Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'А' было найдено совпадений: 24120


Әбілдин Қанапия

       1917 жылы Торғай ауданы Албарбөгет ауылында туған. 1942 жылы мамырда әскерге алынып, Челябі облысындаға Шұбаркөлде дайындықтан өткен. 1943 жылы қаңтарда бетінен жарақат алып, екі рет операция жасалған. Соғысқа қайта кіріп, 1943 жылдың аяғында Витебск қаласы түбінде сол жақ санынан ауыр жарақат алған. Горький қаласындағы госпитальда үш рет операция жасалған. 1945 жылы босап, елге келді. Ұжымшарда, кеңшарда жүргізуші болып еңбек етті. Тоқсаныншы жылдардың басында дүниеден өтті. Артында 12 баладан тараған ұрпақтары әр салада еңбек етуде. Соғысқа қатысқаны үшін мерекелік белгілермен марапатталып отырды.


Джангельдинский район




Әбілдин Мырзалым

       1920 жылы Жангелдин ауданы Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. Орта мектепті Торғайда, кейін Омбы қаласындағы мектеп-интернатта оқыған. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан Ұлы Отан соғысына аттанған. Соғыстан 1946 жылы, Қиыр Шығыстағы жапондықтармен болған шайқастан кейін елге оралған. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медалдарымен, соғыстан кейін Отан соғысы орденімен, көптеген даталы медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін мамандығы бойынша жұмыс атқарады. Мамандығы мұғалім, Ақтөбе педагогикалық училищесін тәмамдаған. Еңбек жолын 1946 жылдан бастап, еңбек демалысына шыққанға дейін 37 жыл бойы Жангелдин ауданының бірталай мектептерінде мұғалім болып қызмет атқарған. «Халық ағарту қызметінің озаты» атағын иеленген. Зайыбы Шоқпарқызы Қаныммен бірге жанұяда 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген. Балаларынан 15 немере, 8 шөбере көрген. Мырзалым ата зайыбы Қаным екеуі 55 жыл отасып, Қаным әже 2002 жылдың қараша айында, Мырзалым ата 2003 жылдың наурыз айында дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Әбілдинов Әбдіқамал

       1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 03.1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 42 АП құрамында қатардағы жауынгер болып, 06.1943 жылы жараланып елге оралған. Ерлігі үшін 3 медальмен марапатталған. Елге келіп, көп жыл бойы колхоз, совхоздарда жұмыс істеп, зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбілтаев Әбдікәрім

       1921 жылы Аманкелді ауданы №8 ауылда туған. 1929-1935 жылы Семиозер ауданындағы балалар үйінде тәрбиеленген. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 46 гв. АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Лениград қаласын қорғауға қатысып, 23.02.1943 жылы жараланып Киров қаласындағы госпитальда емделіп елге оралған. Колхозда есепші, сатушы болып жұмыс істеп, 1976 жылы зейнеткерлікке шыққан. Жауынгерлік 4 медальмен марапатталған. 1996 жылы қайтыс болған. Артында ұл, қыздары мен немерелері бар.


Амангельдинский район




Әбілтаев Әлшора

       1924 жылдың тамыз айында Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында туған. Аманкелді аудандық әскери комиссариаты арқылы 1942 жылы әскер қатарына алынды. 1943 жылы ауыр жараланып, елге оралады. 1943-1947 жылдары Аманкелді ауданының «Жданов» колхозында колхозшы болды. 1948-1969 жылдары Қостанай облысы, Әулиекөл ауданына қарасты «Жаныспай» станциясында жол бақылаушы жұмысын атқарды. 1969 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішұлы Шайман

       1905 жылы Торғай қаласында туған. Сауаты бастауыш деңгейінде. 1941 жылы әскерге шақырылып, атты әскер құрамасында жауынгер болған. Сталинград шайқасын бастан кешірген. Бөлімше командирі болған. Киев қаласын азат етуге, Украин майданының құрамында Берлинді алуға қатысқан. 1945 жылы елге оралған соң, көп уақыт ұжымшардың бөлімше басқарушысы болып, мал басын өсіруге үлес қосты. Жұбайы Қалкүл Ділдәбекқызы екеуі ұлағатты ұлдар өсірген үлгілі отбасы. Баласы Жанай кеңшар басқарды, екінші Серігі белгілі журналист, немерелерінің бірі ішкі істер бөлімі басшыларының бірі. Шәкеңнің ұрпақтары бұл күнде Астана, Қостанай, Арқалық, Торғайда тұрып жатыр. Шәкең 1989 жылы қайтыс болды.


Джангельдинский район




Әбішев Ғисса

       1922 жылы Аманкелді ауданы, 7 ауылдық кеңеске қарасты Кемер ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 06.1942 жылы шақырылып, соғыста 615 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 01.1943 жылы жараланып елге оралған. Көп жыл бойы бала оқытып ұстаз және мектеп, кәсіптік техникалық училищеде директор болып жұмыс атқарған. Жауынгерлік 5 медальмен марапатталған. 1996 жылы тамызда қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішев Қылышбай

       1920 жылы 19 қарашада Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Сарыторғай деген жерде туған. Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 319 АП құрамында қатардағы жауынгер. Армиядан 1948 жылы босаған. 1987 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішев Жақия

       1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Екпінді ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып, соғыста 47 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 01.09.1942 жылдан 05.1945 жылға дейін жау қолында тұтқында болған. Елге келген соң көп жыл бойы малшы болып жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әбішев Картай

       1906 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Аманкелді ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласады. 1942 жылдың ақпан айынан 1944 жылдың наурыз айына дейін 178 атқыштар полкінде атқыш болды. 1944 жылдың 10 маусымында ауыр жарақатына байланысты армия қатарынан босатылды. Соғыстан оралғаннан кейін Жаркешу, кейін Сталин атындағы ұжымшарында әр түрлі жұмыстар атқарды. 1960 жылы кеңшар құрылғаннан кейін Қарғалы бөлімшесінде зейнетке шыққанға дейін шопан боп еңбек етті. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталған. 1984 жылы қайтыс болды.


Джангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика