![]() Сейдахметов Жұманазар 1922 жылы 15 мамырда Аманкелді ауданы, Амантоғай ауылында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 465 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1944 жылы Воронеж облысының Поповка селосы үшін болған ұрыста жараланып, І топтағы соғыс мүгедегі болып, елге оралған. Елге оралғаннан соң мал маманы болып көп жыл жұмыс істеген. 1999 жылы дүние салды. Амангельдинский район |
![]() Сейдахметов Жанахмет 1919 жылы қаңтар айында Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Бестам деген жерде дүниеге келген. Серіктестікте, кейін колхозда жұмыс істеген. 1939 жылы армия қатарына шақырылып, Смоленск қаласында әскери міндетін өтеп жатқанда, Ұлы Отан соғысы басталады. Неміс басқыншыларымен сол жерде кескілескен ұрысқа қатынасады. 1942 жылдың шілде айында Воронеж қаласының оңтүстігіне қарай Дон өзенінің жағалауында 219 дивизияның атқыштар батальоны немістердің шебін бұзып өтіп, Новый Оскол, Белгород, Волжанск қалаларын жаудан босатады. 1943 жылдың тамыз айында Дала фронтының әскерлері неміс шебін бұзып, шабуылға шығып, Днепр өзені бойындағы Кремнчуг қаласын азат етеді. Осы ұрыста ауыр жараланып, госпитальда емделіп, сол жылдың аяғында елге оралады. «Ерлігі үшін» медалімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталады. Сонымен қатар жеті мерекелік медальдары бар. Елге келгеннен кейін осы ауданның Андрев атындағы колхозда 14 жылдай бас есепші, кейін бригадир, Крупская атындағы кеңшарында Есір мал бордақылау бөлімшенің қойма меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 1976 жылы зейнеткерлікке шығады. Артында 2 ұл, 3 қыз,10 немере, 3 шөбересі бар. 1992 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
![]() Сейдахметов Махмет 1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Бүйректал ауылында туған. 1941 жылы маусымда Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 590 АП құрамында жауынгер болған. 1941 жылы қыркүйек айында қоршауда қалып, жау қолында 1945 жылдың мамыр айына дейін тұтқында болған. Елге келген соң, «Бүйректал» совхозында жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Сейдельдинов Зейнула Родился в поселке Лукьяновка Семиозерского района Костанайской области в 1921 году. Являлся участником Великой Отечественной войны. С фронта вернулся инвалидом 3 группы. Умер 21 ноября 1985 года в селе Сосновка Наурзумского района Костанайской области. Наурзумский район |
![]() Сейденов Егінбай 1926 жылдың тамызында Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық округі, Кемер ауылында туған. 1944 жылдың қараша айында әскерге Аманкелді АӘК-нан шақырылып, 2 Армияның 298 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жау әскері шегінде қала, селоларда қалған жаудың жеке топтарын жоюға қатынасқан. Әскер қатарынан 1950 жылы босап, елге келген. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Елге келгеннен кейін осы ауданның «Коммунизм жолы» совхозында шофер, кейін шопан болып жұмыс істеген. Жанұясында 4 ұл, 4 қыз және немере, шөберелері бар. 1978 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Сейділденов Зейнолла 1921 жылы туған. Әскер қатарына 1942 жылдың 10 тамызында Семиозер әскери комиссариатынан шақырылған. Елге 1945 жылы 9 желтоқсанда оралады. 133 атқыштар полкiнда, 72 атқыштар дивизиясында соғықа қатысқан. Наурзумский район |
![]() Сейдуев Базарбай Тургаевич Родился 1 августа 1925 года в поселке Коктал Семиозерного района. 10 июня 1942 года призван в ряды Красной Армии. После шести месяцев подготовки в Чебаркуле, направлен в состав II Украинского фронта, 77-й батальон противотанковых орудий. Участвовал в боях по освобождению городов и сел Украины. По заданию командования сражался в партизанских отрядах и соединениях. Был ранен, лечился в Ашхабадском госпитале. Демобилизован в июне 1944 года. Вернувшись на родину, трудовую деятельность продолжил в поселке Коктал. До 1953 года разнорабочий фермы №3 Сулукульского совхоза. Потом до выхода на пенсию в 1981 году старший чабан отделения Коктал. С супругой воспитали 9 детей: шесть дочерей и троих сыновей. Награды: орден Отечественной войны II степени, медали Маршала Советского Союза Жукова Г.К., юбилейные медали. Умер 24 мая 2005 года. Аулиекольский район |
![]() Сейілов Жұмабай 1921 жылы Қызылорда қаласында туған. Әскерге 1940 жылы Торғай әскери комиссариаты арқылы шақырылған. Әуелі 167 атқыштар дивизиясында курсант болды. 1941 жылдан 1945 жылдың мамыр айына дейін Ұлы Отан соғысына қатысты, екі рет жараланды. Елге 1947 жылы келген. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарының белгі-медальдармен наградталған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Жұбайы Гүлшира екеуі 9 бала тәрбиелеп өсірген. Жұмекең елге келген соң сауда жүйесінде қойма меңгерушісі, товаровед болып істеді. Балаларынан немере, шөберелері бар. Ардагер 1995 жылы наурыз айында дүниеден өтті. Джангельдинский район |
![]() Сейітқасымов Ысқақ 1893 жылы Торғай уезінің қазіргі Шеген аулында туған. Білімді әуелі ауыл молдасынан алған, кейін Торғайда Иванов мектебінде оқыған. Серіктестікте істеп, өзінің бейімділігі арқасында аудан орталығындағы «Қызыл Ту» артелінде тігіншілікте істеген. 1942 жылдың наурыз айында армия қатарына шақырылған. Украин майданының 214 запастағы полкінде 1 жыл, 235-ші бөлекше ротада 2,5 жыл қызыл әскерге киім тігумен айналысқан. Соғыс кезінде «Ерлігі үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарымен марапатталған. Ұрыста алған жарақаты бар. Армиядан 1945 жылы босап келген. Бейбіт өмірде Торғайдағы балалар үйінің шаруашылық жағын басқарды. Ұлы Отан соғысының қатынасушысы ретінде Жеңістің мерекелік медаль-белгілерімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Жұбайы Алтынсары Бижанқызы екеуі 12 перзент көріп, соның 2 ұл, 1 қызының ғана өскенін көре алды. Қазір 15 немересі бар. Джангельдинский район |
![]() Сейсенов Канаш Родился в 1902 году в селе Экпенды, ныне Мендыкаринского района Костанайской области. Трудовую деятельность начал в своем селе разнорабочим. Участник Великой Отечественной войны, инвалид второй группы. Женился в 1946 году, имеет пятерых детей. Имеет юбилейные медали в честь победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. и юбилея Вооруженных Сил СССР. Мендыкаринский район |