![]() Нұрлыбеков Ғапбас 1912 жылы 14 мамырда қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Шынсай ауылында туған. Әскер қатарына алынғанға дейін Кеңтүбекте колхозшы болған. 1942 жылы майданға аттанды. Ленинград майданынын 2-ші Армиясы, 86 атқыштар дивизиясы, 330 полк, 2 батальон, 1 рота құрамында автоматшы, барлаушы болған. Эстонияны азат етуге қатынасқан. Соғыстағы ерлігі үшін І және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ленинградты қорғағаны үшін» және көптеген мерекелік медальдармен марапатталған. Елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанша мал шаруашылығында еңбек еткен. 1986 жылы қайтыс болды. |
![]() Нұрманов Әлжан Торғай уезі, Бетпаққара болысының № 12 ауылында 1917 жылы дүниеге келген. 1941 жылы әскер қатарына шақырылды. Майдан шебінде жүріп 1942 жылы Тамбов қаласының түбінде қатты жараланып, госпитальда емделеді, соғысқа жарамсыз болып босатылған. Елге оралған соң өз ауылында қызмет еткен. 1944 жылдан мал дәрігері болған, одан кейін Мереке орта мектебінде есепші қызметін атқарған. Соғыстағы ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Жұбайы Құрмаш екеуі екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірген. Әлжан Нұрманұлы 1972 жылы дүниеден өттi. Наурзумский район |
![]() Нұрманов Абайдолла 1914 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қараторғай өзені жағасында туған. Әскерге 1941 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 23 АД құрамында қызмет еткен. Әскерден 1945 жылы босап, елге келген соң, колхоз басқармасы, совхозда бөлімше меңгерушісі болып еңбек демалысына шыққан. 1993 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Нұрпейісов Әбдіхалық 1920 жылдың сәуір айында Торғай ауданының Көкалат ауылында дүниеге келген. 1942 жылы армия қатарына шақырылған. Ленинград майданында ұрыстарға қатысқан, қоршауды бұзу ісіне араласқан. Атқыштар полкінің жауынгері ерліктің талай үлгісін көрсеткен. Қызыл Жұлдыз орденін алуы, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Праганы азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдары соның айғағы. Берлинге жете алмай, контузия алған. 1945 жылы елге оралды. Әбдіхалық ағамыз туғанынан өнерпаз, әнші, суырып салма ақын еді. Ұзақ жылдар бойы (12 жыл) мәдениет саласында істеді, республикалық өнерпаздар байқауының лауреаты, аудандық ақындар айтысының жүлдегері болды. 1957 жылдан бастап өмірінің соңғы сәтіне дейін аброймен сауда саласында істеді. Жұбайы Сара Ильясқызы екеуі 3 ұл, 1 қыз өсірді. Бұл күнде 11 немересі, сондай-ақ 11 шөбересі өсіп жатыр. Өзі 1972 жылы ұзаққа созылған аурудан Алматы қаласында дүниеден озды. Джангельдинский район |
![]() Нұрпейісов Ахмет Бейсенбайұлы 1926 жылы 11 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келді. 1944 жылы 22 қыркүйекте әскери комссариатқа шақырылған. Алғашқы ұрысқа 1945 жылы 29 сәуірде Кенигсберг қаласы жанында кірген. Содан 1945 жылдың 9 мамырға дейін 298 атқыштар полкінде жауға қарсы соғысады. Жеңістен кейін Германияның Балтық жағалауында күзет взводында әскери борышын өтеуге қалады. 1951 жылы елге оралады. «Варшаваны азат еткені үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен марапатталған. Жеңіс күнінде мерекелік медальдармен марапатталып отырған. Елге оралғаннан кейін Қостанай мен Урицкий аудандарында учаскелік инспекторы болып істейді. 1965 жылы Торғайда ішкі істер бөлімінде қызметін мінсіз атқарып, 1980 жылы еңбек демалысына шықты. 1967 жылы «Мінсіз қызметі үшін» медалімен наградталды. Майдангер, ішкі істер қызметінің майоры (запастағы) Нұрпейісов Ахмет Бейсенбайұлы 2003 жылы 10 қаңтарда дүниеден озды. Джангельдинский район |
![]() Нұрсеитов Камел 1925 жылы Әулиекөл ауданында туған. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Челябi облысының Шұбаркөл жерiнде алты ай арнаулы әскери дайындықтан өтедi, сол жерден 1943 жылы соғысқа аттанады. II Беларус фронтында шайқасып, көптеген жерлердi сыртқы жаудан азат еттi. Соғыстағы ерлiк iстерi үшiн Қызыл Ту орденiмен, «Варшаваны азат еткенi үшiн», «Берлиндi алғаны үшiн», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн» медальдарымен және бiрнеше мерекелiк медальдармен марапатталған. 1948 жылға дейiн Германияда әскери қызметiн жалғастырады. Елге аман-сау оралып, Әулиекөл ауданының Аманқарағай элеваторында койма меңгерушiсi болып еңбекке араласады. Семья құрып, жұбайы екеуi 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсiредi. 1951 жылы Мырзакөл совхозынан «Соснов» совхозының №2 Шолаққопа бөлiмшесiне механизатор болып келедi. Еңбегі бағаланып, «Тың жерлердi игергені үшін» медалiмен марапатталды. 1976 жылы ақпан айында өмiрден өттi. Наурзумский район |
![]() Нұртаев Жарылғасын 1898 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Албарбөгет округінде маусым айында дүниеге келген. 1942 жылы 1 мамырда Қызыл әскер қатарына шақырылған. Шұбаркөлде 2 ай әскери дайындықтан өтіп, майданға аттанды. 82-ші дивизия, 81-ші полкте пулеметчик болған. 1944 жылдың 15 қаңтарына дейін Ленинград қоршауында болған. Қоршауда көрсеткен ерлігі үшін «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған. 1944 жылдың 8 ақпанында Нарва қаласы үшін ұрыста ауыр жараланып, госпитальға түскен. 1945 жылы ауылға жеңіспен оралып, балаларының қызығын көріп, 1990 жылы дүниеден озды. Екі баласынан 7 немересі бар. Нұртаев Жарылғасын Амангелді атындағы ұжымшардың, кейін «Еңбек» кеңшарының жылқы түлегін өсіріп, көбейтуге көп еңбек сіңірген кісі. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің мерекелік медаль-белгілерімен марапатталған. Бейбіт күнде алған «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі бар. Джангельдинский район |
![]() Нұрфазылов Молдагүл 1905 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанды. 48 Армия, 217 дивизия, 755 полк, 2 батальон, 3 взвод құрамында болып, Польша, Белоруссия елдерін, Смоленск қаласын азат етуге қатынасып, Германияға дейін барады. Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен наградталған. Елге келген соң мал шаруашылығында еңбек етеді. 1986 жылы қайтыс болды. Джангельдинский район |
![]() Набиулин Абдула Хабибулович Родился 15 сентября 1926 года в Татарской АССР, Билярский район. В армию призвали в июне 1944 года. Воевал на Украинском фронте в составе 333 стрелковой дивизии минометчиком. После войны с июня 1945 года по июнь 1950 года служил в воинской части. Как участник войны имеет четыре медали в честь юбилея Победы. С 1954 года работает штукатуром-маляром Урицкой ПМК-1304 до ухода на пенсию в 1988 году. Трудовые награды: орден Трудового Красного Знамени, медали «За доблестный труд», «Ветеран труда», «За освоение целинных земель». Вместе с женой воспитали 3 сына и дочь, 9 внуков. В настоящее время живет в поселке Сарыколь.
Сарыкольский район |
![]() Набок Михаил Денисович Уроженец села Березовка Полтавской области, родился в 1891 году. До войны жил и работал конюхом в селе Сторожиловка Пешковского района Кустанайской области. Имел семью, воспитывал детей. Но все рухнуло в одночасье, когда прозвучало это страшное слово "война". 24 марта 1942 года мобилизован на фронт. Участвовал в Великой Отечественной войне до победного мая 1945 года. Демобилизован 15 августа 1945 года. Вернулся домой, продолжал трудиться в колхозе Старожиловка конюхом. Умер в 1966 году.
Федоровский район |