Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'Л' было найдено совпадений: 17843


Байгенжеұлы Сүндет

       Дәмді елді мекенінде 1924 жылы дүниеге келді. 1942 жылы Торғай әскері комиссариатының бұйырығымен қыркүйек айында әскер қатарына алынды. Тюмень, Чебоксары қалаларда, Волга өзені бойында жеті ай бойы әскери дайындықтан өткен соң, Украина майданы, 224-ші атқыштар полкінде, атқыштар қатарында жауға қарсы шайқасқа кірістік. Осындай шайқастардың бірінде аяғынан ауыр жараланды, бұл 1943 жылдың наурыз айы еді. Бір жыл госпитальда жатып шығып, қан майданға қайта кірді. Жеңіс туының желбірегенің ұрыс даласында көрді. 1947 жылы соғыстан туған жері, Дәмдіге оралды. Кейін бейбіт өмірдің енбегіне араласты. Тракторшы, малшы тағы басқа әр түрлі шаруашылықтарға араласты. Майдандағы ерліктері үшін Отан соғысы оденімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен, тағы 11 мерекелік медальдарымен марапатталды. Балзия екеуі алты бала тәрбиелеп өсірді, немере, шөбере сүйіп, осы күндері маңдай терінің зейнетін көріп отыр.


Наурзумский район




Байгинов Сейдагали

       Родился в 1900 году. Призван в декабре 1941 года Семиозерным РВК. Участвовал в боях в составе 501 стрелкового полка. По болезни проходил лечение в эвакуационном госпитале. Демобилизован 11. 03. 1943 года.


Аулиекольский район




Байдавлетов Рахмет

       1900 г. рождения. Призван в 1941 г. С сентября 1941 г. по 7 мая 1945 г. в 77 стрелковой дивизии 125 отд. мото-понт.батальон, Белорусский фронт. Воинское звание – рядовой. Демобилизован в 1945 г.


Костанайский район




Байдак Иван Алексеевич

       1923-1989гг. Р. в п. Веселый-Подол Урицкого р-на Кустанайской обл.. В армию призван Урицким РВК. Годы службы:1942-1945гг. Участник боев на различных ф-х в составе МП. Воинское звание – сер-нт, командир батареи 76-мм пушек. Образование – среднее. После демобилизации работал начальником Кустанайского отделения спецсвязи. Награжден медалью «За победу над Германией».


г.Костанай




Байдаков Айтжан Смағұлұлы

       1914 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жітіқара ауданының Берсуат ауылында дүниеге келген. Сұрапыл соғысқа 1941 жылы аттанып, соңына дейін қатысқан. 1945 жылы жарақаттанған. Туған елге 1946 жылы 21-ші мамырда оралған. Бұл кісі зейнетке шыққанша жүргізуші болып Шолақсай ауылында жұмыс істеген. 1950 жылы Науырзым ауылына көшіп келіп, сол жерде 30 жыл тұрады. 1988 жылы Дәмді ауылына көшіп келген. 1989 жылы қайтыс болған. Төрт ұл, төрт қыз, жиырма сегіз немере, жеті шөбересі бар. Майдандағы ерлігі орден, медальдармен марапатталған.


Наурзумский район




Байдалин Байбак

       Родился в 1925 году. Призван в 1943 году Семиозерным РВК. Участвовал в боях в составе в/ч. 321440. Ранен, проходил лечение в Казанском гарнизонном госпитале №361. Демобилизован 1. 12. 1943 года.


Аулиекольский район




Байдаулетов Сапабек

       1925 жылы 29 мамырда Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Жаңа ауыл ауылдық кеңесінің Байдаулет деген жерде дүниеге келген. Соғысқа 1942 жылы Ақтобе облысының Ырғыз аудандық комиссариатынан алынған. Бірінші ұрысқа Белорус майданының Волинск деген жерінде кіреді. Кейін Венгрия, Польша жерін неміс басқыншыларынан босатады. Әсіресе Варшава қаласын босату ұрыста көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз ордені берілді. Берлин қаласына кіретін негізгі қақпасы Брандербургтегі ұрыста «Берлинді алған үшін» медалімен марапатталды. Армия қатарында 1949 жылға дейін қызмет етеді. Өзінің туған жері Аманкелді ауданына 1955 жылы оралып, аудандық тұтынушылар одағының төрағасына дейін жоғарлайды. Сауда орындарындағы еңбектері бағаланып, «Қазақстанның үздік сауда қызметкері» белгісін, бірнеше мақтау грамоталарымен марапатталды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін 1994 жылы ауыр науқастан қайтыс болады. Жанұясында 1 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірген және немерелері бар ардагер.


Амангельдинский район




Байділдин Ғабдолла (Қабылда)

       1909 жылы Шилі өңірінде туған. Торғайда жеті жылдық білім алған. Елге белгілі азамат, жақын туысы Мақсұт Жоламанұлының бастауымен мұғалімдер курсын аяқтап, туған ауылында көп жыл оқытушы боп еңбек етті. Ұлы Отан соғысына қатысушы, Белоруссия, Украина жерлерін азат ету ұрыстарының дәл ортасында болды. Жауынгерлік медальдары бар. Соғыстан кейін елге келіп, әуелі мұғалімдік жұмыста, кейін ауылдағы мал дәрігерлік дәріхананың меңгерушісі болды. Жалғыз қызы Тұраш Қостанай ауданында тұрып жатыр. Үлгілі, инабатты отбасының ұйытқысы.


Джангельдинский район




Байділдин Қапар

       1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 07.1941 жылы Торғай АӘК-нан алынып, соғыста 999 әскери бөлім, 1771 АП құрамындағы 3 дербес АБ қатардағы жауынгер болған. Ленинград майданындағы ұрыстарға қатысып, жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Даңқ орденімен және 7 медальмен марапатталған. Әскерден 05.1945 жылы босаған, көп жыл бойы аудандық іші істер бөлімінде қызмет етіп, зейнеткерлікке шығып, 25.06.1998 жылы қайтыс болған. Жанұясында балалары мен немерелері бар.


Амангельдинский район




Байділдин Едрес

       1917 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 277 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік 7 медальмен марапатталған. Көп жыл бойы ұстаз, мектеп директоры болып жұмыс істеген. 1996 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика