Жақыпбеков Өтеген 1916 жылдың тамыз айында қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Қостанай ҚӘК-нан шақырылған, 2-ші АП қатардағы жауынгер болған. 1942 жылы Могилев қаласы маңындағы ұрыста жараланып, І топтағы мүгедек болып елге оралған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жақыпов Бақыткерей 1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданына қарасты Сарыторғай деген жерде туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскер қатарына шақырылып, 715 АП құрамында қатардағы жауынгер болып І Украина майданында соғысқа қатынасқан. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Киевті қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және соғыстан кейінгі жеңістің төтр мерекелік медалімен марапатталған. Әскер қатарынан босап келген соң, осы ауданның «Сарыторғай» совхозында жүргізуші болып жұмыс істеген. 1995 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жақыпов Жүніс 1902 жылы Қараторғай болысында туған. 1942 жылдың қаңтар айында Пешков АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 633 корпус құрамында арт.полкте көздеуші болған. Соғысты 1945 жылдың 22 шілдеде аяқтап, елге оралған. Жауынгерлік «Ерлігі үшін», «Кеңестік Заполярьені қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Көп жыл бойы аудан совхоздарында жұмыс істеген. 1962 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жақыпов Мағауйя Арақарағай жеріндегі Құттық аулында 1920 жылғы 22 шілдеде көп балалы отбасында дүниеге келді. Төрт жасында әкесі қайтыс болғаннан кейін, балалар үйінде тәрбиеленген. Он жеті жасында Қостанай педагогикалық училищесін бітіріп, екі жылдай Қызылағаш ауылындағы мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. 1940 жылы әскер қатарына шақырылғанша, партия мүшелігіне қабылданды, Обаған аудандық комсомол, кейін партия комитеттерінде техникалық хатшысы болды. Қатардағы жауынгер Хабаровскідегі дивизиялық мектебінің курсанты болып қабылданды. Соғыс басталысымен майданның алғы шебіне жіберілді, 82-ші дивизия құрамында Москва үшін шайқастарға қатысқан. Содан кейін талай ұрыстарда болды, жарақаттанды, емделді, тағыда майдан шебі. Хабаровскіге қайтып, училищедегі оқуын жалғастырды. Жеңіс күнін де осы қалада қарсы алды. Бірақ соғыс бұнымен бітпеді, милитаристік Япониямен жалғасты. Ол да 1945 жылдың күзінде жеңіспен аяқталды. Отан алдындағы борышын абыроймен орындағаны үшін Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін 1946 жылы Қостанай аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы болды. 1951-1953 жылдары Алматыдағы Жоғарғы партия мектебінде оқыды. Комсомол орталық комитетінің мүшелігіне сайланды. Елуінші жылдардың аяғынан бастап, құрметті демалысқа шықанша Қарабалық, Қостанай аудандарында, облыс орталығында партия комитеттерінде, ауылшаруашылық басқармаларында, жоспарлау мекемелерінде жоғары лауазымды қызметтерді атқарды. Еңбегі жоғары бағаланды, марапатталды. Жұбайы Жакупова Күляшпен алты бала өсірді, он төрт немересі бар. Костанайский район |
Жақыпов Сейдазім 1921 жылы Аманкелді ауданы, № 6 Бестау ауылдық кеңесіне қарасты Тасты ауылында туған. Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, 62 АП, 26 АД, 184 гв.АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Польша, Венгрия жерлерін жаудан тазарту ұрыстарына қатынасқан. Жауынгерлік ерлігі үшін «Будапешті алғаны үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік төрт медалімен марапатталған. Әскерден босап келгеннен соң аудан колхоз, совхоздарында жауапты қызметтер атқарған. 1999 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жақыпов Смағұл 1909 жылы қаңтардың 24 күні, бұрынғы Торғай уезі, Көк ала ат деген жерде дүниеге келген. Соғысқа дейін колхозда жұмыс істеген. Қызыл Армия қатарына 1942 жылдың наурыз айында Торғай әскери комиссариятынан алынған. Шұбаркөлде әскери дайындықтан өтіп, Сталинград қаласын азат ету ұрыстарына қатынасқан. 196-шы атқыштар дивизиясы құрамындағы 893 атқыштар полкінде Прудовая станциясы үшін ұрыста басынан жараланып, госпитальға түскен. Жазылып шыққаннан кейін 258 әскери ветлазаретке ауыстырылған. «Сталинградты қорғағаны үшін» және соғыстан кейінгі мерекелік алты медальдары бар, және І дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері. Майданнан елге оралған соң, Жангелдин және Аманкелді аудандарында кіші мал дәрігер болып, зейнетке шығады. 1996 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
Жаңғабылов Жапар 1924 жылы 13 қарашада Торғайда туған. 1942 жылы Торғай әскери комиссариаты армия қатарына шақырған. 298 атқыштар полкінің 26-169 әскери бөлімінде ұрыстарға қатысқан. «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдармен марапатталған. Елге 1950 жылы маусым айында оралған. Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, сондай-ақ ССРО Қарулы Күштерінің айтулы жылдарында мерекелік медальдармен марапатталған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен атап өтілген. Әскерден келгеннен бастап аудандық байланыс мекемесінде кассир-оператор болып істеді. «Еңбек ардагері» медалінің иесі. 1954 жылы Сұлтанханова Сәбиламен үйленіп, 9 бала өсірді, 15 немересі бар. 1987 жылы еңбек демалысына шықты. Соғыс және еңбек ардагері дүниеден өтті. Ұжымына, өзін білетін адамдарға өте сыйлы, кішіпейіл, қамқор жан еді. Джангельдинский район |
Жабаев Камали Бупежанович Родился в 1926 году. Ушел на фронт в возрасте 18 лет. Воевал на 2 Белорусском фронте. Был стрелком 120 стрелкового полка 69 стрелковой дивизии 65 армии пехотных войск. Участвовал в боях за освобождение Польши, дошел до Берлина в звании лейтенанта. В 1951 году окончил военное пехотное училище. Служил на Чукотке, во Владивостоке. На пенсию ушел в звании капитана. Награжден орденом Отечественной войны II степени, медалями «За боевые заслуги», «За освобождение Варшавы», «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», юбилейными медалями.
Сарыкольский район |
Жабаев Камали Бупижанович 1926-2003гг. Годы службы:1944-1945гг. Участник боев на Ленинградском ф-х. Воинское звание – рядовой, пехотинец. Награжден орденом Отечественной войны 2-й ст., медалями: «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией». г.Костанай |
Жагипаров Ергабыл Жагипаров Ергабыл родился 9 мая 1917 года, Орджоникидзевский район Кустанайской области, пос. Филипповка. Окончил Филипповскую школу – 8 классов.
В 1938 году он уходит в армию и принимает присягу. В этом же году попадает в воинскую часть № 8334 – телефонистом.
С 1939 по 1940 год он побывал в 68-й БАО РАБ телефонист в звании ефрейтора.
А с 1940 по 1942 гг. его отправляют во 2-й Московский отряд особого назначения разведчиком. После этого он попадает в 37-й гвардейский артиллерийский Рижский полк телефонистом-главным ефрейтором.
Дедушка участвовал во взятии города Вены.
После окончания войны дедушка в 1950 году поступает в Алма-Атинскую техническую школу на отделение товаровед, которую в 1952 году заканчивает с отличием.
Мой дедушка был награжден медалями: «За победу над Германией в ВОВ 1941-1945 г.г.», «За боевые заслуги», медалью Г.К. Жукова и орденом Отечественной войны 2 степени, также имеет похвальный лист от товарища Сталина И.В., много юбилейных медалей.
Глядя на биографические данные моего дедушки, сравнивая себя и его, я чувствую боль в душе и слезы моментально вытекают из глаз.
Нелегкое время было тогда, но сегодня в связи со всеми переменами жизни я благодарна ему, что живу с памятью в сердце о нем.
Встав повзрослее, я хотела бы, чтобы дедушка поддерживал меня и сегодня, ведь детские годы уже позади. Передо мной открыты дороги, по какой из них мне пройти? Ответа не услышу от деда теперь. Он покинул нас 1 января 2007 года.
Житикаринский район |