Қанафин Сейтқасым 1922 жылы Аманкелді ауданы, Қабырға деген жерде туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1942 жылы ақпан айында шақырылып, соғыста 525 АП құрамында қатардағы жауынгер болған.Әскер қатарынан 1945 жылдың мамыр айында босаған, Крупская атындағы совхозда шопан болып жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Қасен Ғалиұлы 1909 жылы 13 қыркүйек айында қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Аяқ моиынды деген жерде дүниеге келген. Шолақсайдағы жеті жылдық мектепті бітірген, Қызылту ауылдық кеңесінде хатшы болған. 30-шы жылдыры Батпаққара ауылының атқару комитетінде жалпы бөлім бастығы, Соңал серіктестігінде есепші, кейін басқарма, Еңбек селосында есепші болған. 1942 жылдың мамыр айында әскер қатарына шақырылып, ІІІ Украина майданында 388 атқыштар полкінде Великие Луки қаласы үшін ұрысқа қатынасып, 1943 жылдың 16 желтоқсанында жараланып, госпитальда бір жылдай емделіп, бір аяғын кестіріп екінші топтағы соғыс мүгедегі болып елге оралды. 1945-1966 жылдар аралығында аудан колхоздарында есепші, сатушы, ауылдық дайындау мекемесінде агент қызметтерін атқарып, зейнеткерлікке шығады. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және соғыстан кейінгі мерекелік 10 медальдармен мараптталған. Жанұясында 8 ұл, 4 қыз, 28 немере, 13 шөбере көрген қарт жауынгер. Амангельдинский район |
Қасымов Дүйсенбай 1922 жылы Қостанай облысы, Аманкелдi ауданында дүниеге келген. Сол жерде он жылдық мектептi бiтiрген. Еңбек жолын №12 ауылда сатушы болып қызмет атқарумен бастады. 1941 жылы немiс-фашист басқыншылары тұтқиылдан соғыс ашқанда, елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен ер азаматтары елiн қорғауға аттанғанда, Дүйсенбай да солардың қатарында болды. 1946 жылы жауды жеңiп, елге оралды. Елге оралған соң управляющий болып көп жылдар бойы №12 ауылда қызмет атқарды. Соғыстағы ерлiгi үшiн Отан соғысы орденiмен, 3 жауынгерлік медальдармен марапатталған. Жұбайы Дукан екеуi 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, немере көрген кiсi. Наурзумский район |
Қозыбақов Дүйсенбай 1918 жылдың 1 сәуірінде қазіргі Аманкелді ауданы, № 11 ауылда туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 744 АП қатардағы жауынгер болған. 1941 жылдың желтоқсан айында Ленинград облысындағы Клишин станциясы үшін болған ұрыста жараланып, елге І топтағы мүгедек болып оралған. Көп жыл бойы аудандық ішкі істер блімінде қызмет еткен. 1994 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әбдіғалиев Сейітфазыл 1918 жылы Қаламқарасу ауылында туған. 1939 жылы Қостанайда педтехникум бітірген. Торғайдың орталығындағы мектепте оқытушы боп жүргенде 1941 жылы әскер қатарына алынған. Бірінші Украина майданында ұрыстарға қатынасқан. Жарақаттанып, неміс әскерлерінің тұтқынына түскен. Кейін кеңес әскерлері азат еткен соң, қайтадан жауға қарсы соғысты. Елге 1947 жылы оралды. Зейнетке шыққанға дейін Қаратүбек орта мектебінде мұғалім, интернат меңгерушісі міндеттерін атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медальдармен марапатталған. 1991 жылы туған ауылында дүниеден өтті. Джангельдинский район |
