Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'А' было найдено совпадений: 24120


Байдак Иван Григорьевич

       Родился 7 ноября 1919 года в поселке Каракопа. Окончил 4 класса. На войне с 1944 года, 32 отдельный танковый полк - шофёр. После войны вернулся в родной посёлок, где работал кузнецом. Жена Байдак Анна Ивановна. Воспитали двух сыновей. Имеет боевые и мирные медали.


Федоровский район




Байдаков Айтжан

       Родился в 1921 году в ауле Берсуат Джетыгаринского района. В 1939 году Джетыгаринским РВК призван в ряды РККА. Воевал в составе I Белорусского фронта. Участвовал в боях под Москвой. Гвардии старший сержант. После войны жил и трудился в поселке Адаевка шофером в колхозе имени Буденного, затем в совхозе имени Горького. Награжден орденом Красной Звезды, медалью «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.». Умер, похоронен в Адаевке.


Камыстинский район




Байдаков Айтжан Смағұлұлы

       1914 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жітіқара ауданының Берсуат ауылында дүниеге келген. Сұрапыл соғысқа 1941 жылы аттанып, соңына дейін қатысқан. 1945 жылы жарақаттанған. Туған елге 1946 жылы 21-ші мамырда оралған. Бұл кісі зейнетке шыққанша жүргізуші болып Шолақсай ауылында жұмыс істеген. 1950 жылы Науырзым ауылына көшіп келіп, сол жерде 30 жыл тұрады. 1988 жылы Дәмді ауылына көшіп келген. 1989 жылы қайтыс болған. Төрт ұл, төрт қыз, жиырма сегіз немере, жеті шөбересі бар. Майдандағы ерлігі орден, медальдармен марапатталған.


Наурзумский район




Байдалин Байбак

       Родился в 1925 году. Призван в 1943 году Семиозерным РВК. Участвовал в боях в составе в/ч. 321440. Ранен, проходил лечение в Казанском гарнизонном госпитале №361. Демобилизован 1. 12. 1943 года.


Аулиекольский район




Байдаулетов Сапабек

       1925 жылы 29 мамырда Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Жаңа ауыл ауылдық кеңесінің Байдаулет деген жерде дүниеге келген. Соғысқа 1942 жылы Ақтобе облысының Ырғыз аудандық комиссариатынан алынған. Бірінші ұрысқа Белорус майданының Волинск деген жерінде кіреді. Кейін Венгрия, Польша жерін неміс басқыншыларынан босатады. Әсіресе Варшава қаласын босату ұрыста көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз ордені берілді. Берлин қаласына кіретін негізгі қақпасы Брандербургтегі ұрыста «Берлинді алған үшін» медалімен марапатталды. Армия қатарында 1949 жылға дейін қызмет етеді. Өзінің туған жері Аманкелді ауданына 1955 жылы оралып, аудандық тұтынушылар одағының төрағасына дейін жоғарлайды. Сауда орындарындағы еңбектері бағаланып, «Қазақстанның үздік сауда қызметкері» белгісін, бірнеше мақтау грамоталарымен марапатталды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін 1994 жылы ауыр науқастан қайтыс болады. Жанұясында 1 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірген және немерелері бар ардагер.


Амангельдинский район




Байдіков Қайырбек

       1915 жылы 1 тамызда туған. Әскер қатарына 1942 жылы қазан айында Торғай АӘК-нан алынып 1258-ші АП құрамында қатардағы жауынгер. Әскерден 1945 жылы босап, бригадир болып жұмыс атқарып, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Байділдин Ғабдолла (Қабылда)

       1909 жылы Шилі өңірінде туған. Торғайда жеті жылдық білім алған. Елге белгілі азамат, жақын туысы Мақсұт Жоламанұлының бастауымен мұғалімдер курсын аяқтап, туған ауылында көп жыл оқытушы боп еңбек етті. Ұлы Отан соғысына қатысушы, Белоруссия, Украина жерлерін азат ету ұрыстарының дәл ортасында болды. Жауынгерлік медальдары бар. Соғыстан кейін елге келіп, әуелі мұғалімдік жұмыста, кейін ауылдағы мал дәрігерлік дәріхананың меңгерушісі болды. Жалғыз қызы Тұраш Қостанай ауданында тұрып жатыр. Үлгілі, инабатты отбасының ұйытқысы.


Джангельдинский район




Байділдин Қапар

       1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 07.1941 жылы Торғай АӘК-нан алынып, соғыста 999 әскери бөлім, 1771 АП құрамындағы 3 дербес АБ қатардағы жауынгер болған. Ленинград майданындағы ұрыстарға қатысып, жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Даңқ орденімен және 7 медальмен марапатталған. Әскерден 05.1945 жылы босаған, көп жыл бойы аудандық іші істер бөлімінде қызмет етіп, зейнеткерлікке шығып, 25.06.1998 жылы қайтыс болған. Жанұясында балалары мен немерелері бар.


Амангельдинский район




Байділдин Едрес

       1917 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 277 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік 7 медальмен марапатталған. Көп жыл бойы ұстаз, мектеп директоры болып жұмыс істеген. 1996 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Байділдин Хайролла

       1926 жылы 10 ақпан күні Аманкелді ауданы Шыңсай ауылдық кеңесіне қарасты Кеңтүбек деген ауылда туған. 7-ші сыныпты бітіргеннен кейін, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып кеткен соң әрі қарай оқи алмай Кеңтүбек колхозында екінші есепші болып жұмыс істеген. Қызыл Армия қатарына 1945 жылдың ақпан айында алынып, Приморск өлкесінің Ворошилов қаласындағы танк бригадасының 24-полкі құрамында болған. Сол жылдың тамыз, қыркүйек айларында Жапония арадағы соғысқа қатысып, жараланған. Кейін 1950 жылдың наурыз айына дейін Совет Армия қатарында қызмет етіп, 2-топтағы мүгедек болып елге оралған. Отан соғысы ордені мен «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» және «Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков» медальдарымен марапатталады. Барлығы 12 медальдардың иегері. Аудандық мал бордақылау ұжымында 38 жыл есепші, бас есепші және 8 жыл ұжым директоры болып қызмет атқарған. Білім арнаулы ортадан жоғары, экономист дайындайтын техникумды бітірген. 9 баласы, 18 немересі, 2 шөбересі бар. Қоғамдық жұмысқа белсене араласады. 1997 жылдан аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі және алқа мүшесі.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика