Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'в' было найдено совпадений: 25205


Қоқышов Мағаз

       1926 жылы 1 қазанда Қостанай облысы, Аманкелдi ауданының Жаңа–Талап ауылында дүниеге келген. Сол жерде он кластық мектептi бетiрген. Еңбек жолын өз ауылында есепшi болып қызмет атқарумен бастады. 1944 жылы әскер қатарына шақыртылды, 24-шi қосымша атқыштар полкiнде атқыш болған. 1945 жылдың сәуірінен 47 атқыштар полкiнде атқыш, 92-шi мехполкiнде писарь, аға писарь болды. Елге 1950 жылдың сәуірінде оралды. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және де мерекелік медальдармен марапатталған. Еңбек саласында «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдармен марапатталған. Елге оралған соң, есепшi болып жылдар бойы «Қостанай-комсомолы» совхозында қызмет атқарып, елге адал еңбегiн сiңiрген. Жұбайы Сақытаймен 7 бала өсiрiп, тәрбиелеп, 2 ұлын ұяға, 5 қызын қияға қондырып , 4 немере 3 шөбере сүйiп, қызығын көрген бақытты жандар. Мағаз ата 77 жасында 2003 жылы 1 қыркүйекте қайтты.


Наурзумский район




Қожақов Назымбек

       1921 жылы Аманкелді ауданында туған. 1940 жылдың қазан айында Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 520 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1944 жылы Воронеж қаласы үшін болған ұрыста жараланып, соғыс мүгедегі болып елге оралған. Көп жыл бойы есеп қызметінде істеген. 1991 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қожамжаров Жұмабек

       1911 жылы қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Албарбөгет округінде дүниеге келген. Соғысқа дейінгі жылдарда әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда мүше боп еңбек еткен. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, жаяу әскер қатарында болған. 1945 жылы соғыс аяқталғаннан кейін, елге оралып, өзі туған Албарбөгет ұжымшарында мал бағып, озат шопан болды. Ұлы Жеңістің 20, 30, 40, 45 жылдығына байланысты медальдарымен марапатталды. 1995 жылдың 19 наурызында қайтыс болды. Зайыбы Тұрғанша Шайхығалиқызы 5 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген «Ардақты ана» иегері. Еңбекқор, қазақ халқының өсуіне үлес қосқан қарапайым отбасы болатын.


Джангельдинский район




Қожахметов Құсайын

       1925 жылы 1 сәуірде Аманкелді ауданында туған. 1943 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 8814 АП қатардағы жауынгер болған. Әскер қатарынан 1946 жылы босап, елге оралған.


Амангельдинский район




Қожахметов Абдіғали

       1912 жылы Аманкелді ауданында туған. 1942 жылдың сәуір айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 303 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік алты медальмен марапатталған. 1944 жылы тамызда Витебск облысының Казаки селосы үшін болған ұрыста жараланып, елге оралған. Өмірінің соңына дейін Бүйректал совхозында жұмыс істеген.


Амангельдинский район




Қозыбақов Дүйсенбай

       1918 жылдың 1 сәуірінде қазіргі Аманкелді ауданы, № 11 ауылда туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 744 АП қатардағы жауынгер болған. 1941 жылдың желтоқсан айында Ленинград облысындағы Клишин станциясы үшін болған ұрыста жараланып, елге І топтағы мүгедек болып оралған. Көп жыл бойы аудандық ішкі істер блімінде қызмет еткен. 1994 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қойшығұлов Қуантай

       1900 жылы Торғайдың Ақкөл өңірінде дүниеге келген. Ауыл молдасынан сауатын ашқан. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшар мен кеңшарда шопан боп еңбек етті. Әскерге 1943 жылы алынып, елге 1946 жылы оралған. Рязань түбіндегі бір ұрыста жарақат алған. Еркөңілді, көпшіл жан еді. 2 ұл, 1 қызынан тараған ұрпақтары Қостанай қаласы мен Әулиекөл ауданында тұрып жатыр. 1989 жылы туған ауылы – Қарасуда дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Қойшыбаев Балғабек

       1905 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1942 жылы тамыз айында Торғай АӘК-нан шақырылып, 202 АД құрамында қатардағы жауынгер болып, І Украйна майданында соғысқан. Елге 1945 жылы оралды. «Ерлігі үшін», «Киевті қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған.


Амангельдинский район




Қонысбаев Өрқара

       1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 364 АП құрамында бөлімше командирі болған, әскери атағы аға сержант. Жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Кавказды қорғағаны үшін» және жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін Жангелдин, Аманкелді аудандарында сауда саласында көп жылдар бойы жұмыс атқарған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қорғанбеков Көпей

       Ұлы Отан соғысының ардагері, ерен еңбегімен танылған ел ағасы 1923 жылы 17 маусымда бұрынғы Торғай облысы, Амангелді ауданы, Қарасу ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Сол туған ауылында өсіп, сол жердегі мектептен алты кластық білім алған. Есейе келе шаруаға араласты, колхозшы болып, еңбек етті. Осылай өмір жалғаса берерме еді, бейбіт елдің аспанын соғыстың қара бұлты торламағанда. Отанға төнген фашистік апатқа қарсы тұруға, кеудені оққа тосуға, от кешіп, жастық шақты қан майданда өткізуге тура келді. Соғыс жылдары, ұрыс жолдары осылай басталған еді. Сұрапыл соғысқа 243 атқыштар полкінің құрамында Украина жерінде кіріскен еді. Талай ұрыстардың белортасында жүрді, жаумен ерлікпен шайқасты. Жеңілісті де, жеңісті де көрді. Майдандас достарынан айырылып, өзі де өлім мен өмірдің арасында жүрген күндері болған. 1943 жылы 4 қыркүйекте Смоленскі түбінде болған соғыста ауыр жарақат алып, госпитальға түскен. Әйтеуір, көрер күндері бар екен, көп емделді, айықты, еліне оралды. Көп ұзамай бейбіт еңбек майданына араласып кетті. Өз ауылы Қарасуда №3 бөлімшеде жылқышы, малшы болды. Еңбекте жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді, озат атанды, 1954 жылы КПСС мүшелігіне қабылданды. Соғыс жылдарынан қалған белгісі, ордені мен медальдары сақталуда. Оның ішінде Отан соғысы ордені, Кеңес Одағынын Маршалы Жуков Г.К., Украина республикасының медальдары, «Соғыс ардагері» белгісі, Ұлы Жеңіс құрметіндегі медальдары бар. Жас өспірімдерге соғыстағы Совет Әскерлерінің ерліктерін айтып, Отанға сүйіспеншілікпен қарауды, еңбекте алда болуды насихаттап отырған. Жанұясында жұбайы Камиламен алты бала тәрбиелеп өсірді, жетілдірді. Төрт келіні, екі күйеу баласы бар, жиырма екі немересі өсіп келеді. Соғыс және еңбек ардагері 2004 жылы дүниеден өтті.


Костанайский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика