Әміралин Сапа Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №3 ауылда 1922 жылдың 18 наурызында дүниеге келген. Әке-шешеден ерте айрылған. 1941 жылдың 19 қазанында Жаңа ауыл орта мектебінің 7-ші сыныбынан әскерге шақырылады. Майданда 520-шы атқыштар дивизиясының құрамында соғысады. 1942 жылы қолынан ауыр жараланып, госпитальда емделеді, сол жылы елге оралды. Көп ұзамай еңбекке араласады. Бухгалтердің көмекшісі, колхоздың есепшісі, қойма меңгерушісі болған. Қорғасын руднигінде, байыту фабрикасында істеген жылдары бар. Қайынды, Иманов атындағы кеншарларда құрылыс басқарушы міндеттерін атқарған. 70-ші жылдары жұмысшылар кооперативінде, жинақ кассада істеген, зейнеткерлікке шығады. Көптеген медальдармен және мақтау грамоталарымен марапатталған. 2003 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
Әміров Әбдіғамал 1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан алынып, 01.1942-1943 жылдар аралығында 119 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Елге І топтағы мүгедек болып оралған. Жауынгерлік 3 медальмен марапатталған. Елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанға дейін есеп жұмысында істеген. 1985 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әміров Әбіл 1912 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін өзінің қатарынан өжеттігімен, алғырлығымен көзге түскен. Жаңа ұйымдасып жатқан серіктестіктер ісіне араласады. Кейін шағын ұжымшарлардың біріне басшы да болған. 1941 жылы күзде әскерге шақырылып, Шұбаркөлдегі дайындықтан өтіп, Мәскеуді қорғауға, кейін Ленинград қоршауын бұзуға қатысқан. Соғыстағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», жеңістің мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан 1945 жылы елге келіп, ауданды алдымен колхоз мекемесіне бастық болған. Ауданда өртке қарсы күрес мекемесінің алғаш басқарушылардың бірі. Аудан басшылары оған басқаруды сеніп тапсырған болатын. Біраз уақыт Албарбөгет жұмысшы кооперациясына да бастық болды. Жұбайы Ақбөкен екеуі 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Қазір 13 немере, 20 шөбересі бар. 1976 жылы Әбіл Әміров дүниеден өтті. Кемшлікке төзбейтін, қиындықтан қорықпайтын жан еді. Джангельдинский район |
Әмірхамзин Ғабдол-Ғазез 1912 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы Жалдама бойында туған. 1924-1930 жылдары Аманкелді орта мектебінде оқыған. 1936 жылы Жасбуын орта мктебінде мұғалім болып істеген. 1939 жылы армия қатарына алынған. Финн және Ұлы Отан соғыстарына қатынасқан. «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалінің, Қызыл Жұлдыз орденінің, бірнеше мерекелік медальдардың иегері. 1946-1972 жылдары аралығында Жаңа-тұрмыс, Үрпек ауылдарында мұғалім болып жұмыс істеген. 1972 жылы зейнеткерлікке шығып, 1999 жылы 87 жасында қайтыс болған. Артында 4 баласы, 13 немересі бар. Амангельдинский район |
Әмірхамзин Ғабдол-Ысқақ 1923 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы Жалдама бойында туған. 1930-1936 жылдары Аманкелді орта мектебінде оқыған. 1941 жылы армия қатарына алынып, 1942 жылы денсаулығына байланысты армия қатарынан босап, елге оралған. Сол жылдардан бастап елде есепші мамандығы бойынша жұмыс істеген. 1964 жылы А.Иманов атындағы совхоздың, Ағаштыкөл бөлімшесінде есепші қызметін атқарған. 1967-1983 жылдары Бордақылау совхозында есепші болып жұмыс істеген. 1983 жылы зейнеткерлікке шығып, 1991 жылы 68 жасында қайтыс болған. Әмірхамзин Ғабдол-Ысқақпен зайыбы Сұлтанбекова Мағрипаның артында 2 баласымен, 8 немересі бар. Амангельдинский район |
Әшіров Әбдікамал 1918 жылы Қайдауыл болысы «Ағашты көл» ауылында туған /Аманкелді ауданы/ Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, Ленинград майданында 511 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1944 жылы жараланып, 1 топ мүгедегі болып елге оралған. Жанұясында ұл, қыздары мен немерелері бар. 1995 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Өмірқұлов Қайыр 1917 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы тамыз айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 382 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1944 жылы Ленинград түбінде жараланып елге оралған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Өтебайұлы Әйбек 1908 жылы қазіргі Аманкелді аудан, Рахмет ауылының Зортөбе деген елді мекенінде туып өскен. 1942 жылы 25 шілде айындаАманкелді ауданынан Шұбаркөлдегі жинақ пунктіне әскери даярлыққа аттандырылады. Одан өткеннен кейін бір топ жігіттермен бірге Сталинград қаласының маңындағы ұрыс қимылдары өтіп жатқан ауданда, әскери бөлімшенің 2 дивизиясының 126 атқыштар полкіне қосылады. Сол жерде фашистермен қатты ұрыста ауыр жарақат алып, Свердлов қаласындағы госпитальге түседі. 1944 жылы емделіп шығып, соғысқа жарамсыз болып, елге оралады. 1945 жылдан бастап Аманкелді ауданының үшінші ауылында Ағаштыкөл, Куйбышев колхоздарында ферма басшысы, А.Имановсовхозы құрылғаннан бастап төменгі Куйбышев бөлімшесінің мал маманы, 1968 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Ақкісі бөлімшесінде қойма меңгерушісі жұмыстарын атқарды. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен наградталған. Жолдасы Баспақпайқызы Рәушан екеуі бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген. Балаларынан он сегіз немере, тоғыз шөбере бар. Өтебайұлы Әйбек 1993 жылы18 сәуір күні 85 жасында дүниеден өтті. Амангельдинский район |
Өтегенов Мырзахан Мәжентайұлы 1924 жылы Қостанай облысы, Сарыкөл ауданының Қарамырза поселкесінде туған. 1942 жылы тамыз айында Обаған аудандық әскери комиссариаты шақырып, соғысқа аттанды. Украина майданында 55 армияның 20 атқыштар дивизиясының 215 атқыштар полкінің қатарында талай ұрыстарға қатынасты. Харьков қаласын азат ету кезінде оң иығынан оқ тиіп, ауыр жараланып елге келді. Майдангер жігіт 1947 жылы партияға өтті. Қоғамшыл, белсенді азамат басшылық көзіне түсіп, қызметке араласа берді. Қостанай ауданының Щербаков совхозында партия ұйымының хатшысы болып істеді. Ал 1964 жылы алыстағы Жангелдин ауданына атқару комитетінің төрағасы орынбасарлығына жіберілді. Аудан экономикасы мен мәдениет өсуіне көп еңбек етті. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің айтулы даталарында медаль-белгілерімен марапатталды. 1974 жылы ақпанда ауыр науқастан қайтыс болды. Артында 4 қызы, 6 ұл балалары және олардан тараған немерелері бар. Еңбекқор, елге сыйлы азамат болатын. Джангельдинский район |
Өтепбергенов Досмағұл 1906 жылы Торғайдың Көкалат ауылында туған. Байдың малын баққан, серіктестіктерде еңбек еткен. Атақты Албарбөгет бөгетін салуға қатынасқан. 1931 жылы Орск қаласында теміржолда істеген. Кейін елге келіп шығырмен егін салған. 1941 жылы әскерге алынып, Ленинград майданында ұрыстарға қатысқан. 1943 жылы соғыста бір аяғынан айырылып, 1-ші топтағы мүгедек болып елге оралды. Туған аулы – Аманкелді ұжымшарында қойма меңгерушісі боп жұмыс жасады. Ұлы Отан соғысының мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. Рзакүл есімді қызы, Қапен атты ұлынан тараған немере, шөберелері бар. Өзі 1979 жылы өмірден өтті. Джангельдинский район |