![]() Нұрсеитов Камел 1925 жылы Әулиекөл ауданында туған. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Челябi облысының Шұбаркөл жерiнде алты ай арнаулы әскери дайындықтан өтедi, сол жерден 1943 жылы соғысқа аттанады. II Беларус фронтында шайқасып, көптеген жерлердi сыртқы жаудан азат еттi. Соғыстағы ерлiк iстерi үшiн Қызыл Ту орденiмен, «Варшаваны азат еткенi үшiн», «Берлиндi алғаны үшiн», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн» медальдарымен және бiрнеше мерекелiк медальдармен марапатталған. 1948 жылға дейiн Германияда әскери қызметiн жалғастырады. Елге аман-сау оралып, Әулиекөл ауданының Аманқарағай элеваторында койма меңгерушiсi болып еңбекке араласады. Семья құрып, жұбайы екеуi 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсiредi. 1951 жылы Мырзакөл совхозынан «Соснов» совхозының №2 Шолаққопа бөлiмшесiне механизатор болып келедi. Еңбегі бағаланып, «Тың жерлердi игергені үшін» медалiмен марапатталды. 1976 жылы ақпан айында өмiрден өттi. Наурзумский район |
![]() Нұртаев Жарылғасын 1898 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Албарбөгет округінде маусым айында дүниеге келген. 1942 жылы 1 мамырда Қызыл әскер қатарына шақырылған. Шұбаркөлде 2 ай әскери дайындықтан өтіп, майданға аттанды. 82-ші дивизия, 81-ші полкте пулеметчик болған. 1944 жылдың 15 қаңтарына дейін Ленинград қоршауында болған. Қоршауда көрсеткен ерлігі үшін «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған. 1944 жылдың 8 ақпанында Нарва қаласы үшін ұрыста ауыр жараланып, госпитальға түскен. 1945 жылы ауылға жеңіспен оралып, балаларының қызығын көріп, 1990 жылы дүниеден озды. Екі баласынан 7 немересі бар. Нұртаев Жарылғасын Амангелді атындағы ұжымшардың, кейін «Еңбек» кеңшарының жылқы түлегін өсіріп, көбейтуге көп еңбек сіңірген кісі. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің мерекелік медаль-белгілерімен марапатталған. Бейбіт күнде алған «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі бар. Джангельдинский район |
![]() Нұртазин Аяш 1906 жылы қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Шеген ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін серіктестікте, ұжымшарда мүше боп еңбек еткен. 1942 жылы маусымда Торғай әскери комиссариаты шақырып, майданға жөнелтілген, 318 артиллерия полкінің 6 батареяда ұрыстарға қатынасқан. Дон, Белоруссия майдандарында соғысқан, сондай-ақ Сталинград шайқасына да қатысқан. 1946 жылы елге оралған. «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен және Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарының мерекелік белгі-медальдармен марапатталған. «Еңбек ардагері» медалінің иесі. Өмірден 2000 жылы өтті. Артында ұлдарынан тараған ұрпақтары бар. Джангельдинский район |
![]() Нұрфазылов Молдагүл 1905 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанды. 48 Армия, 217 дивизия, 755 полк, 2 батальон, 3 взвод құрамында болып, Польша, Белоруссия елдерін, Смоленск қаласын азат етуге қатынасып, Германияға дейін барады. Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен наградталған. Елге келген соң мал шаруашылығында еңбек етеді. 1986 жылы қайтыс болды. Джангельдинский район |
![]() Нұрханов Қасыбай 1925 жылы 1 қаңтарда Қостанай облысы Наурызым ауданында туған. 1943 жылы 10 қарашада майданға аттанған. Украина жерінде соғысқан. Сол соғыста жарақаттанып, 1944 жылы тамыз айында туған жері Науырзымға қайтып келген. Соғыстан келгеннен кейін колхозда жұмыс істеген. 1951 жылдан бастап жылқы, қой, сиыр баққан, колхоздың басқа жұмыстарын да атқарған. Соғыстағы ерліктері үшін Отан соғысы орденімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Жары Зылиқа екеуі қазірде бала-шағасының ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Қарамеңді ауылы, Науырзым ауданында тұрады. Наурзумский район |
![]() Нұрханов Махат 1915 жылы 15 қаңтарда қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1941 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 175 жеңіл арт.батальонында бөлімше командирі болған. Әскери атағы сержант. Әскерден 1945 жылы босап, елге келген. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Нағыманов Жөкеш 1914 жылы туған. Торғай АӘК-нан 1940 жылы әскерге шақырылып, 753 ауыр танк полкінде танкист болған. Әскерден 1945 жылы босаған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Набава Иван Романович Родился в 1907 году. Участник Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. Воевал в составе 532 минометного полка. Воинское звание рядовой. Годы мирного труда проходили в ныне Алтынсаринском районе. Алтынсаринский район |
![]() Набатников Егор Семенович Родился в 1898 году. Призван в 1941 годуСемиозерным РВК. Участвовал в боях в составе 21 стрелкового полка. Ранен 24. 01. 1945 года, проходил лечение в эвакуационном гопитале №1658. Аулиекольский район |
![]() Набиулин Абдула Хабибулович Родился 15 сентября 1926 года в Татарской АССР, Билярский район. В армию призвали в июне 1944 года. Воевал на Украинском фронте в составе 333 стрелковой дивизии минометчиком. После войны с июня 1945 года по июнь 1950 года служил в воинской части. Как участник войны имеет четыре медали в честь юбилея Победы. С 1954 года работает штукатуром-маляром Урицкой ПМК-1304 до ухода на пенсию в 1988 году. Трудовые награды: орден Трудового Красного Знамени, медали «За доблестный труд», «Ветеран труда», «За освоение целинных земель». Вместе с женой воспитали 3 сына и дочь, 9 внуков. В настоящее время живет в поселке Сарыколь.
Сарыкольский район |