Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'в' было найдено совпадений: 25205


Қазиханов Шәкір

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскер қатарына 1940 жылы шілде айында Торғай АӘК-нан шақырылып, 33 АД, 73 АП қатардағы жауынгер болған. Соғыста Калининград майданында болып, Холм қаласы үшін болған ұрыста жараланып, 1944 жылы елге оралған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қазыбаев Сейден

       1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Құмкешу ауылында туған. 1942 жылы мамырда Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 156 жеке атқыштар батальонында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы тамыз айында Смоленск облысының Захарово деревнясы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Көп жыл бойы колхоз, совхозда жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қайралапов Абдухамит

       1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1943 жылы Қостанай ҚӘК-нан әскерге алынып, 18 және 676 АП қатардағы жауынгер болып соғысқа қатынасқан. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, көлік жүргізуші болып, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қайралапов Сәмен

       Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста Ленинград майданында 146 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келіп, аудан шаруашылықтарында жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қайырбеков Төлеубай

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1941 жылы шақырылып, 731 АП қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1946 жылы босап елге келген соң, колхоз, совхоздарда жұмыскер болып, зейнеткерлікке шыққаннан кейін қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қалашов Жұмағали

       1914 жылы Торғай уезінің қазіргі Шеген аулында өмірге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанда Торғайда 9 сынып бітіріп, өз ауылында бастауыш мектеп мұғалімі боп істеген. 1942 жылы армияға алынып, Шұбаркөлде дайындықтан өтіп, Сталинград майданында ұрыстарға қатысқан. Солтүстік Кавказ аумағында арқасынан жараланып, 1944 жылы елге қайтарылған. 1946 жылы үйленген, жұбайы Зияда Шаяхметқызы екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді, 11 немерелері бар. Әуелі Алғабас бастауыш мектебінде, кейін Шұбаланда мектеп меңгерушісі боп істеді. Сырттай оқып Мендіқара педучилищесін бітірген еді. 1972 жылы дүниеден өткенге дейін туған ауылы - «Торғай» кеңшарында ұстаздық етті. Отан соғысына қатынасушы ретінде Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің айтулы жылдарында мерекелік медаль-белгілермен атап өтілді. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» мерекелік медалімен марапатталған.


Джангельдинский район




Қалиев Балғожа

       1911 жылы Торғай уезінің Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. Сауатын САУЖОЙ мектебінде ашқан. Соғысқа дейін әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда малшы боп істеген. Әскерге 1942 жылы ақпан айында алынып, Калининград майданында, Прибалтиканы азат етуге қатынасқан. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін «Ерлігі үшін» медальмен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Ұлы Отан соғысы қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен үнемі аталып отырды. 1994 жылы өмірден озды. Артында 1 қызы, 5 жиені қалды. Бейбіт уақытта КПСС ХХІ съезі атындағы кеңшардың озат шопаны болып, аудандық, облыстық деңгейде талай алғыс – мақтауға ие болды. «Еңбек ардагері» медалінің иегері.


Джангельдинский район




Қалиев Жүніс

       1906 жылы Торғай уезі, Тосын болысының Қаракөл ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған. 1942 жылы мамырда майданға аттанды, 1942-1943 жылдары 1124 атқыштар полкінде соғысты. 1943 жылы 23 қарашада ауыр жараланып госпитальға түседі. Ерлігі үшін ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады. Әскери-медициналық комиссияның қорытындысымен 1945 жылы елге оралады. Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, сондай-ақ Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілеріне ие болды. Ұзақ жылғы кеңшарда мінсіз қызметі үшін «Еңбек ардагері» медалімен де аталып өтілген. Өзі 1984 жылы дүниеден озды. Артында 1 баласы, 5 немересі бар.


Джангельдинский район




Қалиев Жұмағазы

       Қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Ақшығанақ ауылында 1923 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Торғай әскери комиссариаты 1942 жылы 15 наурызда әскерге шақырған. Шұбаркөлде дайындықтан өткен соң, Сталинград шайқасына қатынасады, 88 атқыштар полкінде жаумен ұрыста болады. 1943 жылы 14 қазанда жараланып, госпитальға түседі. Ұрыс қимылдарына қатыса алмайтын болған соң, елге қайтарылған. Онда ұжымшарда мал бағады. 1944 жылы қарашада шаңырақ көтереді. Сол жылдан бастап ұжымшар, кеңшарда жылқы бағып, 1979 жылы зейнеткерлікке шығады. Бүгінгі таңда 5 бала, 8 немере, 1 шөбере көріп отыр. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің айтулы күндерінде мерекелік медаль-белгілерімен марапатталған. Бұл күнде Арқалық қаласында тұрады.


Джангельдинский район




Қалиев Жұмағазы

       1923 жылы Қостанай облысы, Жангельдин ауданы, Тосын ауылында туды. Әскерге 1942 жылы Жангельдин аудандық комиссариаты арқылы алынып, Сталинград майданында, 88-атқыштар полкінде снайпер болды. 1943 жылы ауыр жараланып, елге оралды. Жангельдин ауданының «Ақшығанақ» колхозы, кейін ХХІ партъезд совхозында аға жылқышы болып істеді. 1986 жылы зейнеткерлікке шықты. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және 11 мерекелік медальдармен марапатталған. Қазір Арқалық қаласы, Родина елді мекенінде тұрады.


Джангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика