоз, совхоздарда машина жүргізушісі болып жұмыс істеген. 1997 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұржанов Есіргеп

       1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1940 жылы шақырылып, 52 минометшілер полкінде көздеуші болған. Әскерден 1947 жылы босаған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұржанов Кәрім

       1915 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Тосын ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісі, коллективтендіру, 30-ші жылғы ашаршылық кезеніне тұстас келеді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына алынады. Челябинск облысындағы Шұбаркөлде дайындықтан өтеді. Соғысты Сталинград майданынан бастайды, оқ дәрі тасыған атты әскер құрамында болады. Кейін Украина, Белоруссия майдандарына қатысады. 1945 жылы мамыр айындағы Ұлы жеңісті Берлиннен 40 шақырым айнала қоршап тұрған кеңес әскерінен құрамында қарсы алды. Елге 1945 жылы күзде оралады. Әр түрлі жұмыстар атқарады. 1958 жылдан 1971 жылға дейін шопан болып жұмыс істеген. 1975 жылы зейнеткерлікке шықты. 6 баласы, 14 немересі бар. 2002 жылы 31 қаңтарда қайтыс болады. Жеңістің мерекелік медаль-белгілермен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» мерекелік, «Еңбек ардагері» медальдармен марапатталған.


Джангельдинский район




Нұржанов Уахит

       1924 жылдың 10 қазанында Аманкелді ауданының №8 ауылында туған. 1942 жылдың наурыз айында 151-атқыштар бригадасының құрамында соғысты. 1943 жылдың аяғында ауыр жараланып елге оралған. Аманкелді, Арқалық аудандарының совхоздарында зоотехник, бөлімше меңгерушісі болып жұмыс атқарған, «Торғайалюминстрой» тресінің қосымша шаруашылығын басқарған. Әйелі Нұржанова Нұрғайша екеуі бес бала тәрбиелеп өсірген. ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және 4 мерекелік медальдары бар. 27 маусым 1993 жылы қайтыс болған.


Джангельдинский район




Нұрлыбеков Ғапбас

       1912 жылы 14 мамырда қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Шынсай ауылында туған. Әскер қатарына алынғанға дейін Кеңтүбекте колхозшы болған. 1942 жылы майданға аттанды. Ленинград майданынын 2-ші Армиясы, 86 атқыштар дивизиясы, 330 полк, 2 батальон, 1 рота құрамында автоматшы, барлаушы болған. Эстонияны азат етуге қатынасқан. Соғыстағы ерлігі үшін І және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ленинградты қорғағаны үшін» және көптеген мерекелік медальдармен марапатталған. Елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанша мал шаруашылығында еңбек еткен. 1986 жылы қайтыс болды.


Джангельдинский район




Нұрмағанбетов Баймұхан

       1914 жылы 10 қыркүйекте бұрынғы Қараторғай болысы, қазіргі Аманкелді ауданы Сары-Торғай өзенінің бойындағы Екідің деген жерде дүниеге келген. Аманкелді орта мектебінде оқыған. 1932 жылы Қостанай облысы, Федоров ауданына қарасты Пешков ауылына жанұясы көшіп барған. Сол жерде комбайыншының көмекшісі, комбайыншы болып жұмыс істеген. 1941 жылы Федоров ауданындағы әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылып, 25-ші армиясы, 415-ші атқыштар дивизиясының құрамындағы пулемет ротасында пулеметші болған. 1942 жылы жараланып, госпитальда емделіп шыққаннан кейін 24-ші резервтегі полкте, Шұбаркөл қаласында соғысқа жаңа алынған жауынгерлерден пулеметшілер дайындайтын курста инструктор болған. Бұл қызметтен 1944 жылы денсаулығына байланысты босап, елге келген. Соғыста жүргенде «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Одан басқа «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және соғыстан кейінгі мерекелік 4 медалі бар. Жолдасы Айкүл екеуі 10 бала тәрбиелеп өсірген. Олардан туған 31 немере, 11 шөбере сүйген. 1946 жылы Қостанай қаласындағы есепшілер дайындайтын курсты бітіріп, кейін осы саладағы техникумды тәмамдаған. 40 жылға жақын мал бордақылау мекемесінде, кейін зейнеткерлікке шыққанша аудандық ауылшаруашылығы кәсіподағы мекемесінде есепші болып қызмет істеген. 1993 жылы қайтыс болды.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика