Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'Р' было найдено совпадений: 18302


Тұяқбаев Райымбек

       1907 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге шақырылғанға дейін колхозда жұмыс істеген. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, Шұбаркөл қаласында әскери дайындықтан өткеннен кейін 13 АД 147 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Украина, Белоруссия, Польша, Венгрия жерлерін жаудан азат ету ұрыстарына қатысқан. Жауынгерлік «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Будапешті алғаны үшін» және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Соғыстан елге келгеннен кейін аудан шаруашылығының әр саласында жұмыстар атқарған. Жанұясында 2 ұл, 1 қыз балалары мен 8 немерелері бар. 1987 жылы қайтыс болды.


Амангельдинский район




Тұяқов Рақымжан Ахметұлы

       1924 жылы туған. 1942 жылдың тамызында Қызыл Әскер қатарына алынған. І Украин майданында, 30 Хасан полкінің құрамында болған. Соғысты Москва түбінен бастап, Белоруссия, Польша Германия жерлерінен өткен. Жеңісті Берлинде қарсы алған. 1945 жылдың сәуір соңында Берлинді баса-көктей өтіп, 150 шақырымдай жердегі Альтенграф қаласының маңындағы зауытындағы тұтқындарды азат еткен. Соғыстан кейін аман-сау елге, отбасына оралған. Федоров ауданында екі жыл жұмыс істеп, Науырзым ауданына қоныс аударып, «Көктал» совхозында құрылыста жұмыс істеген. Бірнеше орден-медальдармен марапатталған соғыс ардагері. Әйелi Қатима екеуi Қасымқан атты бiр бала тәрбиелеп өсiрген, одан 5 немересi және 7 шөбері сүйді. 2007 жылы 4 мамырда Қарамеңді ауылында дүние салды.


Наурзумский район




Тәжікенов Қарғабай

       1923 жылы наурыз айының 8 күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №10 Жаңақоныс ауылдық кеңесіне қарасты, Құмкешу ауылында дүниеге келген. 1942 жылдың сәуірінде әскер қатарына алынады. 312-ші атқыштар полкінің құрамында Дондағы Ростов, Новочеркасск қалаларды, көптеген елді мекендерді азат етуге қатынасады. Кейін 96-шы дивизияның 706 полкінің құрмына ауысып, Белгород, Курск, Орел доғасында жауға қарсы шабуылға шығып, қырғын шайқастан кейін 1943 жылдың маусым айында немістердің бірінші қорғанын бұзіп, оларды шегіндірді. Курск облысының Накиевка қаласы үшін ұрыста Қ.Тәжікенов соғысқан рота жауынгерлері қатты шығынға ұшырап, қоршауға түсіп, жау қолында 1945 жылдың сәуір айына дейін тұтқында болды. Совет әскерлері оларды босатады да тиісті орындардың тергеу, тексеруінен кейін ақталып, 1945 жылдың 25 мамырында армия қатарынан босап елге келеді. Бұрынғы мамандығы бойынша мектепте мұғалім болып орналасып, 1974 жылға дейін ұстаздық етеді. Соғыс кезіндегі ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медльдары бар. 1974 жылы қайтыс болды. Артында 8 баласы бар.


Амангельдинский район




Төлегенов Нұржан

       1920 жылы Торғайдың Ақкөл аумағында туған. Соғысқа дейін Көкалатта орталау мектепті бітірген. Әскерге 1942 жылы алынған, Қиыр Шығысқа жіберілген. Жапон самурайларымен ұрыстарға қатысқан. Елге 1947 жылы оралды. «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. Коммунист Төлегенов аупарткомның нұсқаушысы, МТС партия ұйымының хатшысы болды. Сырттай зооветтехникум бітірген. 1960 жылы «Қызыл әскер», кейін «Южный» кеңшарында бас зоотехник міндетін атқарды. Алты баласынан тараған біраз ұрпақтары бар. Өзі 1999 жылы туған ауылы Қарасуда дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Төлепбергенов Жантай

       Әулиекөл ауданы, Мақсұт ауылында 1920 жылы туған. 1941 жылы соғысқа аттанып, 1945 жылы оралды. Мұғалім болып Таран ауданының Қайыңдыкөл мектебінде істеді. 1950 жылдан Таран аудандық партия комитетінде инструкторлық қызметін атқарған, 1951 жылы Кіндіксай колхозына келіп мұғалім болып жүргенде 1952 жылы қайтыс болды. Артында қалған баласы, немерелері бар.


Аулиекольский район




Төлеубаев Кәримолда Минзятұлы

       1926 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №4 ауылда туған. Аманкелді орта мектебін бітіріп, 1943 жылдың шілде айынан бастап Аманкелді аудандық атқару комитетінде есепші, одан кейін аудандық жинақ кассасында нұсқаушы қызметін атқарды. 1944 жылдың қараша айында Қызыл Армиясы қатарына шақырылды. Отан соғысының ІІІ Белорусь майданында болып, Балтық жағалауын және Кенигсберг қаласын жаудан азат етеді. 1945 жылдың наурыз айында Польшаның Швейднец қаласында Онел-Одерская операциясына қатынасады. 1946-1947 жылдары 36 авиатехникалық полкте қызмет етеді. 1949 жылы елге оралады. Аманкелді аудандық партия және Совет атқару комитеттерінде нұсқаушы, Арқалық ауданы Қайынды орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Қайынды», «Алуа» совхоздарында партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1988 жылы зейнеткерлікке шықты. Әйелі Қатшекен Жапбасбайқызы екеуі тоғыз бала тәрбиелеп өсірді. Олардан 24 немере сүйді. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен бейбіт замандағы ерен еңбегі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. 1992 жылы қайтыс болды.


Аулиекольский район




Төребеков Қожабек

       1896 жылы Торғайың Сужарған ауылында туған. Ауылда молдадан сауат ашқан. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда шығырмен егін салған. 1941 жылы маусым айында әскерге алынған. Ленинград майданында соғысқан. Үш рет жараланған. Ауылдас жолдасы Имекенов Кәжен немістің танкісі басып қала жаздағанда сүйрелеп аман алып қалғанын айтады екен. 1944 жылы қарашада елге келіп мал баққан, шығырмен су шығарып бақша еккен. 1960 жылдан бастап «Албарбөгет» кеңшарының «Сужарған» бөлімшесінде шопан болған. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін атаулы жылдарда мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. 1966 жылы зейнетке шығып, 1981 жылы туған ауылында дүние салды. Қазірде ұл-қыздарынан тараған ұрпақтары өмірден лайықты орын алып, ел қатарлы тұрмыс кешуде.


Джангельдинский район




Төртбаев Қапар

       1924 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Тосын ауылында туған. 1935 жылға дейін Қостанай балалар үйінде тәрбиеленген. 1941 жылы Торғайда 9 класс бітірген. Аудандық «Социалистік ауыл» газетінің есепшісі боп қызмет істеген. 1943 жылы әскерге шақырылып, майданға аттанды. 384 атқыштар полкінде атқыш боп ұрыстарға қатынасты. Армия қатарында 1947 жылға дейін болды. «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Сондай-ақ бейбіт күндері Жеңістің, Қарулы Күштерінің атаулы жылдарында мерекелік медальдар мен І дәрежелі Отан соғысы орденіне ие болды. 1947 жылдан 1949 жылға дейін аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1951 жылға дейін аудандық комсомол комитетінің ІІ-хатшысы боп істеді. 1956 жылдан Тосын аулында сауда мекемесін басқарды, КОКП ХХІ съезі атындағы кеңшарда жұмысшылар комитетінің төрағасы болды. 1968 жылдан бастап аудандық «Союзпечать» мекемесін басқарды. 1971 жылдан бастап аудандық тұтынушылар одағында қойма меңгерушілігі жұмысында зейнетке шыққанға дейін болды. 2001 жылдың басында бақиға өтті. Артында үлгілі ұлдары мен тәрбиелі қыздары және 15-тей немерелері бар.


Джангельдинский район




Т?ремуратов Мугадар Т?ремурат-?лы

       Т?ремуратов Мугадар Т?ремурат-?лы родился 28 марта 1917 года в поселке Талды-коль Камышинского района Костанайской области. Участник Великой Отечественной войны. В 1942 году был призван в Красную Армию. Участвовал в освобождении Сталинграда. В боях был ранен. Освобождал территорию Украины в составе 213 стрелкового полка. Демобилизован из Советской Армии в декабре 1945 года. После войны работал в поселке Жаилма Камышинского района, с 1946 г. по 1950 г. в тресте «Джетыгарзолото» на шахте. В 1951-1967 годы работал в поселке Актасты Житикаринского района на различных сельскохозяйственных работах. С супругой Жамал Каштаевной воспитали двоих детей - дочь и сына. Отмечен наградами «За взятие Сталинграда», «За победу над Германией в ВОВ 1941-1945 г.г.». В мирное время отмечен почетными грамотами. Награжден медалью «За освоение целинных и залежных земель». Память о нем навсегда в наших сердцах.


Житикаринский район




Таңғатаров Шайсұлтан

       1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. 1941 жылы маусымда Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 05.1945 жылға дейін 3-ші айрықша арт.дивизионда қызмет еткен. Әскери атағы сержант. Қызыл Жұлдыз орденімен, ІІ дәрежелі Данқ орденімен және жеті жауынгерлік медальмен марапатталған. Елде «Коммунизм жолы» совхозында жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика