Әбеуов Ғабдолла Ғабділкәкімұлы 1922 жылы Шилі өңірінде туған. Шилі жетіжылдық мектебінде мұғалім боп жұмыс істеген. Әскерге 1941 жылы алынып, Смоленск, Сталинград майданындағы ұрыстарға қатысқан. Елге оралғаннан кейін (1945 жылы) ұжымшардағы мектептерде оқытушылық жұмыста болған. 1954 жылы қайтыс болды. Джангельдинский район |
Әбілқасымов Жағыпар 1913 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Үрпек ауылында туған. Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 1945 жылдың желтоқсанына дейін қатардағы жауынгер, 481 артполк құрамында болған. Ерлігі үшін 3 медальмен марапатталған. Елге келген соң, көп жыл бойы шопан болып жұмыс істеп қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әбілқасымов Ибатолла 1915 жылы Торғайдың Қошалақ құмында туған. Білімі бастауыш деңгейінде. Елде сауатсыздарды оқытқан. 1938-1941 жылдары дүкенде сатушы боп істеген. 1942 жылы ақпанда әскерге алынған. Москва үшін айқастарға қатысып, 1942 жылдың 13 қарашасында Волхов майданында бір қолдан айрылды. Елге келіп, 1943-1947 жыл аралығында Жангелдин ұжымшарында есепші болды. 1948 жылдан 1960 жылға дейін ұжымшарларда бригадир, есепші, ферма меңгерушісі қызметін атқарды. 1960 жылдан бастап «Бестау», «Шилі», «Юбилейный» кеңшарларында таразы өлшеуші, мұнай базасының меңгерушісі жұмыстарында болды. Соғыс мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. 1985 жылы дүниеден озды. Ұрпақтары Ақтөбе, Қостанай қалаларында, туған ауылы Милісайда тұрып жатыр. Еңбекқор, елге сыйлы ақсақал еді. Джангельдинский район |
Әбілбеков Ақан 1924 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Құмкешу ауылында туған. 1943 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 893 АП құрамында қатардағы жауынгер. 1945 жылы ІІ топтағы мүгедек болып елге оралған. Зейнеткерлікке шыққанша ауылдық кеңесте хатшы болған. Отан соғысы орденімен марапатталған. 1945 жылы 15 сәурде қайтыс болды. Амангельдинский район |
Әбілдин Қанапия 1917 жылы Торғай ауданы Албарбөгет ауылында туған. 1942 жылы мамырда әскерге алынып, Челябі облысындаға Шұбаркөлде дайындықтан өткен. 1943 жылы қаңтарда бетінен жарақат алып, екі рет операция жасалған. Соғысқа қайта кіріп, 1943 жылдың аяғында Витебск қаласы түбінде сол жақ санынан ауыр жарақат алған. Горький қаласындағы госпитальда үш рет операция жасалған. 1945 жылы босап, елге келді. Ұжымшарда, кеңшарда жүргізуші болып еңбек етті. Тоқсаныншы жылдардың басында дүниеден өтті. Артында 12 баладан тараған ұрпақтары әр салада еңбек етуде. Соғысқа қатысқаны үшін мерекелік белгілермен марапатталып отырды. Джангельдинский район |
Әбілдин Жүніс 1911 жылы Торғай уезі, Қаракөл ауылында туған. 1928 жылы әкесі тәркілеуге жатқаннан кейін әр жерде жүріп күзетші, қойшы болып жұмыс істеген. Жұмыс істей жүріп өз бетінше сауат ашқан, Торғай жеті жылдық мектебін 1936 жылы бітіріп шыққан. 1937-1939 жылдары Торғайда мектепте «Пионер үйінде» жұмыс істеген. 1939 жылы Тосын советінде Саужойда мұғалім болып жұмыс істеп, 1940 жылы Мендіқара педучилищесіне оқуға түскен. 1941 жылы әскерге шақырылған. 24 атты әскер полкінде жүріп соғысқан. 1943 жылы тұтқынға түскен, одан қашып шыққан. Москваны қалпына келтіруде құрылыста істеген. Елге келген соң, Тосын ауылдық кеңесінің бастауыш мектептерінде меңгеруші, мұғалім болған. Кейін Киров мектебінде шаруашылық жөнінен және интернаттың меңгерушісі болды. 1947 жылы семья құрған. 8 баласы (7 ұл, 1 қыз), 28 немере, 7 шөбересі бар. Өзі 1995 жылы 20 шілдеде дүние салды. Джангельдинский район |
