Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'А' было найдено совпадений: 24120


Қамитбеков Ғалым

       Торғай өңірінің Аменгелді ауданына қарасты шалғайда жатқан Мұқыр ауылында 1922 жылдың 1 тамызында тұған. Өсе келе, ауыл мектебінің табалдырығынан аттап, сегізінші сыныпты бітірді. Осылай қалыптасып келе жатқан бейбіт өмірді қиыр батыстағы бұрқ ете қалған соғытың жалыны шарпып өтті. Жасы 19-ға енді толған ол, өзімен тетелес жастармен бірге армия қатарына алынды. Сегіз айлық әскери дайындықтан өттіп, Украина жеріндегі қиян-кескі ұрысқа қатысады. Соғыста екі жылдай болады. Курскі түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, госпитальге түседі, есінен айырылып ұзақ жатады. Бірнеше ай емделіп, екінші топтағы мүгедектігін алып, еліне қайтады. Соғыстан кейінгі өмірі оқу-ағарту саласымен тығыз байланысты болды. Мендіқара қазақ педагогикалық училищесіне 1947 жылы түсіп, төрт жылдан кейін толық курсын бітіріп шықты. Кейін Ақтобедегі мұғалімдер институтында сырттай оқыды. Өз мамандығымен 40 жыл жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Бұл күндері Ғалым ағай мен сүйікті жары Нұржамал апай жеті бала тәрбелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, немерелі-шөберелі болған бақытты жанұяның абзал жандары.


Костанайский район




Қамитбеков Ғалым

       1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданының Қайғы ауылында туған. Әскерге 1942 жылы ақпанда Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 520-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік төрт медальмен марапатталған. Әскерден келген соң, «Степняк» совхозында жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қанапин Қожа

       1910 жылы Торғай өңірінің Тамқамыс деген жерде дүниеге келген. 1935 жылдан шофер мамандығын алып, сол тұста аудандық тұтынушылар одағында Құлет, Тайғара, Құбаш төртеуі Торғайдың машина рөліне алғашқы отырған азаматтары болды. Содан 1941 жылы қазан айында Ұлы Отан соғысына аттанды. Балтық майданында соғысты, Ленинград, Кенигсберг қалаларын жаудан азат етті. Бірнеше рет жараланды. 1946 жылы елге оралды. Бұрынғы кәсібінде еңбек еткен, барлығы ғұмырының 75 жасқа дейін машина рөлінен қол үзген жоқ. Аудандық коммуналдық шаруашылық, редакцияда т.б. мекемелерде жемісті еңбек етіп құрметке бөленді. Қожа ақсақалдың кіндігінен бір қызы бар, немерелерімен шөберелері осы Торғайда. «Лениградты азат еткені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» және Жеңістің медальдарымен марапатталған. Соғыс және еңбек ардагері 1995 жылы ауыр науқастан дүниеден озды.


Джангельдинский район




Қанафин Сұлтанбек

       1922 жылы бұрынғы Торғай уезі, Қараторғай болысы, Үрпек ауылында туған. 1941 жылы қазан айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 219 АП құрамында Украина майданында қатардағы жауынгер болған. Әскер қатарынан 1945 жылы мамыр айында босап, елге оралған. Жауынгерлік ерлігі үшін І дірежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ жеңістен кейінгі мерекелік медальдары бар. Осы ауданның А.Иманов атындағы совхозында әр салада жұмыстар істеген. Жаұясында ұл, қыздары мен немерелері бар. 1995 жылдың желтоқсан айында қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қанафин Сейтқасым

       1922 жылы Аманкелді ауданы, Қабырға деген жерде туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1942 жылы ақпан айында шақырылып, соғыста 525 АП құрамында қатардағы жауынгер болған.Әскер қатарынан 1945 жылдың мамыр айында босаған, Крупская атындағы совхозда шопан болып жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қапақов Назар

       1923 жылы Шұбалаң ауылында өмірге келген. 1942 жылы наурыз айында әскерге алынып, 1945 жылдың желтоқсанына дейін майданда болды. Үшінші армияның бөлімінде байланысшы міндетін атқарды. Польша, Чехословакия елдерін азат етуге қатысып, Берлинге дейін жеткен. Екі рет жарақат алған. «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Елге оралды. Ұжымшарда есепшілік, кейін мал бордақылау кеңшарында кадр бөлімін басқарды. Өте кішіпейіл, өнерпаз күйші, әулеті елге сыйлы болатын. Ұрпақтары Астана, Арқалық, Торғай қалаларында тұрып, үлгілі еңбек етуде.


Джангельдинский район




Қарғин Сайділда

       1920 жылы наурыз айының 5-ші жұлдызында Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №1 ауылдық кеңеске қарасты Байғабыл деген жерінде дүниеге келген. Сол жердегі бастауыш мектепте оқып білім алған. Соғысқа алынғанға дейін әуелде серіктестікте, кейін Калинин колхозында жұмыс істеген. 1942 жылы әскер қатарына алынып, 210-шы моторлы атқыштар полкі құрамында жау әскерімен ұрысқа кіріседі, барлаушы жауынгер болған. Соғыстағы ерлігі «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен 1943 жылдың басында белгіленген. Әскер қатарынан 1948 жылдың 29 ақпан айында ғана елге оралды. Колхоз, совхоз жұмысына белсене араласып, мал бағады. Соғыстан кейінгі мерекелік медальдары бар. 1972 жылы қайтыс болады. Жанұясында 5 ұл, 1 қыз және немере-шөберелері бар.


Амангельдинский район




Қарағұлов Ерден

       1925 жылы Аманкелді ауданында туған. 1943 жылдың наурыз айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 884 АП құрамында қатардағы жауынгер болып соғысқа қатынасып, әскер қатарынан Кировоград қаласы үшін болған ұрыста жараланып елге оралған.


Амангельдинский район




Қарақұлов Ағытай

       1921 жылы Амакелді ауданы, №10 Жаңақоныс ауылдық кеңесіне қарасты Құмкешу ауылында туған. 06.1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 226-шы мин.полкінде бөлімше командирі болған. Әскери атағы аға сержант. Жауынгерлік Даңқ, Отан соғысы ордендерімен және бірнеше медальдармен марпатталған. Әскерден 05.1945 жылы босаған. Қайтыс болған.Жанұясында ұл, қыздары мен немерелі бар.


Амангельдинский район




Қарин Нұржаубай

       1918 жылдың 10 шілдеде қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді селосында туған. 1942 жылдың қараша айының 23-ші күні Торғай әскери комиссариатынан армия қатарына шақырылып, 312 атқыштар полкінің құрамында қатардағы жауынгер болып алғашқы рет бірінші Белоруссия майданында соғысқа кіреді. 1943 жылдың 22 тамыз айында жараланып, Қазан қаласындағы №3657 госпитальда емделіп, соғысқа қайта кіріседі. Армия қатарынан 1945 жылы оралады. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері бағаланып, Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» тағы басқа соғыстан кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Жанұясында ұл, қыздары, немере-шөберелері өрбіген жан. Елге келгеннен кейін Аманкелді ауданындағы «Коммунизм жолы» совхозында зейнеткерлікке шыққанға дейін қой бағып жұмыс істеген. 1981 жылы қайтыс болды.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика