Үркімбаев Құлатай Мырзаболатұлы 1926 жылы Шолақсай өңiрiнде туған. 1944 жылы қараша айында майданға аттанды. Ұрыста ерлiгiмен көзге түскен. Әскери дайындықты шебер меңгерген. 36 рет соғыста алғыс алған, орден-медальдармен марапатталған, үздiк артиллерист. 1950 жылы елге оралды. Зейнеткерлiкке шыққанша ауылда еңбек еттi. Үйленген, артында балалары мен немерелерi қалды. Наурзумский район |
Әбдіқадыров Әбдібек 1924 жылы Қостанай облысының, Аманкелді ауданында Тасты деген жерде туған. Аудан орталығында орта мектепте оқып жүргенде 1941 жылы соғыс басталып, Қызыл Армия қатарына алынады. Әскери дайындықтан өтіп, Украина майданындағы 383 атқыштар, соңынан 896 атқыштар полкі құрамында соғысады, Венгрия, Австрия, Чехословакия жерлерін немістерден азат етуге қатысады. Соғыста 2 рет жараланып, госпитальда емделіп, соғысқа қайта кіріседі. Майдангер елге оралған соң Амантоғай совхозында есепші, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Жданов атындағы колхоздың басқармасы, Жангелдин атындағы колхоздың басқарма орынбасары, кейін совхоздар құрылғанда бөлімше меңгерушісі болып, зейнеткерлікке шыққанша жұмыс істейді. «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», және мерекелік медальдармен марапатталған. 11 қараша 1974 жылы қайтыс болды. Артында 4 балалары мен немерелері бар. Амангельдинский район |
Әбдірахман Жәкіш (Шаћмардан) Қазіргі Жангелдин ауданына қарасты Шилі ауылында 1924 жылы дүниеге келген. 1942 жылы соғысқа аттанып, Калинин мен Ленинград майданындағы ұрыстарға қатынасқан. Валдай, Старая Русса, Дно, Псков қалаларын, сондай-ақ Балтық жағалауында соғысып Эстония, Латвия, Литва елдерін жаудан азат етуге үлес қосқан. Кеңес Армиясы қатарында 7 жыл қызмет атқарып, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және 9 медальмен марапатталған. 1949 жылы наурыз айында елге оралады. 1949-1963 жылдар аралығында аудандық тұтынушылар одағында тексеруші (ревизор), 1963-1988 жылдар аралығында аудандық қаржы бөлімінде бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушысы, тексерушісі (ревизор). 1988 жылы зейнетке шықты. Табиғат берген дарынының арқасында Жәкең тамаша суретші болатын. Ауданның қоғамдық, мәдени өміріне белсене араласты. Көркемөнепаздар спектакльдерінің декорациясын алғаш жасап беруші еді. Отбасында 8 бала тәрбиелеп өсірді. 1993 жылы 25 мамырда қайтыс болды. Джангельдинский район |
Әбдіров Төкен 1918 жылдың 23 ақпанында қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, Сталинград майданында 38 АП құрамында қатардағы жауынгер. 1942 жылы жаралы болып елге оралған. Көп жыл колхоз, совхоздарда есепші болып зейнеткерлікке шыққан. 1987 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әбдрахманов Боз 1914 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қабырға ауылында туған. 11.1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 580 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 12.1943 жылы Ленинград облысы, Тенна деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Жауынгерлік 3 медальмен марапатталған. Крупская атындағы кеңшарда жұмыс істеп, зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әбілқасымов Жағыпар 1913 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Үрпек ауылында туған. Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 1945 жылдың желтоқсанына дейін қатардағы жауынгер, 481 артполк құрамында болған. Ерлігі үшін 3 медальмен марапатталған. Елге келген соң, көп жыл бойы шопан болып жұмыс істеп қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әбілдин Мырзалым 1920 жылы Жангелдин ауданы Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. Орта мектепті Торғайда, кейін Омбы қаласындағы мектеп-интернатта оқыған. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан Ұлы Отан соғысына аттанған. Соғыстан 1946 жылы, Қиыр Шығыстағы жапондықтармен болған шайқастан кейін елге оралған. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медалдарымен, соғыстан кейін Отан соғысы орденімен, көптеген даталы медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін мамандығы бойынша жұмыс атқарады. Мамандығы мұғалім, Ақтөбе педагогикалық училищесін тәмамдаған. Еңбек жолын 1946 жылдан бастап, еңбек демалысына шыққанға дейін 37 жыл бойы Жангелдин ауданының бірталай мектептерінде мұғалім болып қызмет атқарған. «Халық ағарту қызметінің озаты» атағын иеленген. Зайыбы Шоқпарқызы Қаныммен бірге жанұяда 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген. Балаларынан 15 немере, 8 шөбере көрген. Мырзалым ата зайыбы Қаным екеуі 55 жыл отасып, Қаным әже 2002 жылдың қараша айында, Мырзалым ата 2003 жылдың наурыз айында дүниеден өтті. Джангельдинский район |
Әбілдинов Тұрсынбек Қозыкеұлы 1925 жылы 25 желтоқсанда Торғай ауданының Шұбалаң ауылында туған. 1943 жылдың қаңтарында Жітіқара ауданында 9 сыныпта оқып жүргенде әскер қатарына алынған, Орал әскери округінің 3 атты әскер полкінің 6 дивизионында барлаушы болған. 1944 жылдың мамырынан тамызға дейін Орал әскери округінің 4 екпінді армиясының жеке барлаушылар ротасында жауынгер. Кейін Прибалтика майданы қарамағында, 332 дивизияның 1119 атқыштар полкінде барлаушы. Соғыстан кейін Глухово қаласындағы өздігінен жүретін артиллерия училищесінде курсант. 1947-1949 жылдар аралығында әскер қатарынан босағанға дейін 738 танкілерді сақтау артиллерия базасында танк командирі. Армиядан келген соң жартыжылдай аудандық әскери комиссариатта іс жүргізуші боп істеді. 1950 жылдан бастап аупартком хатшысының көмекшісі, аудандық спорт комитетінің төрағасы, аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінде аға инспектор боп істеді. 1960 жылдың тамызынан 1963 жылғы шілдеге дейін «Южный» кеңшарында кәсіподақ комитетінің төрағасы боп ауылшаруашылығына араласты. 1963 тен зейнетақыға шыққан. Майдандағы ерен ерлігі Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен және соғыстан кейінгі мерекелік медальдармен белгіленген. Отбасында 3 ұл, 2 қыз өсірген. Джангельдинский район |
Әбілтаев Әбдікәрім 1921 жылы Аманкелді ауданы №8 ауылда туған. 1929-1935 жылы Семиозер ауданындағы балалар үйінде тәрбиеленген. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 46 гв. АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Лениград қаласын қорғауға қатысып, 23.02.1943 жылы жараланып Киров қаласындағы госпитальда емделіп елге оралған. Колхозда есепші, сатушы болып жұмыс істеп, 1976 жылы зейнеткерлікке шыққан. Жауынгерлік 4 медальмен марапатталған. 1996 жылы қайтыс болған. Артында ұл, қыздары мен немерелері бар. Амангельдинский район |
Әбілтаев Әлшора 1924 жылдың тамыз айында Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында туған. Аманкелді аудандық әскери комиссариаты арқылы 1942 жылы әскер қатарына алынды. 1943 жылы ауыр жараланып, елге оралады. 1943-1947 жылдары Аманкелді ауданының «Жданов» колхозында колхозшы болды. 1948-1969 жылдары Қостанай облысы, Әулиекөл ауданына қарасты «Жаныспай» станциясында жол бақылаушы жұмысын атқарды. 1969 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |