Қарымсақов Сапан Әбілдәұлы 1917 жылы 23 ақпанда қазіргі Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Дана-Бике ауылында дүниеге келген. Еңбек жолы Семиозер ауданының Үш-Қарасу ауылында ветфельдшер болып қызмет атқарумен басталды. Әскерге 1939 жылы қараша айында алынып, 517 кавалерия полкына түседі. Онда 1942 жылдың қазан айына дейін болады. Одан 116 автохим полкында 1943 жылдың қараша айына дейін бөлімше командирі болады. 547 батальонында 1946 жылдың мамыр айына дейін аэродром көмекшісі болады. 1946 жылдың қыркүйегіне дейін 1939 автохим полкында бөлімше командирі болады. Соғыстағы ерлік істері үшін Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да 10 мерекелік медалдарымен марапатталған. 1946 жылы елге оралған соң Семиозер ауданы, Диев совхозы, Үш-Қарасу аулында ветфельдшер болып жүмыс атқарды, одан Шолаққопа ауылында 1963 жылға дейін жылқышы болды. 1963 жылы Көктал совхозында жүмыс атқарып, елге адал еңбегін сіңірген. Жұбайы Жақсылық екеуі 2 бала өсіріп, 9 немере, 3 шөбере сүйіп, қызығын көрген бақытты ата-ана. Сапан Әбілдәұлы Жамбыл селолық аймағындағы қорымға 1988 жылы жерленді. Наурзумский район |
Қасен Ғалиұлы 1909 жылы 13 қыркүйек айында қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Аяқ моиынды деген жерде дүниеге келген. Шолақсайдағы жеті жылдық мектепті бітірген, Қызылту ауылдық кеңесінде хатшы болған. 30-шы жылдыры Батпаққара ауылының атқару комитетінде жалпы бөлім бастығы, Соңал серіктестігінде есепші, кейін басқарма, Еңбек селосында есепші болған. 1942 жылдың мамыр айында әскер қатарына шақырылып, ІІІ Украина майданында 388 атқыштар полкінде Великие Луки қаласы үшін ұрысқа қатынасып, 1943 жылдың 16 желтоқсанында жараланып, госпитальда бір жылдай емделіп, бір аяғын кестіріп екінші топтағы соғыс мүгедегі болып елге оралды. 1945-1966 жылдар аралығында аудан колхоздарында есепші, сатушы, ауылдық дайындау мекемесінде агент қызметтерін атқарып, зейнеткерлікке шығады. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және соғыстан кейінгі мерекелік 10 медальдармен мараптталған. Жанұясында 8 ұл, 4 қыз, 28 немере, 13 шөбере көрген қарт жауынгер. Амангельдинский район |
Қасымжанов Ахмедияр 1913 жылы бұрынғы Қайдауыл болысы, қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1943 жылы қыркүйек айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 384 АП құрамында қызмет еткен. Соғыста Ленинград майданында болған. 1944 жылы желтоқсан айында жараланып, елге оралған. Жауынгерлік «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» және жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Ауданда көп жыл жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қасымов Әуезхан 1906 жылы бұрынғы Қайдауыл болысы, қазіргі Аманкелді ауданы, Жаңаауыл ауылдық кеңесінде туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып 342 АП құрамында орталық Украйна майданында соғысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Киевті қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістен кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін осы ауданның А.Иманов атындағы совхозда жұмыс істеген. 1991 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қасымов Дүйсенбай 1922 жылы Қостанай облысы, Аманкелдi ауданында дүниеге келген. Сол жерде он жылдық мектептi бiтiрген. Еңбек жолын №12 ауылда сатушы болып қызмет атқарумен бастады. 1941 жылы немiс-фашист басқыншылары тұтқиылдан соғыс ашқанда, елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен ер азаматтары елiн қорғауға аттанғанда, Дүйсенбай да солардың қатарында болды. 1946 жылы жауды жеңiп, елге оралды. Елге оралған соң управляющий болып көп жылдар бойы №12 ауылда қызмет атқарды. Соғыстағы ерлiгi үшiн Отан соғысы орденiмен, 3 жауынгерлік медальдармен марапатталған. Жұбайы Дукан екеуi 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, немере көрген кiсi. Наурзумский район |
Қасымов Жұмағали 1926 жылы Аманкелді ауданы, №15 Қызыл Ту ауылдық кеңесіне қарасты Бүйректал ауылында туған. Аманкелді АӘК-нан 1945 жылы ақпан айында әскерге шақырылып, 199 АД, 617 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Әскер қатарынан 1946 жылы қараша айында босаған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін осы ауданның «Бүйректал» совхозында жұмыс істеген. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қасымов Сағидолла 1918 жылы 9 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Науырзым ауданында дүниеге келген. 4 сыныптық мектептi бiтiредi. Әскер қатарына алынғанға дейiн өз ауылында советтiк хатшы болып қызмет iстейдi. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, майданға аттанады. Соғыстан 1947 жылы аман-сау елге оралады. Әйелi Ұмсын екеуi Сәлемхат атты бiр бала тәрбиелеп өсiрген, 3 немересi бар. Сағидолла Қасымұлы 1994 жылы Өлеңдi ауылында дүние салды. 1987 жылы дүниеден өттi. Наурзумский район |
Қоғабаев Өмір 1913 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, 1 – май ауылдық кеңесінде туған. 1941 жылдың тамыз айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 63 атты әскер полкінде Сталинград майданында болған. 1942 жылы жараланып, ІІ топтағы соғыс мүгедегі болып елге оралған. 1991 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қоқышов Мағаз 1926 жылы 1 қазанда Қостанай облысы, Аманкелдi ауданының Жаңа–Талап ауылында дүниеге келген. Сол жерде он кластық мектептi бетiрген. Еңбек жолын өз ауылында есепшi болып қызмет атқарумен бастады. 1944 жылы әскер қатарына шақыртылды, 24-шi қосымша атқыштар полкiнде атқыш болған. 1945 жылдың сәуірінен 47 атқыштар полкiнде атқыш, 92-шi мехполкiнде писарь, аға писарь болды. Елге 1950 жылдың сәуірінде оралды. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және де мерекелік медальдармен марапатталған. Еңбек саласында «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдармен марапатталған. Елге оралған соң, есепшi болып жылдар бойы «Қостанай-комсомолы» совхозында қызмет атқарып, елге адал еңбегiн сiңiрген. Жұбайы Сақытаймен 7 бала өсiрiп, тәрбиелеп, 2 ұлын ұяға, 5 қызын қияға қондырып , 4 немере 3 шөбере сүйiп, қызығын көрген бақытты жандар. Мағаз ата 77 жасында 2003 жылы 1 қыркүйекте қайтты. Наурзумский район |
Қожақов Назымбек 1921 жылы Аманкелді ауданында туған. 1940 жылдың қазан айында Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 520 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1944 жылы Воронеж қаласы үшін болған ұрыста жараланып, соғыс мүгедегі болып елге оралған. Көп жыл бойы есеп қызметінде істеген. 1991 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |