Әбенов Мақсұт 1906 жылы Торғайдың Шилі аулында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Сондай-ақ САУЖОЙдан да дәріс тыңдаған. Ұлы Отан соғысына аттанып, Варшава қаласын азат ету ұрыстарына қатысқан. Соғыста алған жарақатына сай, 1945 жылы елге оралған. Әуелі «Шилі» ұжымшарында, кейін кеңшарда шопан болып істеді. Өкімет марапатына ие болды. Мақсұт ақсақал 1982 жылы қайтыс болды. Балалары Қарабалық ауданында және ауданымызда әр салада еңбек етуде. Джангельдинский район |
Әбеуов Ғабдолла Ғабділкәкімұлы 1922 жылы Шилі өңірінде туған. Шилі жетіжылдық мектебінде мұғалім боп жұмыс істеген. Әскерге 1941 жылы алынып, Смоленск, Сталинград майданындағы ұрыстарға қатысқан. Елге оралғаннан кейін (1945 жылы) ұжымшардағы мектептерде оқытушылық жұмыста болған. 1954 жылы қайтыс болды. Джангельдинский район |
Әбжанов Қаби 1915 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Үрпек ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 09.1941-05.1945 жылға дейін 93 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанға дейін колхоз, совхоздарда ферма, бөлімше меңгерушісі болып көп жыл қызмет істеген. Соғыстағы ерлігі үшін 6 медальмен марапатталған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әбжанов Қабікен 1915 жылы Торғай уезі, қазіргі Шеген ауылында дүниеге келген. 1939 жылы мамыр айында әскерге алынып, Ұлы Отан соғысына қатынасып, елге 1946 жылы маусымда ғана оралған. Украина майданында, Киев бағытында мамандығы жүргізуші болғандықтан бөлімдерге снаряд жеткізіп тұрған. Бірнеше орден, медальдары болған. Елге келісімен шоферлық, сатушылық жұмыстарда болды. Әкесі Тұрманов Әбжан әйгілі Еңбек ері атанған шопан зейнетке шыққан соң сол кісінің отарын қабылдаған, 1975 жылы зейнетке шықты. Соғысқа қатынасушы ретінде Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен марапатталған. 2003 жылы сәуір айында дүниеден өтті. Жұбайы Күлпан екеуі 2 ұл, 1 қыз, өсірген. Джангельдинский район |
Әбжанов Сәмен 1922 жылы 16 мамырда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №5 ауылында туған. Ұлы Отан соғысына 1942 жылы алынды. 1943 жылдың күзіне дейін 520-ші атқыштар полкінде болды. Одан кейін 1945 жылдың маусымына дейін 31-ші танкі полкының барлаушылар взводында болды, Берлинді басып алу шайқасына қатысты. 1945 жылдың жазында Москвада өткен, Ұлы Жеңіске арналған әскери парадқа қатысты. 1946 жылдың соңына дейін 65-ші атқыштар полкінде әскери міндетін Украинада атқарды. Майданда екі рет ауыр, бір рет жеңіл жараланды. Елге оралғаннан кейін Мойынты-Шу темір жол құрылысында істеді. 1947 жылы қыста Уәлиқызы Сәмиғаға үйленді. Өз елі, Қостанай өңіріне қайтып келді. Ауыл шаруашылығының әр саласында жұмыс атқарды. Ферма меңгерушісі болды, қой бақты, жылқышы болды. Абыройлы еңбегінің арқасында Москвадағы халық шаруашылығының жетістіктері көрмесіне қатысты. 1982 жылы зейнеткерлікке шықты. Жұбайы екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді, 17 немере, 7 шөбере бар. Құрметті ардагер ІІ дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет» ордендерімен, «Ерлігі үшін», екі мәрте «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың, «Ерлік еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдармен, Ұлы Жеңіске және ССРО Қарулы Күштеріне арналған жеті мерекелік медальдармен, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған. Ел құрметіне бөленген ардақты ардагер 2006 жылдың шілдесінде қайтыс болды. Джангельдинский район |
Әбілқасымов Жағыпар 1913 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Үрпек ауылында туған. Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 1945 жылдың желтоқсанына дейін қатардағы жауынгер, 481 артполк құрамында болған. Ерлігі үшін 3 медальмен марапатталған. Елге келген соң, көп жыл бойы шопан болып жұмыс істеп қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әбілқасымов Ибатолла 1915 жылы Торғайдың Қошалақ құмында туған. Білімі бастауыш деңгейінде. Елде сауатсыздарды оқытқан. 1938-1941 жылдары дүкенде сатушы боп істеген. 1942 жылы ақпанда әскерге алынған. Москва үшін айқастарға қатысып, 1942 жылдың 13 қарашасында Волхов майданында бір қолдан айрылды. Елге келіп, 1943-1947 жыл аралығында Жангелдин ұжымшарында есепші болды. 1948 жылдан 1960 жылға дейін ұжымшарларда бригадир, есепші, ферма меңгерушісі қызметін атқарды. 1960 жылдан бастап «Бестау», «Шилі», «Юбилейный» кеңшарларында таразы өлшеуші, мұнай базасының меңгерушісі жұмыстарында болды. Соғыс мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. 1985 жылы дүниеден озды. Ұрпақтары Ақтөбе, Қостанай қалаларында, туған ауылы Милісайда тұрып жатыр. Еңбекқор, елге сыйлы ақсақал еді. Джангельдинский район |
Әбілбеков Ақан 1924 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Құмкешу ауылында туған. 1943 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 893 АП құрамында қатардағы жауынгер. 1945 жылы ІІ топтағы мүгедек болып елге оралған. Зейнеткерлікке шыққанша ауылдық кеңесте хатшы болған. Отан соғысы орденімен марапатталған. 1945 жылы 15 сәурде қайтыс болды. Амангельдинский район |
Әбілдинов Әбдіқамал 1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 03.1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 42 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, 06.1943 жылы жараланып елге оралған. Ерлігі үшін 3 медальмен марапатталған. Елге келіп, көп жыл бойы колхоз, совхоздарда жұмыс істеп, зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әбілдинов Тұрсынбек Қозыкеұлы 1925 жылы 25 желтоқсанда Торғай ауданының Шұбалаң ауылында туған. 1943 жылдың қаңтарында Жітіқара ауданында 9 сыныпта оқып жүргенде әскер қатарына алынған, Орал әскери округінің 3 атты әскер полкінің 6 дивизионында барлаушы болған. 1944 жылдың мамырынан тамызға дейін Орал әскери округінің 4 екпінді армиясының жеке барлаушылар ротасында жауынгер. Кейін Прибалтика майданы қарамағында, 332 дивизияның 1119 атқыштар полкінде барлаушы. Соғыстан кейін Глухово қаласындағы өздігінен жүретін артиллерия училищесінде курсант. 1947-1949 жылдар аралығында әскер қатарынан босағанға дейін 738 танкілерді сақтау артиллерия базасында танк командирі. Армиядан келген соң жартыжылдай аудандық әскери комиссариатта іс жүргізуші боп істеді. 1950 жылдан бастап аупартком хатшысының көмекшісі, аудандық спорт комитетінің төрағасы, аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінде аға инспектор боп істеді. 1960 жылдың тамызынан 1963 жылғы шілдеге дейін «Южный» кеңшарында кәсіподақ комитетінің төрағасы боп ауылшаруашылығына араласты. 1963 тен зейнетақыға шыққан. Майдандағы ерен ерлігі Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен және соғыстан кейінгі мерекелік медальдармен белгіленген. Отбасында 3 ұл, 2 қыз өсірген. Джангельдинский район |