Әбілдин Мырзалым 1920 жылы Жангелдин ауданы Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. Орта мектепті Торғайда, кейін Омбы қаласындағы мектеп-интернатта оқыған. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан Ұлы Отан соғысына аттанған. Соғыстан 1946 жылы, Қиыр Шығыстағы жапондықтармен болған шайқастан кейін елге оралған. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медалдарымен, соғыстан кейін Отан соғысы орденімен, көптеген даталы медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін мамандығы бойынша жұмыс атқарады. Мамандығы мұғалім, Ақтөбе педагогикалық училищесін тәмамдаған. Еңбек жолын 1946 жылдан бастап, еңбек демалысына шыққанға дейін 37 жыл бойы Жангелдин ауданының бірталай мектептерінде мұғалім болып қызмет атқарған. «Халық ағарту қызметінің озаты» атағын иеленген. Зайыбы Шоқпарқызы Қаныммен бірге жанұяда 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген. Балаларынан 15 немере, 8 шөбере көрген. Мырзалым ата зайыбы Қаным екеуі 55 жыл отасып, Қаным әже 2002 жылдың қараша айында, Мырзалым ата 2003 жылдың наурыз айында дүниеден өтті. Джангельдинский район |
Әбілдинов Әбдіқамал 1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 03.1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 42 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, 06.1943 жылы жараланып елге оралған. Ерлігі үшін 3 медальмен марапатталған. Елге келіп, көп жыл бойы колхоз, совхоздарда жұмыс істеп, зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әбілдинов Тұрсынбек Қозыкеұлы 1925 жылы 25 желтоқсанда Торғай ауданының Шұбалаң ауылында туған. 1943 жылдың қаңтарында Жітіқара ауданында 9 сыныпта оқып жүргенде әскер қатарына алынған, Орал әскери округінің 3 атты әскер полкінің 6 дивизионында барлаушы болған. 1944 жылдың мамырынан тамызға дейін Орал әскери округінің 4 екпінді армиясының жеке барлаушылар ротасында жауынгер. Кейін Прибалтика майданы қарамағында, 332 дивизияның 1119 атқыштар полкінде барлаушы. Соғыстан кейін Глухово қаласындағы өздігінен жүретін артиллерия училищесінде курсант. 1947-1949 жылдар аралығында әскер қатарынан босағанға дейін 738 танкілерді сақтау артиллерия базасында танк командирі. Армиядан келген соң жартыжылдай аудандық әскери комиссариатта іс жүргізуші боп істеді. 1950 жылдан бастап аупартком хатшысының көмекшісі, аудандық спорт комитетінің төрағасы, аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінде аға инспектор боп істеді. 1960 жылдың тамызынан 1963 жылғы шілдеге дейін «Южный» кеңшарында кәсіподақ комитетінің төрағасы боп ауылшаруашылығына араласты. 1963 тен зейнетақыға шыққан. Майдандағы ерен ерлігі Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен және соғыстан кейінгі мерекелік медальдармен белгіленген. Отбасында 3 ұл, 2 қыз өсірген. Джангельдинский район |
Әбілтаев Әбдікәрім 1921 жылы Аманкелді ауданы №8 ауылда туған. 1929-1935 жылы Семиозер ауданындағы балалар үйінде тәрбиеленген. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 46 гв. АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Лениград қаласын қорғауға қатысып, 23.02.1943 жылы жараланып Киров қаласындағы госпитальда емделіп елге оралған. Колхозда есепші, сатушы болып жұмыс істеп, 1976 жылы зейнеткерлікке шыққан. Жауынгерлік 4 медальмен марапатталған. 1996 жылы қайтыс болған. Артында ұл, қыздары мен немерелері бар. Амангельдинский район |