Әбенов Бейсенбек 1923 жылы бұрынғы Қараторғай болысының №2 ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған жылы майданға өз тілегімен барамыз деушілердің бірі. Әскер қатарында 751-ші дивизия құрамындағы атқыштар полкінде зеңбірек взводы командирі болды. Соғыс жылдары талай ерлік көрсетіп, жанындағы жауынгерлерге үлгі бола білді. Кенигсберг қаласын алудағы ұрыста жас командирдің ерлігі ерекше болды, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ұлы Отан соғысының жеңісінен кейін елге оралып, 1947 жылы аудандық комсомол комитетінде кадр бөлімін басқарады. 1950 жылы аудандақ комсомол комитетінің 1-хатшысы және аудандық партия комитетінің бюро мүшелігіне сайланады. 1953 жылы Алматыдағы жоғарғы мектебін бітіріп, Торғай Кен зерттеу геологиялық экспедициясы бастығының саяси орынбасары болады. 1958 жылы Аманкелді аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 1960 жылы жаңадан құрылған «Тасты», 1963 жылы «Родник» кеңшарларының директоры болып қызмет атқарады. 1964 жылы қаңтар айында Алматы қаласындағы Жоғарғы партия мектебін аяқтап, елге келер жолында самолет апатына ұшырап, қайтыс болады. Артында 1 ер, 3 қыз балалары мен бірнеше немерелері бар. Амангельдинский район |
Әжібаев Сейдәлі 1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан алынып, соғыста 94 гв.АП құрамында 12.1942 жылдан 05.1945 жылға дейін қатардағы жауынгер болған. Елге келген соң, көп жыл бойы мал дәрігері болып жұмыс істеген. 1997 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Өміртаев Сейітбек 1926 жылы 17 тамызында Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. 1943 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 37-ші танк батальонында қызмет еткен. 1946 жылы әскер қатарынан босап елге келіп, көп жыл бойы шопан болған. 2000 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Өсеров Әнуар 1924 жылы 28 қарашада Қостанай облысы, Торғай ауданы, Тосын ауылдық кеңесінің Қарақамыс деген жерде туған. Ұжымшарда түрлі жұмыстар істеді. Ұлы Отан соғысының ардагері. ІІ Украин майданы, 7 бригада, 30 батальонда 1943 жылы Днепр өзені бойындағы Кременчуг қаласында соғысқа кірген. Корсунь-Шевченко айқасына қатысқан. Украина азат өтілген соң, Молдавия жерінде болған. Румынияны, Венгрияны азат етуге қатысқан. Одан әрі Австрияға өтіп, шекарадағы Ло қаласын азат етуде болған. Осында соғысты аяқтады. «Ерлігі үшін», «Будапешті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарын, Жеңістің, Қарулы Күштердің елеулі жылдарының белгілерін алды. Кейін Закарпат әскери округінде кіші сержант, бөлімше командирі болып қызмет еткен. І дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері. 1949 жылы елге оралған. Аудандық партия комитеті Тосын мал отарында «Қызыл Отау» меңгерушілігіне жіберді. Кейін Торғай МТС-де есепші болды. Ұжымшарда бухгалтер, кеңшарда директордың орынбасары қызметтерінде болды. 2 бала, 7 немересі бар. 2007 жылдың бірінші наурызы күні қайтыс болды. Джангельдинский район |
Ақылбеков Есенғали 1904 жылы қазіргі Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Жаркөл ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін колхоздастыру кезінде әртүрлі жұмыстар атқарды. 1942 жылы Семиозер аудандық әскери комиссариатқа шақырылып, Отанымызды қорғауға соғысқа аттандырылды. Ленинград майданында 107 атқыштар полкі құрамында атқыш болды. Соғыстың қызған шағында 1943 жылы 6 қарашада сол қолынан ауыр жарақат алып, госпитальға түсті. Госпитальдан емделіп шыққаннан кейін, туған еліне оралды. Медальдармен, ордендермен марапатталды. Ауылға оралып жарақаты жазылған соң, тылда еңбекке араласты. Науырзым ауданы Молотов колхозында ферма меңгерушісі, бригадир болып қызмет атқарған. Колхоз басқармасы қызметінде көп жыл істеген. 1960 жылдан бастап Науырзым ауданының “Первая семилетка” совхозы ашылған жылдары малшы болып жұмыс істеген. 1961 жылдан бастап еңбек демалысына шықты. Есенғали атай зайыбы Ұлжан екеуі Жамал есімді қыз бала тәрбиелеп өсірді. 1992 жылы қайтыс болды. Наурзумский район |