![]() Тұяқбаев Райымбек 1907 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге шақырылғанға дейін колхозда жұмыс істеген. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, Шұбаркөл қаласында әскери дайындықтан өткеннен кейін 13 АД 147 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Украина, Белоруссия, Польша, Венгрия жерлерін жаудан азат ету ұрыстарына қатысқан. Жауынгерлік «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Будапешті алғаны үшін» және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Соғыстан елге келгеннен кейін аудан шаруашылығының әр саласында жұмыстар атқарған. Жанұясында 2 ұл, 1 қыз балалары мен 8 немерелері бар. 1987 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
![]() Тұяқов Рақымжан Ахметұлы 1924 жылы туған. 1942 жылдың тамызында Қызыл Әскер қатарына алынған. І Украин майданында, 30 Хасан полкінің құрамында болған. Соғысты Москва түбінен бастап, Белоруссия, Польша Германия жерлерінен өткен. Жеңісті Берлинде қарсы алған. 1945 жылдың сәуір соңында Берлинді баса-көктей өтіп, 150 шақырымдай жердегі Альтенграф қаласының маңындағы зауытындағы тұтқындарды азат еткен. Соғыстан кейін аман-сау елге, отбасына оралған. Федоров ауданында екі жыл жұмыс істеп, Науырзым ауданына қоныс аударып, «Көктал» совхозында құрылыста жұмыс істеген. Бірнеше орден-медальдармен марапатталған соғыс ардагері. Әйелi Қатима екеуi Қасымқан атты бiр бала тәрбиелеп өсiрген, одан 5 немересi және 7 шөбері сүйді. 2007 жылы 4 мамырда Қарамеңді ауылында дүние салды. Наурзумский район |
![]() Тәжекенов Мүсілім 1906 жылы 12 наурызда қазіргі Аманкелді ауданында дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына кеткен. Украин майданында атқыштар дивизия құрамында станковой пулеметчик болған. 1943 жылы Киев қаласының маңында екі ауыр жарақат алған, Ереван қаласындағы әскери госпитальда алты ай емделген. 1944 жылы наурыз айында ауыр жарақатының себебінен әскери борышынан босатылған. Сол жылы Қостанай қаласына оралып, осы қалада отбасын құрып, дүниеге екі қыз, үш ер бала әкелген. Притобольский совхозында зейнеткерлік демалысына дейін қызмет атқарған. 1994 жылы дүниеден кеткен. Наурзумский район |
![]() Тәшімбетов Жұмағали 1904 жылы қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Жаркөл ауылында туған. 1942 жылдың мамыр айында армия қатарына шақырылған. Сталинград майданында 971 атқыштар полкінде ұрыстарға қатысқан. 1942 жылдың 29 қыркүйегінде ауыр жараланып, эвакогоспитальге түскен. 1943 жылдың ақпан айында соғысқа жарамсыз деп тауып, елге оралған. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», сондай-ақ соғысқа қатнасушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарындағы мерекелік медальдардың барлығын да алған, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Соғыстан қайтып келісімен Сталин атындағы ұжымшарда мал бағуға кірісті. Ерен еңбегі бағаланып, «Еңбектегі ерлігі үшін» медаліне, Қазақ ССР-нің Құрмет грамотасына ие болды. Өмірде екі қыз, бір ұл өсірді, қазіргі күнде 16 немере, 22 шөбересі бар. Джангельдинский район |
![]() Төлегенов Хамит 1916 жылы 6 қарашада туған. Әскерге 1939 жылы 25 қарашада шақырылған. Финляндиямен болған соғысқа және Ұлы Отан соғысына қатысқан. Майданда 208 атқыштар полкінде взвод командирінің орынбасары болған, аға сержант атағынан старшинаға дейін көтерілген. Кенигсберг қаласын азат еткен. Берлинге жеткен. Елге соғыстан 1946 жылы 15 қарашада оралған. Меңдіқара педагогикалық училищесінде 1945-1948 жылдары сырттай оқыған. Нұрпейіс Байғанин атындағы Ақтөбе пединститутының тарих факультетін 1952-1955 жылдары бітірген. 45 жылдай ұстаздық қызмет атқарған. Соғыстағы ерлігі мен еңбектегі табыстары жоғары бағаланып, «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың, Жеңістің мерекелік медальдарымен, Отан соғысы орденімен және Ленин орденімен марапатталған. 1998 жылы 15 тамызда қайтыс болды, Жамбыл ауылы, Науырзым ауданында. Наурзумский район |
![]() Төлемісов Бисентай 1922 жылы Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы ақпанда Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 1943 жылдың қаңтарына дейін 126-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік төрт медалі бар, елге келіп қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Төленов Хамза 1919 жылы туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, Ленинград майданында 853 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Кейін 52 мин.полкте минер болған. Әскерден 1945 жылы босап, елге келіп, жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Төлеубаев Кәримолда Минзятұлы 1926 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №4 ауылда туған. Аманкелді орта мектебін бітіріп, 1943 жылдың шілде айынан бастап Аманкелді аудандық атқару комитетінде есепші, одан кейін аудандық жинақ кассасында нұсқаушы қызметін атқарды. 1944 жылдың қараша айында Қызыл Армиясы қатарына шақырылды. Отан соғысының ІІІ Белорусь майданында болып, Балтық жағалауын және Кенигсберг қаласын жаудан азат етеді. 1945 жылдың наурыз айында Польшаның Швейднец қаласында Онел-Одерская операциясына қатынасады. 1946-1947 жылдары 36 авиатехникалық полкте қызмет етеді. 1949 жылы елге оралады. Аманкелді аудандық партия және Совет атқару комитеттерінде нұсқаушы, Арқалық ауданы Қайынды орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Қайынды», «Алуа» совхоздарында партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1988 жылы зейнеткерлікке шықты. Әйелі Қатшекен Жапбасбайқызы екеуі тоғыз бала тәрбиелеп өсірді. Олардан 24 немере сүйді. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен бейбіт замандағы ерен еңбегі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. 1992 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
![]() Төлеуов Абдіхамит 1923 жылы 10 қазан айында Аманкелді ауданына қарасты Жаңа ауыл деген жерде туған. Сол жердегі орталау мектептен білім алған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатынасады. Қызыл тулы 254-ші танк дивизиясының құрамындағы 149 танк бригадасында атқыш болады. Калинин және Прибалтика майдандарында болған ауыр шайқастарға қатынасады. Жау танкілермен 14 рет бетпе-бет кездеседі, Великие Луки қаласын неміс басқыншыларынан азат етеді. Осы ұрыстардағы ерліктері үшін «Ерлігі үшін» медальімен марапатталады. Рига қаласын немістерден азат ету ұрысында қатты жараланып, дала ауруханасына түседі. Онда жатып емделіп шыққаннан кейін дивизия штабының қарамағына алынып, осы дивизиямен Берлин қаласына дейін барады. Армия қатарынан 1946 жылы босап елге оралады. А.Иманов, «Қарасу» совхоздарында есеп жұмыстарын атқарып, 1950 жылы аудандық халық сотына хатшылыққа ауысады. 1952 жылдан аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет істеп, майор шенімен зейнеткерлікке шығады. 2000 жылдың қазан айында қайтыс болады. Амангельдинский район |
![]() Төлешов Хамит 1915 жылы 15 ақпанда қазіргі Жангелдин ауданында, Жаркөл ауылында туған. 1940 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста Сталинград майданында 106 кав.полкте жауынгер болған. Әскерден 1945 жылы босаған, көп жыл бойы Аманкелді ауданындағы әуежайда жұмыс істеп, еңбек демалысына шыққан.1970 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |