Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'Р' было найдено совпадений: 18302


Нұрмағанбетов Мұханбетжан

       1912 жылы Торғай уезінің Жаркөл ауылында туған. 1942 жылдың сәуір айында Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 564 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Смоленск қаласы үшін болған ұрыста 1943 жылы жараланып, госпитальда емделген. Сол ауыр зақымына байланысты әскерге жарамсыз болып, елге оралған. Елге келгеннен соң, Аманкелді ауданының Байғабыл мектебінде қоймашы, кейін Кенжабық, 1 Май колхоздарында есепші болып жұмыс істеген. 1952 жылы шілде айында қайтыс болған, жанұясында ұл, қыздары бар.


Амангельдинский район




Нұрманов Қуанышбай

       1925 жылы 20 қазанда Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №13 Октябрь ауылында дүниеге келген. 1941 жылы әскерге шақырылған, Шұбаркөлде дайындықтан өткен. Қиын шайқас үстінде екі аяғына оқ тиіп, таңдайынан жараланған соң, госпитальға түседі. Жеңістің мерекелік медальдарымен және Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың медалімен марапатталған. 1944 жылы елге оралған, Ынталы ауылында басқарма болып қызмет атқарған. 1955 жылдан «Дәмді» совхозында малшы болып жұмыс істеген. 1962-1966 жылдары егін қорғаушы болған. 1977 жылы 22 қазанда қайтыс болды. Бұл кісінің қазіргі күнде 1 қыз, 3 ұл, немере, шөберелері бар.


Наурзумский район




Нұрманов Әбдіхамит

       1912 жылдың қаңтар айында қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Байғабыл ауылында туған. Сондағы бастауыш мектепті бітіріп, Қаратартпа серіктестігінде, кейін Калинин атындағы колхозда есепші болып жұмыс істеген. 1942 жылы әскерге алынып, алғашында 371-ші атқыштар полкінде, кейін 224-ші минометшілер полкінің құрамында Сталинград майданында соғысады. Алғашқы ұрыста көзге түсіп «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалін алады. Кейін бас қолбасшы И.Сталиннің атынан 6 рет алғыс, Қызыл Жұлдыз орденімен, «Берлинді алғаны үшін», т.б. медальдармен марапатталған. 1945 жылы елге оралып, аудан шаруашылықтарында зейнеткерлікке шыққанша мал фермасының меңгерушісі, зоотехник, бухгалтер-есепші, 1972 жылы «Қазақстанның 40 жылдығы» совхозында директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары болып қызметтер атқарған. Жанұясында 4 ұл, 3 қыз және немере-шөберелері бар.1995 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұрманов Әлжан

       Торғай уезі, Бетпаққара болысының № 12 ауылында 1917 жылы дүниеге келген. 1941 жылы әскер қатарына шақырылды. Майдан шебінде жүріп 1942 жылы Тамбов қаласының түбінде қатты жараланып, госпитальда емделеді, соғысқа жарамсыз болып босатылған. Елге оралған соң өз ауылында қызмет еткен. 1944 жылдан мал дәрігері болған, одан кейін Мереке орта мектебінде есепші қызметін атқарған. Соғыстағы ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Жұбайы Құрмаш екеуі екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірген. Әлжан Нұрманұлы 1972 жылы дүниеден өттi.


Наурзумский район




Нұрманов Әміржан

       1921 жылы 23 ақпанда Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1940 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, 520 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1944 жылы жараланып, әскер қатарынан босаған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұрманов Абайдолла

       1914 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қараторғай өзені жағасында туған. Әскерге 1941 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 23 АД құрамында қызмет еткен. Әскерден 1945 жылы босап, елге келген соң, колхоз басқармасы, совхозда бөлімше меңгерушісі болып еңбек демалысына шыққан. 1993 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұрманов Сарман

       1917 жылы қаңтар айында қазіргі Аманкелді ауданы, 1 Май ауылдық кеңесінде туған. Әскер қатарына 1941 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 227 АП құрамында мина іздейтін жауынгер болған, елге 1945 жылы келіп, еңбек демалысына шыққанға дейін шопан болып қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұрманов Шаймерден

       1919 жылы мамырдың 15-де қазіргі Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылында туған. Әскерге Қызылорда АӘК-нан алынып, 98 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1945 жылы әскер қатарынан босап елге келіп, көп жыл басты есеп қызметінде істеп, еңбек демалысына шыққан. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұрпейісов Әбдіхалық

       1920 жылдың сәуір айында Торғай ауданының Көкалат ауылында дүниеге келген. 1942 жылы армия қатарына шақырылған. Ленинград майданында ұрыстарға қатысқан, қоршауды бұзу ісіне араласқан. Атқыштар полкінің жауынгері ерліктің талай үлгісін көрсеткен. Қызыл Жұлдыз орденін алуы, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Праганы азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдары соның айғағы. Берлинге жете алмай, контузия алған. 1945 жылы елге оралды. Әбдіхалық ағамыз туғанынан өнерпаз, әнші, суырып салма ақын еді. Ұзақ жылдар бойы (12 жыл) мәдениет саласында істеді, республикалық өнерпаздар байқауының лауреаты, аудандық ақындар айтысының жүлдегері болды. 1957 жылдан бастап өмірінің соңғы сәтіне дейін аброймен сауда саласында істеді. Жұбайы Сара Ильясқызы екеуі 3 ұл, 1 қыз өсірді. Бұл күнде 11 немересі, сондай-ақ 11 шөбересі өсіп жатыр. Өзі 1972 жылы ұзаққа созылған аурудан Алматы қаласында дүниеден озды.


Джангельдинский район




Нұрпейісов Ахмет Бейсенбайұлы

       1926 жылы 11 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келді. 1944 жылы 22 қыркүйекте әскери комссариатқа шақырылған. Алғашқы ұрысқа 1945 жылы 29 сәуірде Кенигсберг қаласы жанында кірген. Содан 1945 жылдың 9 мамырға дейін 298 атқыштар полкінде жауға қарсы соғысады. Жеңістен кейін Германияның Балтық жағалауында күзет взводында әскери борышын өтеуге қалады. 1951 жылы елге оралады. «Варшаваны азат еткені үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен марапатталған. Жеңіс күнінде мерекелік медальдармен марапатталып отырған. Елге оралғаннан кейін Қостанай мен Урицкий аудандарында учаскелік инспекторы болып істейді. 1965 жылы Торғайда ішкі істер бөлімінде қызметін мінсіз атқарып, 1980 жылы еңбек демалысына шықты. 1967 жылы «Мінсіз қызметі үшін» медалімен наградталды. Майдангер, ішкі істер қызметінің майоры (запастағы) Нұрпейісов Ахмет Бейсенбайұлы 2003 жылы 10 қаңтарда дүниеден озды.


Джангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика