Үкiбасов Сарлақ Қазіргі Қостанай облысы, Аманкелдi ауданында 1918 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген. Осы Аманкелдi ауданында мектептi бiтiрген. Ұлы Отан соғысына 1941 жылы шақыртылып қатысқан. Соғыстан 1945 жылы келген. Соғыстағы ерлiк iстерi үшiн ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «Еңбек ардагері», Жеңістің мерекелік бес медальдарымен марапатталған. Елге оралған соң, қызмет еткен. Жұбайы Қанипа екеуi 2 бала тәрбиелеп, немере көрген кiсiлер. Наурзумский район |
Үндемесов Жаманқұл 1925 жылы Шилі өңірінде дүниеге келген. Білімі 7 класс. Жітіқарада механизаторлық мамандықты меңгерген. 1942 жылы армияға алынған. Челябі облысының Шұбаркөлінде сегіз ай дайындықтан өтіп, Украина майданында соғысады. Курск шайқасында сол жақ иығынан жараланған. Госпитальдан шыққан соң, 44 танк бригадасының құрамында соғысып жүргенде 1944 жылы кеудесінен ауыр жарақат алып, Москвадағы госпитальда емделген, кейін Ессентуки санаториінде сауықтандырылды. Соғысқа жарамаған соң, елге қайтарылған. Ауылда әуелі әкесімен бірге жылқы баққан. Кейін 1958 жылдан 1985 жылға, зейнетке шыққанға дейін, «Бестау», «Шилі» кеңшарларында техникалық қойманың меңгерушісі боп істеді. ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, бірнеше медальдары бар. Қазір өзінен тараған балалары мен немерелерінің арасында бақытты өмір сүруде. Қоғамдық өмірге белсене араласатын, тынымсыз ардагер. Джангельдинский район |
Үнембаев Танаубай 1918 жылы Ақжар қонысында дүниеге келген. Армияға 1939 жылы шақырылған. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысты. Балтық жағалауындағы Латвия, Литва елдерін жаудан тазартуға үлес қосқан. Елге 1946 жылы мамырда оралды. 1960 жылға дейін кеңшарда мал бағып, еңбек үлгісін көрсетті. 1988 жылы дүниеден өтті, ұрпақтары бар. Джангельдинский район |
Үркімбаев Құлатай Мырзаболатұлы 1926 жылы Шолақсай өңiрiнде туған. 1944 жылы қараша айында майданға аттанды. Ұрыста ерлiгiмен көзге түскен. Әскери дайындықты шебер меңгерген. 36 рет соғыста алғыс алған, орден-медальдармен марапатталған, үздiк артиллерист. 1950 жылы елге оралды. Зейнеткерлiкке шыққанша ауылда еңбек еттi. Үйленген, артында балалары мен немерелерi қалды. Наурзумский район |
Әбдіғалиев Сейітфазыл 1918 жылы Қаламқарасу ауылында туған. 1939 жылы Қостанайда педтехникум бітірген. Торғайдың орталығындағы мектепте оқытушы боп жүргенде 1941 жылы әскер қатарына алынған. Бірінші Украина майданында ұрыстарға қатынасқан. Жарақаттанып, неміс әскерлерінің тұтқынына түскен. Кейін кеңес әскерлері азат еткен соң, қайтадан жауға қарсы соғысты. Елге 1947 жылы оралды. Зейнетке шыққанға дейін Қаратүбек орта мектебінде мұғалім, интернат меңгерушісі міндеттерін атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медальдармен марапатталған. 1991 жылы туған ауылында дүниеден өтті. Джангельдинский район |
Әбдіқадыров Әбдібек 1924 жылы Қостанай облысының, Аманкелді ауданында Тасты деген жерде туған. Аудан орталығында орта мектепте оқып жүргенде 1941 жылы соғыс басталып, Қызыл Армия қатарына алынады. Әскери дайындықтан өтіп, Украина майданындағы 383 атқыштар, соңынан 896 атқыштар полкі құрамында соғысады, Венгрия, Австрия, Чехословакия жерлерін немістерден азат етуге қатысады. Соғыста 2 рет жараланып, госпитальда емделіп, соғысқа қайта кіріседі. Майдангер елге оралған соң Амантоғай совхозында есепші, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Жданов атындағы колхоздың басқармасы, Жангелдин атындағы колхоздың басқарма орынбасары, кейін совхоздар құрылғанда бөлімше меңгерушісі болып, зейнеткерлікке шыққанша жұмыс істейді. «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», және мерекелік медальдармен марапатталған. 11 қараша 1974 жылы қайтыс болды. Артында 4 балалары мен немерелері бар. Амангельдинский район |
Әбділдин Сұлтан 1921 жылы Аманкелді ауданының Қарасу ауылында туған. Білімі бастауыш. 1942 жылы қаңтар айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 1075 АД, 615 АП қатардағы жауынгер болған. 1944 жылы ІІ топтағы мүгедек болып елге оралған. Елде зейнеткерлікке шыққанша шофер болып жұмыс істеген. 1987 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әбділдин Сағи 1913 жылы Торғай өңірінің Сары-Қопа деген жерінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына дейін сол кезде құрылған серіктестікке мүше болған. Торғай әскери комиссариатынан 1942 жылдың маусым айында әскер қатарына шақырылып, 1943 жылдың қаңтар айына дейін 393-ші дивизияның әскери - темір жол батальонында жауынгерлер тиелген эшелондардың жүру тәртібін ретке келтіруде жұмыс істеген. 1943 жылы 5 мамыр айында бұл бөлім 96-ші дивизияның құрамына беріліп, Воронеж, Брянск, ІІ Прибалтикалық майдандарда соғысқан. Соғыс майданында көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен «Ерлігі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысысында Германияны жеңгені үшін», және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марпатталған. Әскер қатарынан 29 қарашада 1945 жылы босады. Елге оралған соң бір отар қой алып, Державин ауданына қарасты «Қызыл тал» совхозында шопан болып істеген. 1965 жылы туған жері Аманкелді ауданына көшіп келіп, Госбанкте көп жыл күзет қызметінде істеп зейнеткерлікке шыққан. 1988 жылы маусымның 12-де ауыр науқастан қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әбділдин Садық 1924 жылы Аманкелді ауданы, №5 Қызыл ту ауылдық кеңесіне қарасты Бүйректал ауылында туған. 09.1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 260 жеке арт.дивизия қарамағында қатардағы жауынгер болған. Соғыста 2 рет жараланған. Ерлігі үшін 7 медальмен марапатталған. Әскер қатарынан 05.1945 жылы босап келіп, көп жыл бойы есеп қызметінде істеген. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әбдірахман Жәкіш (Шаћмардан) Қазіргі Жангелдин ауданына қарасты Шилі ауылында 1924 жылы дүниеге келген. 1942 жылы соғысқа аттанып, Калинин мен Ленинград майданындағы ұрыстарға қатынасқан. Валдай, Старая Русса, Дно, Псков қалаларын, сондай-ақ Балтық жағалауында соғысып Эстония, Латвия, Литва елдерін жаудан азат етуге үлес қосқан. Кеңес Армиясы қатарында 7 жыл қызмет атқарып, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және 9 медальмен марапатталған. 1949 жылы наурыз айында елге оралады. 1949-1963 жылдар аралығында аудандық тұтынушылар одағында тексеруші (ревизор), 1963-1988 жылдар аралығында аудандық қаржы бөлімінде бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушысы, тексерушісі (ревизор). 1988 жылы зейнетке шықты. Табиғат берген дарынының арқасында Жәкең тамаша суретші болатын. Ауданның қоғамдық, мәдени өміріне белсене араласты. Көркемөнепаздар спектакльдерінің декорациясын алғаш жасап беруші еді. Отбасында 8 бала тәрбиелеп өсірді. 1993 жылы 25 мамырда қайтыс болды. Джангельдинский район |