![]() Әміров Әбдіғамал 1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан алынып, 01.1942-1943 жылдар аралығында 119 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Елге І топтағы мүгедек болып оралған. Жауынгерлік 3 медальмен марапатталған. Елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанға дейін есеп жұмысында істеген. 1985 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Әміров Әбіл 1912 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін өзінің қатарынан өжеттігімен, алғырлығымен көзге түскен. Жаңа ұйымдасып жатқан серіктестіктер ісіне араласады. Кейін шағын ұжымшарлардың біріне басшы да болған. 1941 жылы күзде әскерге шақырылып, Шұбаркөлдегі дайындықтан өтіп, Мәскеуді қорғауға, кейін Ленинград қоршауын бұзуға қатысқан. Соғыстағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», жеңістің мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан 1945 жылы елге келіп, ауданды алдымен колхоз мекемесіне бастық болған. Ауданда өртке қарсы күрес мекемесінің алғаш басқарушылардың бірі. Аудан басшылары оған басқаруды сеніп тапсырған болатын. Біраз уақыт Албарбөгет жұмысшы кооперациясына да бастық болды. Жұбайы Ақбөкен екеуі 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Қазір 13 немере, 20 шөбересі бар. 1976 жылы Әбіл Әміров дүниеден өтті. Кемшлікке төзбейтін, қиындықтан қорықпайтын жан еді. Джангельдинский район |
![]() Әмірхамзин Ғабдол-Ғазез 1912 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы Жалдама бойында туған. 1924-1930 жылдары Аманкелді орта мектебінде оқыған. 1936 жылы Жасбуын орта мктебінде мұғалім болып істеген. 1939 жылы армия қатарына алынған. Финн және Ұлы Отан соғыстарына қатынасқан. «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалінің, Қызыл Жұлдыз орденінің, бірнеше мерекелік медальдардың иегері. 1946-1972 жылдары аралығында Жаңа-тұрмыс, Үрпек ауылдарында мұғалім болып жұмыс істеген. 1972 жылы зейнеткерлікке шығып, 1999 жылы 87 жасында қайтыс болған. Артында 4 баласы, 13 немересі бар. Амангельдинский район |
![]() Әмірхамзин Ғабдол-Ысқақ 1923 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы Жалдама бойында туған. 1930-1936 жылдары Аманкелді орта мектебінде оқыған. 1941 жылы армия қатарына алынып, 1942 жылы денсаулығына байланысты армия қатарынан босап, елге оралған. Сол жылдардан бастап елде есепші мамандығы бойынша жұмыс істеген. 1964 жылы А.Иманов атындағы совхоздың, Ағаштыкөл бөлімшесінде есепші қызметін атқарған. 1967-1983 жылдары Бордақылау совхозында есепші болып жұмыс істеген. 1983 жылы зейнеткерлікке шығып, 1991 жылы 68 жасында қайтыс болған. Әмірхамзин Ғабдол-Ысқақпен зайыбы Сұлтанбекова Мағрипаның артында 2 баласымен, 8 немересі бар. Амангельдинский район |
![]() Әмірхамзин Насыр 1926 жылы Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 04.1944-05.1945 жылдары 2 Армияның 298 АП құрамында қызмет еткен. Елге келген соң, көп жыл бойы бала оқытып, зейнеткерлікке шыққан. Қайтыс болған, жауынгерлік 4-медальмен марапатталған. Амангельдинский район |
![]() Әндіров Сәтмағанбет 1926 жылы қараша айының 20 күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты №6 ауылда туған. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, ІІІ Белоруссия майданында 345-ші гвардиялық полкінің 24-ші атқыштар батальонның қатарында неміс басқыншыларына қарсы ұрыстарға қатысады. Кейін 23-ші танк бригадасында радиоторабын басқарады. Шығыс Пруссияны азат ету және Кенигсберг қаласын қоршау ұрыстарына қатысып, байланыс жүйесін мүлтіксіз атқарып, жоғары орындарынан бірнеше алғыстар алады. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» және жеңістің мерекелік 6 медалімен марапатталады. 1945 жылдың шілдесінде әскер қатарынан босап, елге келеді. 1946-1951 жалдары аудан орталығындағы радиоторабын, аудандағы ауа райын бақылайтын мекемесін басқарады. Кейін аудандық байланыс торабы бастығының орынбасары, селолық әкімшіліктің төрағасы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шығады. «Тың жерлерді игергені үшін» медальмен марапатталған. Жанұясында 4 ұлы, 2 қызы, 20 немересі, 2 шөбересі бар. 1982 жылы қайтыс болады. Амангельдинский район |
![]() Әуезбаев Ақзамиден 1907 жылы Торғай уезінің Албарбөгет болысында туған. Шала сауатты, ауыл молласынан дәріс алған. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек етті. 1941 жылы ақпанда әскерге Торғайда алынған. Ленинград майданында ұрыстарға қатынасқан. Соғыста жаралы болып, контузия алып елге оралған. Келгеннен бастап әуелі ұжымшарда, кейіннен «Албарбөгет» кеңшарында шопан болды. 1967 жылы зейнетке шықты. 1981 жылы дүниеден өтті. Артында 9 баласы, бірнеше немерелері мен шөберелері бар. Өте діндар, имандылыққа елді шақыратын тақуа ақсақал еді. Джангельдинский район |
![]() Әшіров Әбдікамал 1918 жылы Қайдауыл болысы «Ағашты көл» ауылында туған /Аманкелді ауданы/ Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, Ленинград майданында 511 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1944 жылы жараланып, 1 топ мүгедегі болып елге оралған. Жанұясында ұл, қыздары мен немерелері бар. 1995 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Өмірқұлов Қайыр 1917 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы тамыз айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 382 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1944 жылы Ленинград түбінде жараланып елге оралған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Өмірбеков Шайкен 1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Бисары ауылында туған. 1940 жылы әскерге Торғай АӘК-нан алынып, соғыста 116 АД, 14-ші арт.полкте зеңбірек көздеткіші болған. Әскерден 1946 жылы босап, елге келіп, малшы болып жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |