Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'в' было найдено совпадений: 25205


Әбілтаев Әбдікәрім

       1921 жылы Аманкелді ауданы №8 ауылда туған. 1929-1935 жылы Семиозер ауданындағы балалар үйінде тәрбиеленген. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 46 гв. АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Лениград қаласын қорғауға қатысып, 23.02.1943 жылы жараланып Киров қаласындағы госпитальда емделіп елге оралған. Колхозда есепші, сатушы болып жұмыс істеп, 1976 жылы зейнеткерлікке шыққан. Жауынгерлік 4 медальмен марапатталған. 1996 жылы қайтыс болған. Артында ұл, қыздары мен немерелері бар.


Амангельдинский район




Әбілтаев Әлшора

       1924 жылдың тамыз айында Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында туған. Аманкелді аудандық әскери комиссариаты арқылы 1942 жылы әскер қатарына алынды. 1943 жылы ауыр жараланып, елге оралады. 1943-1947 жылдары Аманкелді ауданының «Жданов» колхозында колхозшы болды. 1948-1969 жылдары Қостанай облысы, Әулиекөл ауданына қарасты «Жаныспай» станциясында жол бақылаушы жұмысын атқарды. 1969 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішев Ғисса

       1922 жылы Аманкелді ауданы, 7 ауылдық кеңеске қарасты Кемер ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 06.1942 жылы шақырылып, соғыста 615 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 01.1943 жылы жараланып елге оралған. Көп жыл бойы бала оқытып ұстаз және мектеп, кәсіптік техникалық училищеде директор болып жұмыс атқарған. Жауынгерлік 5 медальмен марапатталған. 1996 жылы тамызда қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішев Қылышбай

       1920 жылы 19 қарашада Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Сарыторғай деген жерде туған. Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 319 АП құрамында қатардағы жауынгер. Армиядан 1948 жылы босаған. 1987 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішев Жақия

       1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Екпінді ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 47 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 01.09.1942 жылдан 05.1945 жылға дейін жау қолында тұтқында болған. Елге келген соң көп жыл бойы малшы болып жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішев Картай

       1906 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Аманкелді ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласады. 1942 жылдың ақпан айынан 1944 жылдың наурыз айына дейін 178 атқыштар полкінде атқыш болды. 1944 жылдың 10 маусымында ауыр жарақатына байланысты армия қатарынан босатылды. Соғыстан оралғаннан кейін Жаркешу, кейін Сталин атындағы ұжымшарында әр түрлі жұмыстар атқарды. 1960 жылы кеңшар құрылғаннан кейін Қарғалы бөлімшесінде зейнетке шыққанға дейін шопан боп еңбек етті. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталған. 1984 жылы қайтыс болды.


Джангельдинский район




Әбішов Қылышбай

       1920 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданында туған.1940 жылы әскер қатарына алынған. 1941 жылы соғысқа қатынасып, 122 танк дивизиясы, 109 атқыштар полкінде болған. Соғыста «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 1946 жылы мамыр айында елге оралып, мал шаруашылығында еңбек еткен. 1995 жылы қайтыс болған.


Джангельдинский район




Әбішов Жұмабай

       1906 жылы Торғайдың Сужарған аулында туған. Соғысқа 1942 жылдың аяғында барған. Оған дейін серіктестікте, ұжымшарда еңбек еткен. 56 атқыштар дивизиясының 182 полкінде ұрыстарға қатнасқан. Соғыста контузия алып, елге 1945-тің қазанында оралған. Зейнетке шыққанша аудан орталығында дайындау, сауда мекемелерінде еңбек етті. 1975 жылы қайтыс болды. Баласы Ораз отбасымен Торғайда тұрады.


Джангельдинский район




Әбішов Молдағали

       1916 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Соғысқа 1941 жылы кетіп, 1945 жылы елге оралған. Майдандағы ерлік істері үшін Отан соғысы орденімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен және 10 мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Есіл станциясында жұмыс істеген. Бұл кісіден 10 бала бар: жетеуі қыз, үшеуі ер бала. 1971 жылы қайтыс болған.


Наурзумский район




Әблақасов Жамал

       1924 жылы Торғай қаласында туған. 1942 жылдың тамыз айында әскерге алынған. 9 запастағы артиллерия полкінде, кейін 85 полкте 1944 жылға дейін жауынгер болған. Әскерден 1947 жылы келген. Аудандық промартельге есепші боп орналақан. Кейін аудандық санэпидемстанция мекемесінде істеді. Ұзақ уақыт, 1984 жылы зейнетке шыққанша, аудандық ауруханада бас дәрігердің шаруашылық жөніндегі орынбасары болды. Әскердегі ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік белгі-медальдармен марапатталды. 1993 жылы дүниеден өтті. Екі ұлы, 4 қыздан тараған ұрпақтары Қостанайда, Торғайда өмір жасауда.


Джангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика