Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'Р' было найдено совпадений: 18302


Тұрғымбеков Досымбек

       1917 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Үштоғай ауылында туған. 1942 жылдың 1 маусымында әскер қатарына шақырылып, Украина, Белоруссия майдандарында 24, 27, 350, 373-ші атқыштар полктерінде пулеметчик болған. Белоруссия жерінде болған ұрыста «Ерлігі үшін» медальмен марапатталған. Сонымен қатар «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және соғыстан кейінгі мерекелік медальдары бар. Армия қатарынан 1946 жылдың қазан айында босап, Құсмұрын станциясындағы темір жол депосында 1953 жылға дейін жұмысшы болған. Кейін Семиозер ауданының Басаман орман шаруашылығында 1964 жылға дейін жұмыс істеген. Аманкелді ауданының «Степняк» совхозына көшіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек еткен. Отбасында балалар мен немерелері бар, үлгілі жанұя болған. 1992 жылдың тамыз айында қайтыс болды.


Амангельдинский район




Тұрғынғожин Шайхыстан

       1922 жылы Аманкелді ауданы, Қабырға ауылында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 465 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы Харьков облысы Малая Писаревка селосы үшін болған ұрыста жараланып,1943 жылы І топтағы соғыс мүгедегі болып елге оралған. Көп жыл бойы аудандық кеңесте хатша болып жұмыс істеген. 1992 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Тұрғынбаев Қаби

       20 мамыр 1908 жылы Торғай уезі, қазіргі Шеген ауылында дуниеге келген. Ол 1939 жылы Меңдіқара педагогикалық училищесіне түсіп, 1941 жылы осы оқу орнының толық курсын бітірген.Ол 1941 жылдың 14 қыркүйегінде Қостанай облысының Федоров ауданындағы Батмановка жеті жылдық мектебінен Ұлы Отан соғысына аттанады. 54 атты әскер дивизиясының 9-ші полкінде қызмет етті. Содан кейін 1941 жылдың 14 желтоқсанында Калинин қаласының оңтүстігінде екінші рет майданға кірді. Ұрыстарда ерлігімен көзге түскен аға сержант Қаби Тұрғынбаев бөлімше командирлігіне тағайындалды. Белоруссияның Мозель қаласы үшін болған ұрыстан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1945 жылдың аязды қысында Минск-Мазовелук түбіндегі ұрыстағы ерлігі үшін үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Аға сержант Қаби Тұрғынбаев жеңіс күнін әйгілі Эльба өзені бойында қарсы алады. 1945 жылдың 16 желтоқсанында елге оралып, міне содан бері ширек ғасыр уақыт педагогтік қызмет атқарып, 1968 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Ол 1991 жылы 21 желтоқсанда дүниеден өтті. Артында қалған Отарбай есімді ұлы қарт жауынгердің әулетін жалғастырып, ұл-қыз өсіруде.


Джангельдинский район




Тұрғынбеков Досымбек

       1917 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Сарыадыр ауылында туған. 1942 жылы маусымда Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 1945 жылдың мамырына дейін 350 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Елде «Степняк» совхозында қызмет істеп, қайтыс болған. Жауынгерлік төрт медальмен мараптталған.


Амангельдинский район




Тұралин Ғаббас

       1916 жылы 6 мамырда қазіргі Әулиекөл ауданының Қосжалтыр деген жерiнде дүниеге келген. Соғысқа дейiн ауылда мұғалiм болып бала оқытқан. 1943 жылы әскерге алынып, жаралы болып 1945 жылы елге келген. Оң аяғын сылтып басатын. 1956 жылы Бәдиша Жүсiпқызымен үйленiп, одан екі ұл бала және екi қыз баласы бар. Осы балаларынан көрген немерелерi өсiп жатыр. 1995 жылы дүниеден өттi.


Наурзумский район




Тұрмағанбетов Ерғали

       1926 жылы Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 11.1944 жылы әскерге шақырылып, соғыста 05.1945 жылға дейін 124 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік үш медальмен марапатталған. Елде көп жыл жұмыс істеп, 1989 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Тұрмағанбетов Ерхан

       1912 жылы Батпаққара болысында (қазір Аманкелді ауданы) №4 Елтай ауылында дүниеге келген. Аудан орталығындағы орталау мектептен оқып білім алған. 1932 жылы аудандық тұтыну одағы кооперациясына есепші болып жұмысқа орналасқан. Кейін білім бөлімі, промартель мекемелерінде есепші-бухгалтер болып қызмет атқарған. 1942 жылы әскер қатарына алынып 28 гвардиялық атты әскер полкінің құрамында Сталинград майданында соғысқа қатысады. Котельников селосы тұсында жаппай шабуылға шығып, жаудың шебін бұзып, Сталинград қаласынан 100 шақырымдай қашықтыққа дейін кейін шегіндіре білді. Осы ұрыста ауыр жараланып, госпитальде 5 ай жатып, 1943 жылдың 2 наурызында әскер қатарына жарамсыз деп табылып, елге оралады. Еңбекке араласады. Аудандық промартельде бас есепші, ауылшаруашылығы бөлімінде нұсқаушы-бухгалтер, білім бөлімінде бас есепші, райпотребсоюзда бас бухгалтердің жәрдемшесі болып қызмет атқарып зейнеткерлікке шағады. Соғыстағы ерлігі бағаланып, І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және кейінгі жеңістің мерекелік 6 медальдармен марапатталған. Сонымен қатар «Тың жерлерді игергені үшін» 20-жылдық медалінің иегері. Жанұясында ұл, қыз және немере қызығын көрген. 1982 жылы бұл өмірден өткен.


Амангельдинский район




Тұрманов Темірғали

       1924 жылы Аманкелді ауданы, Қайғы ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1942 жылы шақырылып, соғыста 370 АП құрамында болған. Әскерден босап елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанша ұстаз болып бала оқытқан. 2003 жылы дүние салды.


Амангельдинский район




Тұрсынбаев Какімбек

       1922 жылы Аманкелді ауданы, Бүйректал ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 07.1942 жылы шақырылып, соғыста 520-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1942 жылдың желтоқсанында Ленинград облысының Ново-Николаевка деревнясы үшін болған ұрыста жараланып елге оралған. «Бүйректал» совхозында жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Тұрсынов Алпысбай

       1917 жылы Қараторғай болысы, кейін Батпаққара ауданының Торғай өзені жағалауындағы №3 ауылда дүниеге келген. Доғал деген жердегі бастауыш мектептен білім алған. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, финндер мен арада болған соғысқа қатысқан. Ленинград қаласы жанындағы Гатчина қаласында кіші командирлер дайындайтын курсты бітіріп, Батыс майданына қарасты 309 атқыштар полкінде бөлімше командиріне тағайындалған. Бұл полк 18 Армия құрамында болған. 1941 жылы неміс әскерімен алғашқы шайқасқа араласып, «Ерлігі үшін» медальмен марапатталған. Кейін 309 полк Забайкалье фронтына ауыстырылып, жапон соғысына қатынасады. Ұрыстардағы ерлгі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденін алады. Осы белгілердің сыртында «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдары бар. Елге келгеннен кейін Жаңа ауыл жеті жылдық мектебінде ұстаз болады, кейін Аманкелді орта мектебінде зейнеткерлікке шыққанша оқытушы ұстаз болып жұмыс істейді. 1971 жылы қайтыс болады. Артында 2 ұлы, 6 қызы, немере-шөберелері бар.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика