Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'А' было найдено совпадений: 24120


Қорғанбеков Көпей

       1923 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №11 Жаңаталап ауылында туған. Сол жердегі бастауыш мектепте оқыған, «Жаңаталап» колхозында жұмыс істеген. 1942 жылы сәуір айының 6-шы жұлдызында армия қатарына шақырылған. Шұбаркөл қаласында екі айдай әскери дайындықта болып, осы жылдың қараша айында Калининград майданында 243-ші атқыштар полкінің сапында Белый қаласының түбіндегі ұрысқа қатынасады. 1942 жылдың тамыз айында ауыр жарақаттанып, әскери госпитальға түсіп, одан емделіп шыққаннан кейін Карелия майданына жіберіледі. Соғыстың соқпақ жолдарымен содан кейін ІІ Украина майданына келеді. Немістерден Батыс Украинаны азат етіп, Венгрия жеріне қарай бағыт алады. 1943 жылдың күзінде Карпат тауында неміс әскерімен шиеленіскен қатты ұрыс болып, сонда ауыр жарақат алып, 1944 жылдың сәуір айына дейін госпитальда жатып емделіп, осы жылы елге оралады. Елге келген соң колхозда есепші, сатушы және тағы басқа жұмыстар атқарады. Кейін совхоз ұйымдасқанда бас жылқышы болып көп жыл еңбек етіп, 1983 жылы зейнеткерлікке шығады. Жанұясында 6 бала, 21 немере өсіріп, қазір Аманкелді ауданының Қарасу ауылында құрметті ақсақал болып ғұмыр кешіп жатыр.


Амангельдинский район




Қоржықаев Күзембай

       1922 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №13 ауылда туған. 1941 жылы желтоқсан айында Ұлы Отан соғысына Аманкелді ауданынан шақырылған. 1942 жылдың ақпан айынан шілде айына дейін 520 атқыштар полкі, 167 атқыштар дивизиясы, Оңтүстік-батыс және Воронеж фронттарында болған, содан жарақаттаннып, қырқүйек айының соңына дейін Тамбов облысы, Мичуринск қаласы №1112-ші эвакогоспитальде емделген. 1942 жылдың қыркүйек айынан Брянск, Орталық, ІІ Белорус майдандарында, 48 Армияның 142 жеке атқыш ротаның құрамында соғысты, сержант, бөлімше командирі болды. 1947 жылы қараша айында әскерден босатылып, елге келген. Сол жылдан 1950 жылдың маусымына дейін Аманкелді ауданы «Қазақстанның 15 жылдығы» колхозының жұмысшысы, Алғабас ауылының сатушысы, №12 ауыл Советінің хатшысы болды. Кейін 8,12,13 ауылдарының почта бөлімдерін басқарған. Ал 1965 жылдың мамыр айынан 1982 жылдың қаңтар айына дейін Науырзым ауылының почта бөлімін басқарып, зейнеткерлікке шықты. Ұлы Отан соғысында І және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және мерекелік медальдармен марапатталған. «Еңбек ардагері» медалінің иегері. Әйелі екеуі 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіріп, 9 немере сүйген бақытты жандар. 1992 жылы наурыз айында дүниеден өтті.


Наурзумский район




Қоржынбаев Байжан

       1898 жылы Қарамеңді ауылында дүниеге келді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен көппен бірге майданға аттанды. Соғыстың басынан аяғына дейін болып, Сталиградтан Берлинге дейін барды, елге 1945 жылы оралған. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін Науырзым мемлекеттік қорығында қызмет істеді.1980 жылы сексен екі жасында Қарамеңді ауылында қайтыс болды. Өмірлік жолдасы Балсұлу екеуі үш ұл тәрбиелеп өсірді, қазіргі кезде 10 немересі, 4 шөбересі Науырзым өңірінде өмір сүріп жатыр.


Наурзумский район




Қоржынов Қанен

       1906 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №4 Елтай ауылында дүниеге келген. Сол жердегі бастауыш мектептен 4-сыныптық білім алып, Тельман колхозында есепші болып жұмыс істеген. 1942 жылдың 22 маусым айында әскер қатарына шақырылып, Челябі облысының Шұбаркөл қаласында әскери дайындықта болғаннан кейін 261-ші атқыштар полкі құрамында Солтүстік-Батыс майданында Великие Луки қаласы түбіне алғашқы рет соғысқа кіреді. Украина, Чехославакия, Польша елдерін жаудан азат соғыстарында болады. 1944 жылы Одер өзенінен өтудегі шайқаста денесі төрт жерден жараланып, Тула қаласындағы №5383 госпиталінде ұзақ емделіп, сол жылдың желтоқсан айында әскер қатарына жарамсыз болып елге оралады. Соғыстағы ерлігі бағаланып «Ерлігі үшін» медалімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Елге келіп, жарасынан айыққаннан кейін, осы аудандағы 8 март, «Чапаев» колхоздарында есепші болып жұмыс істеген. Ауданда совхоздар ұйымдасқанда «Коммунизм жолы» совхозында зейнеткерлікке шыққанға дейін кассир болған. Зайыбы Орынбасар екеуі көп жыл өмір сүріп, ұл-қыздарынан 42 немере, 20 шөбере сүйген. 1982 жылы қайтыс болды.


Амангельдинский район




Қосмағанбетов Қабылқасым

       1924 жылы қазан айында Торғай қаласында туған. 1942 жылы орта мектептің 9 сыныбынан тамыз айында Кеңес Армиясының қатарына шақырылған. Отан соғысын Германия жерінде аяқтаған. І Украина майданының 95 танк атқыштар полкінің құрамында соғысқан. Бір рет жарақатты болған. 1947 жылға дейін Германиядағы әскери тобында қызмет істеген. «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен, Жеңістің мерекелік медаль-белгілерімен, сондай-ақ Отан соғысы орденімен марапатталды. 1947 жылы елге келіп, Торғай қазақ орта мектебінде, Ленин атындағы орта мектепте, Қарасу мектебінде, ал 1978 жылдан 1984 жылы зейнетке дейін Ы.Алтынсарин атындағы Торғай орта мектебінде ұстаздық етті. Жұбайы Зейнеп Әбілдина екеуі 9 бала өсірген, олардан 26 немере, 9 шөбере, 1 шөпшегі бар. Өмірін адам тәрбиелейтін шәкірт болуға аранаған ұстаз 1994 жылы тамыздың 25-інде дүниеден озды.


Джангельдинский район




Қоянбаев Қойшыбай

       1913 жылы, кезінде Торғай ауданы, №6 ауылда туған. Әскерге 03.1942 жылы Торғай АӘК-нан алынып, Шұбаркөл қаласында әскери дайындықтан өтіп, соғыста 150 арт.дивизионда қатардағы жауынгер болған. Әскерден 05.1945 жылы босап елге келіп, Аманкелді аудан орталығындағы мекемелерде машина жүргізуші болған. Зейнеткерлікке аудандық мәдениет бөлімінде жүргізуші-киномеханик болып жұмыс істеп жүргенде шыққан. 1985 жылы қайтыс болған. Жанұясында 6 ұл, олардан немерелері бар.


Амангельдинский район




Қуандықов Зейнолла

       1926 жылы 1 қыркүйекте Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Еңбекті ауылдық кеңесіне қарасты 7 ауылда туған. Аманкелді АӘК-нан 1944 жылдың желтоқсан айынан әскерге алынып, Москва түбіндегі ішкі істер бөлімінде, айрықша бөлім құрамында қызмет еткен. Әскер қатарынан 1950 жылдың наурыз айында босап елге келіп, аудан колхоз, совхоздарында жұмыс істеген. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістің соғыстан кейінгі мерекелік медальдарымен марапатталған. Жанұясы, ұл, қыздары мен немерелері бар.


Амангельдинский район




Қуанышбаев Нұржан

       1904 жылы Қараторғай болысы, кейінгі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып, 41 армиясының арнаулы ротасында қызмет еткен. Жау әскерін Сталинград майданынан Одер өзеніне дейін шегіндіру ұрыстарына қатынасып, 1945 жылы жараланып, госпитальда емделіп, әскер қатарына жарамсыз болып, елге оралған. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Даңқ орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін малшы болып жұмыс істеген. 1990 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Қыдырмаұлы Шәйкен

       1906 жылы қантар айының 10-да бұрынғы Торғай үйезінің Науырзым болысында дүниеге келген. 12-жасында әкеден, 14 жасында шешеден жетім қалыпты. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына Қостанай облысының Аманкелді аудандық әскери комиссариаты арқылы алынады. Соғысқа Еділ бойында, Сталинград және Украина майдандарында қатынасқан. Майданда үш рет ауыр жараланған. Жаудың Сандомир бекінісін бұзуға, Оппельн, Равич, Трахтенберг қалаларын басып алуға қатысты. Берлинге 150 км жетпей барып тоқтады. Ұлы Отан соғысынан елге 1945 жылы 20 мамырында оралды. Бірден колхоз жұмысына араласты, жылқы, қара мал бақты, қол жұмыстарын істеді. 1966 жылы зейнеткерлікке шықты. ССРО-ның Қарулы Күштерінің, Ұлы Жеңістің мерей тойларына арналған мерекелік медальдары бар. 1984 жылы 18 наурызда дүниеден өтті. Жұбайы Бәтима Оспанқызы екеуі отбасында 4 бала тәрбиелеп өсірді. Ол балаларынан қазір 16 немере, 21 шөбересі бар.


Наурзумский район




Қылдыбаев Қимат

       1924 жылы мамыр айының 24 күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Жаңа-ауылдық Кеңесінде «Ағашты көл» деген жерде туған. 1942 жылдың 4 ақпанында Қызыл Армия қатарына шақырылып, Свердловск облысының Ірбіт қаласындағы әскери дайындықтан өткеннен кейін 27-атқыштар дивизиясының 74-ші полкінің қарамағына жіберіліп, Калуга қаласы мен басқада елді мекендерді жаудан босатады. 1943 жылы жазғы шабуыл басталады да бұл жолы Брянск, Орджоникидзе, Орел қалаларын жаудан азат етуге қатысып, Белоруссия жерінде де болып, Гомель қаласы мен ондаған елді мекендерді босатуға қатысады. Польшаның Гнезно, Курно және Познань қорғанын жаудан босатудағы қырғын ұрыста жараланып, Саратов қаласындағы госпитальға жіберілді. Емделіп шыққаннан кейін 47 армияның 334 гвардиялық атқыштар полкіне жіберіліп, соғысты Берлин қаласына жақындағанда аяқтаған. Содан 1946 жылы армия қатарынан босап, елге келіп аудандағы мал бордақылау ұжымында мал дәрігері, мал қабылдаушы жұмыстарын істеп, зейнеткерлікке шығады. Соғыста ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың және соғыстан кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Қазір аудан халқының құрметті соғыс ардагері. Екі ұл, бір қыз, бес немере ұрпақтары бар.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика