Әлмағанбетов Батыр 1918 жылы Аманкелді ауданы «Қызыл ту» ауылдық кеңесіне қарасты «Ақсай» ауылында туған.Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК нан шақырылып, соғыста 1290 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Волхов, Ленинград майданында жау әскерімен шайқаста көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және соғыстан кейінгі мерекелік 5 медальмен марапатталған. Әскер қатарынан босап елге келіп, өзінің туған жерінде жұмыс істеген. 2002 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әлмағанбетов Сарман 1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1942 жылы шақырылып, соғыста 491,841-ші бригада құрамында 282 артполкте зеңбірек көздеушісі болған.1945 жылы елге оралған. Ерлігі үшін бес медальмен марапатталған. Елге келген соң көп жыл бойы шопан болып жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әлмағанбетов Торсан 1900 жылы Аққұм болысында өмірге келген. Ауыл молдасынан сауатын ашқан, әскерге дейін серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. 1942 жылдың шілдесінде соғысқа кетіп, 1945 жылдың қарашасында елге оралған. 87 дивизияның 96 атқыштар полкінде жауынгер болған. «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. Торсан ақсақал 1988 жылы Торғайда қайтыс болды. Джангельдинский район |
Әлменов Қайыр 1914 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылы әскерге шақырылып, 841 АП қатардағы жауынгер. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанға дейін әр түрлі жұмыстар істеген. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әлтаев Тұрған 1924 жылы Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 39 гв. АД, 120 гв. АП құрамында бөлімше командирі болған. Аға сержант ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен жәе бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған. Әскерден 09.02.1946 жылы босап келіп, колхоз, совхоздарда есепші болып жұмыс істеген, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әмірғазин Құрманқұл 1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 02.1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 119 АП құрамында 05.1945 жылға дейін болған. Әскери атағы аға сержант. Ерлігі үшін 5 медальмен марапатталған. 1994 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әмірқұлов Сарман 1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қараторғай деген жерде туған. Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып соғыста 01.1941 жылдан 1944 жылға дейін 23,26 атты әскер полкінде Сталинград майданында болған. Ерлігі үшін 4 медальмен марапатталған. Елге І топтағы мүгедек болып оралып, көп жыл бойы қойшы болған. 1984 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әміралин Сапа Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №3 ауылда 1922 жылдың 18 наурызында дүниеге келген. Әке-шешеден ерте айрылған. 1941 жылдың 19 қазанында Жаңа ауыл орта мектебінің 7-ші сыныбынан әскерге шақырылады. Майданда 520-шы атқыштар дивизиясының құрамында соғысады. 1942 жылы қолынан ауыр жараланып, госпитальда емделеді, сол жылы елге оралды. Көп ұзамай еңбекке араласады. Бухгалтердің көмекшісі, колхоздың есепшісі, қойма меңгерушісі болған. Қорғасын руднигінде, байыту фабрикасында істеген жылдары бар. Қайынды, Иманов атындағы кеншарларда құрылыс басқарушы міндеттерін атқарған. 70-ші жылдары жұмысшылар кооперативінде, жинақ кассада істеген, зейнеткерлікке шығады. Көптеген медальдармен және мақтау грамоталарымен марапатталған. 2003 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
Әміров Әбдіғамал 1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан алынып, 01.1942-1943 жылдар аралығында 119 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Елге І топтағы мүгедек болып оралған. Жауынгерлік 3 медальмен марапатталған. Елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанға дейін есеп жұмысында істеген. 1985 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әміров Әбіл 1912 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін өзінің қатарынан өжеттігімен, алғырлығымен көзге түскен. Жаңа ұйымдасып жатқан серіктестіктер ісіне араласады. Кейін шағын ұжымшарлардың біріне басшы да болған. 1941 жылы күзде әскерге шақырылып, Шұбаркөлдегі дайындықтан өтіп, Мәскеуді қорғауға, кейін Ленинград қоршауын бұзуға қатысқан. Соғыстағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», жеңістің мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан 1945 жылы елге келіп, ауданды алдымен колхоз мекемесіне бастық болған. Ауданда өртке қарсы күрес мекемесінің алғаш басқарушылардың бірі. Аудан басшылары оған басқаруды сеніп тапсырған болатын. Біраз уақыт Албарбөгет жұмысшы кооперациясына да бастық болды. Жұбайы Ақбөкен екеуі 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Қазір 13 немере, 20 шөбересі бар. 1976 жылы Әбіл Әміров дүниеден өтті. Кемшлікке төзбейтін, қиындықтан қорықпайтын жан еді. Джангельдинский район |