Жүсіпбеков Арғынғазы 1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 01.1943 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 166 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскер қатарынан 1945 жылы мамырда босап елге келген соң, көп жыл бойы мал бордақылау ұжымында жұмыс істеген. Жауынгерлік үш медальмен марапатталған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жүсіпов Қабден 1919 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 167 АД, 465 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1945 жылы босаған. 1995 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жүсіпов Асқар 1917 жылы қазіргі Науырзым ауданында туған. 1939 жылы тарихқа Финн соғысы деген атпен белгілі болған, әскери қарулы қақтығысқа қатысады. Кейін Ленинград маңындағы Гатчино әскери ұшқыштар дайындайтын оқу орнын тәмамдаған жылы Ұлы Отан соғысы басталған еді. Майданға 1941 жылы 618 авиаполктің құрамында Сталинград қаласының түбінде кіріскен. Бұл кісінің соғыстағы ерлігін Үкіметтен алған наградаларының өзі айғақтап тұр. Олар Қызыл Жұлдыз ордені, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Кавказды қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдар. Елге 1946 жылы қырқүйек айында оралып, 30 жылдан астам Науырзым аэропортында қызмет атқарған, 1977 жылы құрметті демалысқа шыққан. 1946 жылы үйленіп бес бала, он екі немере сүйіп, 1996 жылы алтын тойларын өткізген. 2003 жылы желтоқсан айында дүниеден өтті. Наурзумский район |
Жүсіпов Аяпберген 1904 қазіргі Қостанай облысы, Жанглдин ауданы, Аманкелді ауылдық кеңесіне қарасты Тамқамыс елді-мекенінде туған. Жастай әке-шешесінен айырылып, кісі қолында жүрген. Серіктік, ұжымшар жұмысына ерте араласқан. Дайындау пунктінде де қой баққан. 1937 жылдан 1942 жылға дейін Тамқамыс ұжымшарында еңбек еткен. 1942 жылдың басында Отанын қорғау үшін майданға аттанды. Челябінің Шұбаркөлінде дайындықтан өтеді. Ол Сталинград майданында соғысты. Соғыс жылдары басынан, жамбасынан жараланды. 1945 жылы соғыстан оралғаннан кейін 1950 жылға дейін Тамқамыста, кейін іріленген Сталин атындағы ұжымшарда жұмыс істеді. 1960 жылы кеңшар құрылған кезінде Қарақұдық бөлімшесінде 1965 жылға дейін шопан болды, зейнеткерлікке шықты. 1980 жылдың қыркүйек айында қайтыс болды. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында медаль, белгілермен марапатталды. Джангельдинский район |
Жүсіпов Бопай 1919 жылы Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, Шұбаркөл қаласында дайындықтан өткеннен кейін 441 АП, 85 АД құрамында қатардағы жауынгер болған. Соғыстағы ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен, І дәрежелі Даңқ орденімен, «1941-1945 жылардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, сонымен қатар соғыстан кейінгі жеңістін мерекелік төрт медальдарымен марапатталған. 1993 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жүсіпов Жүніс 1919 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1941 жылы маусымда алынып, соғыста 65 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік үш медальмен марапатталған. Әскерден босап келген соң, совхозда жұмыс істеген. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жүсіпов Зейнолла 1926 жылы 10 ақпан айында Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Еңбекші ауылдық Кеңесінің Молотов атындағы колхозында дүниеге келген. 1944 жылы 18 қарашада әскер қатарына шақырылды. Әскери дайындықтан кейін екінші Украина майданына жіберіледі, 298-ші жаяу атқыштар полкінің құрамында болып, Одер өзенінен өтердегі кескілескен ұрысқа қатысады. Жеңісті Балтық жағалауын жаудан тазартуда қарсы алып, Германия жерінде 1947 жылға дейін болған, Өзбекстанның Әндіжан қаласына келіп, әскери қызметін жалғастырған. Әскер қатарынан 1948 жылы босап елге келген. Келісімен үйленіп, ауылшаруашлығы саласында жұмыстар атқарған. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен және алты мерекелік медальдармен марапатталған. Қазір жұбайы Жамиля екеуі 3 бала тәрбиелеп, олардан немере сүйіп отыр. Амангельдинский район |
Жүсіпов Сапабек 1921 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Байғабыл деген жерде дүниеге келген. Сол жердегі мектепте оқып, бастауыш білім алған. 1 Май колхозында жұмыс істеген. 1942 жылдың 5 мамырында Торғай әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылды. Шұбаркөлде әскери дайындықтан өтіп, 135 дивизияның 137 атқыштар полкінің 2 батальонында қатардағы жауынгер Сталинградты қорғау қыймылдарына жан аямай белсенді араласады. Кейін IV Украина майданында Донбасс, Мелитополь Керчь, Севастополь қалаларын босату ұрыстарына қатынасады. 1944 жылы Польшаның Сандомир, Люблин қалаларын босатады. Армия қатарынан 1946 жылдың мамыр айында босайды. 1965 жылға дейін Қарағанды қаласында шахтада жұмыс істеп, өзінің туған жері Аманкелді ауданы «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы совхозға көшіп келіп құрылыста жұмыс істеп, 1987 жылы зейнеткерлікке шығады. Жанұясында 4 ұл, 5 қыз және олардан өрбіген 22 немере, 8 шөбере бар. 1992 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жүсіпов Сейдахмет 1906 жылы Торғайдың Сужарған ауылында туған. Алғашқы уақытта серіктестікте, кейін ұжымшарда жұмыс істеген. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1942 жылы әскерге шақырылып, жаяу әскерлер қатарында соғысқан. 1946 жылы желтоқсан айында елге оралған. Әуелі «1 май» ұжымшарында еңбек етті. Кейін зейнетке шыққанға дейін «Албарбөгет» кеңшарында еңбектенеді. 1968 жылдан зейнеткер. Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен атап өтілді. Төрт ұл, екі қызынан тараған немере, шөберелері әр салада еңбек етуде. 1978 жылы Сужарғанда дүние салған. Джангельдинский район |
Жақыпбеков Қалибек 1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1940 жылы әскерге шақырылып, 861 АП минометчик болған. Әскер қатарынан 1942 жылы босап келіп, елде жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |