![]() Тұяқов Рақымжан Ахметұлы 1924 жылы туған. 1942 жылдың тамызында Қызыл Әскер қатарына алынған. І Украин майданында, 30 Хасан полкінің құрамында болған. Соғысты Москва түбінен бастап, Белоруссия, Польша Германия жерлерінен өткен. Жеңісті Берлинде қарсы алған. 1945 жылдың сәуір соңында Берлинді баса-көктей өтіп, 150 шақырымдай жердегі Альтенграф қаласының маңындағы зауытындағы тұтқындарды азат еткен. Соғыстан кейін аман-сау елге, отбасына оралған. Федоров ауданында екі жыл жұмыс істеп, Науырзым ауданына қоныс аударып, «Көктал» совхозында құрылыста жұмыс істеген. Бірнеше орден-медальдармен марапатталған соғыс ардагері. Әйелi Қатима екеуi Қасымқан атты бiр бала тәрбиелеп өсiрген, одан 5 немересi және 7 шөбері сүйді. 2007 жылы 4 мамырда Қарамеңді ауылында дүние салды. Наурзумский район |
![]() Тәжекенов Мүсілім 1906 жылы 12 наурызда қазіргі Аманкелді ауданында дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына кеткен. Украин майданында атқыштар дивизия құрамында станковой пулеметчик болған. 1943 жылы Киев қаласының маңында екі ауыр жарақат алған, Ереван қаласындағы әскери госпитальда алты ай емделген. 1944 жылы наурыз айында ауыр жарақатының себебінен әскери борышынан босатылған. Сол жылы Қостанай қаласына оралып, осы қалада отбасын құрып, дүниеге екі қыз, үш ер бала әкелген. Притобольский совхозында зейнеткерлік демалысына дейін қызмет атқарған. 1994 жылы дүниеден кеткен. Наурзумский район |
![]() Тәпелов Жүніс Есенейұлы 1926 жылдың 6 қаңтар күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген. Мектептен кейін серіктестіктің, колхоздың әр түрлі жұмыстарында болған. 1944 жылдың 26 қарашасында Қызыл Армиясы қатарына шақырылып, алғаш рет 243-ші полктің құрамында атқыш есебінде соғысқа кіреді. Содан 47-ші, 205-ші атқыштар полктерде атқыш болып, Ұлы Жеңісті қарсы алады. Соғыстан кейін әскери қызметін жалғастырады. Бірнеше әскери құрамында міндетін атқарып, 1950 жылдың қазан айында елге оралады. Жеңіске арналған мерекелік медальдармен және Отан соғысы орденімен марапатталады. Елде колхоздың, совхоздың қара жұмысынан бастап, есепші, завхоз, жұмысшылар кооперациясында сатушы болып, абройлы еңбек демалысына шықты. Үш қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірді. 1991 жылдың 7 мамырында дүниеден озды. Амангельдинский район |
![]() Тәшімбетов Жұмағали 1904 жылы қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Жаркөл ауылында туған. 1942 жылдың мамыр айында армия қатарына шақырылған. Сталинград майданында 971 атқыштар полкінде ұрыстарға қатысқан. 1942 жылдың 29 қыркүйегінде ауыр жараланып, эвакогоспитальге түскен. 1943 жылдың ақпан айында соғысқа жарамсыз деп тауып, елге оралған. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», сондай-ақ соғысқа қатнасушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарындағы мерекелік медальдардың барлығын да алған, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Соғыстан қайтып келісімен Сталин атындағы ұжымшарда мал бағуға кірісті. Ерен еңбегі бағаланып, «Еңбектегі ерлігі үшін» медаліне, Қазақ ССР-нің Құрмет грамотасына ие болды. Өмірде екі қыз, бір ұл өсірді, қазіргі күнде 16 немере, 22 шөбересі бар. Джангельдинский район |
![]() Төлебаев Қабдолла 1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қарасу ауылында туған. 08.1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 05.1945 жылға дейін соғыста 76 жеке пулемет батальонында қызмет еткен. Әскери атағы кіші сержант, алты жауынгерлік медальмен марапатталған. Елге келген соң, «Коммунизм жолы» совхозында жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Төлегенов Ғабдуали 1905 жылы Торғайдағы Тосынның Қарақамыс деген жерінде туған. Әскерге алынғанға дейін ұжымшарда еңбек еткен. 1942 жылы мамырда әскерге шақырылған. 4-атқыштар полкінде жауынгер бола жүріп, ауыр жарақат алып, 1943 жылы елге оралған. Соғыстан кейінгі зейнеткерлікке шыққанға дейінгі кәсібі – ұжымшарда, кейін ХХІ партсъезд атындағы кеңшарда жылқышы боп, осы түліктің көбейюіне үлес қосты. 1981 жылы қайтыс болды. Жұбайы Талжібек екеуі 2 ұл, 3 қыз өсірді. Бүгінгі таңда олардан немере, шөберелері бар. Джангельдинский район |
![]() Төлегенов Бекентай 1922 жылы қазан айында Жангелдин ауданы, Жаркөл ауылында туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылдың ақпан айында әскерге алынып, 126 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, Курск, Орел қалалары үшін болған ұрыстарға қатынасып, 1943 жылы наурыз айында жараланып, елге оралған. Аманкелді ауданына көшіп келіп, көп жыл бойы аудандық байланыс торабында қызмет істеген. 1989 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Төлегенов Нұржан 1920 жылы Торғайдың Ақкөл аумағында туған. Соғысқа дейін Көкалатта орталау мектепті бітірген. Әскерге 1942 жылы алынған, Қиыр Шығысқа жіберілген. Жапон самурайларымен ұрыстарға қатысқан. Елге 1947 жылы оралды. «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. Коммунист Төлегенов аупарткомның нұсқаушысы, МТС партия ұйымының хатшысы болды. Сырттай зооветтехникум бітірген. 1960 жылы «Қызыл әскер», кейін «Южный» кеңшарында бас зоотехник міндетін атқарды. Алты баласынан тараған біраз ұрпақтары бар. Өзі 1999 жылы туған ауылы Қарасуда дүниеден өтті. Джангельдинский район |
![]() Төлегенов Хамит 1916 жылы 6 қарашада туған. Әскерге 1939 жылы 25 қарашада шақырылған. Финляндиямен болған соғысқа және Ұлы Отан соғысына қатысқан. Майданда 208 атқыштар полкінде взвод командирінің орынбасары болған, аға сержант атағынан старшинаға дейін көтерілген. Кенигсберг қаласын азат еткен. Берлинге жеткен. Елге соғыстан 1946 жылы 15 қарашада оралған. Меңдіқара педагогикалық училищесінде 1945-1948 жылдары сырттай оқыған. Нұрпейіс Байғанин атындағы Ақтөбе пединститутының тарих факультетін 1952-1955 жылдары бітірген. 45 жылдай ұстаздық қызмет атқарған. Соғыстағы ерлігі мен еңбектегі табыстары жоғары бағаланып, «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың, Жеңістің мерекелік медальдарымен, Отан соғысы орденімен және Ленин орденімен марапатталған. 1998 жылы 15 тамызда қайтыс болды, Жамбыл ауылы, Науырзым ауданында. Наурзумский район |
![]() Төлемісов Бисентай 1922 жылы Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы ақпанда Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 1943 жылдың қаңтарына дейін 126-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік төрт медалі бар, елге келіп қайтыс болған. Амангельдинский район |