![]() Сүлейменов Дияр Шолақсай топырағында 1924 жылы дүниеге келген. Әскерге 1942 жылы жазда алынды. Майданда байланысшы, газеттiң корреспондентi болған. Чехословакияны, Австрияны жаудан азат етуге өз үлесiн қосқан. Көптеген орден, медальдармен марапатталған. 1946 жылы елге аман-есен оралды. Бiраз уақыт Семиозер аудандық газетiнде меншiктi тiлшi болды. Кейiн Жаркөлде мұғалiмдiк қызмет атқарды, үйленген. 1995 жылы қайтыс болды. Наурзумский район |
![]() Сүлейменов Мырзағали 1914 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Бестау ауылында дүниеге келген. 1931 жылы бастауыш мектебін бітіріп, Қостанайдағы екі жылдық мұғалімдер дайындайтын курстан кейін, аудандық оқу бөлімінде жұмысқа орналасып, ересектердің сауат ашу курсына сабақ береді. 1938 жылдан аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор болады. 1943 жылдың қаңтар айында Қызыл Армия қатарына алынып, І Украина мадйнының құрамындағы 228 гвардиялық атқыштар полкінде пулеметші, кейін 240-шы артийллериялық полкте зеңбірекші болады. Харьков қаласы үшін ұрыста 1944 жылдың шілдесінде полк немістердің қоршауында қалып, тұтқынға түседі. 1945 жылдың 8 мамырында Совет Армиясы тұтқынға түскен жауынгерлерін босатады. 1945 жылғы 25 қыркүйекте армия қатарынан босайды. Елге келген соң 1946-1947 жылдары Аманкелді ауданының Амантоғай байланыс бөлімінде қызмет істеп, зейнеткерлікке шығады. 4 ұл, 3 қыз, 20 немересі және шөберелері бар. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» және Жеңіске арналған екі мерекелік медальдармен марапатталған. Амангельдинский район |
![]() Сүттібаев Әбдірахман 1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. 1943 жылы қаңтар айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 05.1945 жылға дейін 224-ші мин.полкте бөлімше командирі болған. Әскери атағы сержант, алты медальмен мараптталған. Көп жыл бойы есеп қызметінде жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Сұлтанов Жағыпар Жақсылықұлы 1924 жылы Семиозер ауданының Құшмұрын колхозында туған. 1942 жылы Семиозер аудандық комиссариатынан соғысқа аттанған. Онда минометші болды. Майдандағы ерлігі үшін екі рет Қызыл Жұлдыз орденімен, үш рет «Ерлігі үшін» медалімен және «Кенигсбергті алғаны үшін» медалімен марапатталды. Майданнан 1947 жылы оралды. Өзі туған Құшмұрын колхозында колхоз төрағасының орынбасары, төрағасы болып жұмыс атқарды. Бесағаш колхозының төрағасы болды. 1954 – 1962 жылдары Калинин атындағы совхозда парторг қызметін атқарды. Кейін жаңа құрылған Науырзым ауданының «Раздольный» совхозына парторг қызметіне тағайындалды. Ал 1963 жылы «Көктал» совхозына парторг қызметіне ауыстырылды. Еңбекте ерекше табандылық танытты. Қайда еңбектенсе де, үлкен беделге кемелген, абыройлы, беделді кісі еді. Жұбайы Балдырған екеуі төрт ұл мен бес қызды дүниеге келтірді. Жағыпар 1965 жылы кенеттен қайтыс болды. Балаларды жұбайы Балдырған өсіріп - өндіріп, 23 немере, 11 шөбере сүйіп отырған бақытты ана. Наурзумский район |
![]() Сәтбаев Шәкір 1912 жылы қазіргі Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Сармойын селосында туған. 1 қаңтар 1942 жылға дейін Түбек орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған. Әскер қатарына аудандық әскери комиссариаты арқылы 10 сәуір 1942 жылы алынып, 400-ші жеке байланыс батальонында курсант болып, кейін сол батальонда байланысшы болған. 1945 жылдың қараша айында елге оралған. Сол жылдан бастап, 1972 жылға дейін Әулиекөл ауданына қарасты Түбек орта мектебінде мұғалім болған. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен мараппатталған және Бас Қолбасшы И.В.Сталиннен екі рет алғыс алған. Әскери атағы – жауынгер. Әйелі Сәтбаева Орынбасар екеуі 1 ұл, 8 қыз тәрбиелеп өсірген. 1974 жылдың желтоқсан айында қайтыс болған. Наурзумский район |
![]() Сәуекенов Дәурен 1925 жылдың қазан айында қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Шилі өңірінде дүниеге келген. 1942 жылы Шилідегі орталау мектепті тауысты. 1943 жылдың басында әскерге алынады. І және ІІ Украин, І Белорус майдандарында, 2-ші гвардиялық армияның 16-ші танк корпусының 66-ші гвардиялық танк бригадасында жүріп, неміс-фашистермен соғыстың бел ортасында болды. Ұрыс даласындағы ерлігі Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Ерлігі үшін» жауынгерлік медалімен, басқа да Кеңес Одағының 14 медальдарымен атап өтілді. Армия қатарынан 1950 жылдың тамыз айында ғана елге оралды. Сол жылы Торғай аудандық партия комитетіне нұсқаушылық жұмысқа шақырылды. 1958 жылдан бастап Алматы жоғары партия мектебінде оқыды. Кейін Жангелдин ауданында партия, кеңес органдарында аса жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. 1969 жылдан 1987 жылға дейін аудандық халықтық бақылау комитетін басқарды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін көп жылдар бойы аудандық соғыс және ардагерлері кеңесінің төрағасы болды. Жұбайы екеуі ұл-қыз өсіріп, немере-шөбере сүйю бақытына ие болған жандар. 2001 жылы дүниеден өтті. Джангельдинский район |
![]() Сағитов Ертай 1921 жылы Науырзым ауданы, Өлеңдi оңiрiнде дүниеге келген. Әскер қатарына 1941 жылдың 17 маусымында Қостанай облыстық әскери комиссариатынан шақыртылған. 1942 жылдың 10 қазанында соғыс даласында болады, 46-шы атқыштар дивизиясы құрамында шайқасқан. 1943 жылы күзде Великие Луки төңiрегiнде танк полкi құрамында шайқасқа қатысып, ауыр жараланды. Госпитальда емделгеннен кейін екінші топтағы соғыс мүгедегі болып елге оралған. ІІ дәрежелі Даңқ орденімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен және мерекелік медальдармен марапатталған. 1948 жылдан 1982 жылға дейiн Өлеңдi төңiрегiнде еңбек еттi. «Еңбек ардагері» медалімен, «Халықтар достығы» орденімен марапатталды. Жұбайы Ақбөпiшпен 7 бала өсiрiп, немере-шөбере сүйген бақытты жандар. 1995 жылы қайтыс болды. Наурзумский район |
![]() Сабабаев Нуруш Родился в 1909 г. Место проживания Кустанайская обл., Семиозерный район. В 1941 году призван Семиозерным РВК, 15 гв.стр.полк. Войнское звание мл.сержант. Ранен 4.10.1943 г., на лечении в эг 2434. (Дополнение) Является участником Севастопольской битвы 1941-1942 г.г. Также участвовал в Сталинградской битве, после которой получил ранение. В 1944-1945 годах участвовал в военных действиях на Дальнем Востоке против Японии.
Вернувшись с Великой отечественной войны в совхоз Сулукульский, работал чабаном до выхода на пенсию.
Вместе с супругой Акжунус вырастил четырех сыновей и двух дочерей.
В последние годы жизни жил в поселке Октябрьский (бывший Октябрьский район) ныне Карасуский район Костанайской области.
9 апреля 1991 году ушел из жизни. Похоронен в поселке Октябрьский. Аулиекольский район |
![]() Сабадаш Василий Карпович Проживал в селе Дружба Федоровского района. В войну служил в 537 стрелковом полку с августа 1942 года по май 1943 года в звании рядового. Был ранен и в 1944 году комиссован. Награжден медалью "За отвагу" и юбилейными медалями. Работал трактористом в селе Дружба. Выбыл в Россию.
Федоровский район |
![]() Сабадаш Пётр Карпович Родился в 1912 году в селе Костычевка ныне Фёдоровского района. Принимал участие в Великой Отечественной войне в период с июня 1941 года по май 1945 года. Имел фронтовые и юбилейные награды. После войны жил и работал в Коржинкольском зерносовхозе.
Федоровский район |