Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'А' было найдено совпадений: 24120


Әбішов Қылышбай

       1920 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданында туған.1940 жылы әскер қатарына алынған. 1941 жылы соғысқа қатынасып, 122 танк дивизиясы, 109 атқыштар полкінде болған. Соғыста «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 1946 жылы мамыр айында елге оралып, мал шаруашылығында еңбек еткен. 1995 жылы қайтыс болған.




Әбішов Жұмабай

       1906 жылы Торғайдың Сужарған аулында туған. Соғысқа 1942 жылдың аяғында барған. Оған дейін серіктестікте, ұжымшарда еңбек еткен. 56 атқыштар дивизиясының 182 полкінде ұрыстарға қатнасқан. Соғыста контузия алып, елге 1945-тің қазанында оралған. Зейнетке шыққанша аудан орталығында дайындау, сауда мекемелерінде еңбек етті. 1975 жылы қайтыс болды. Баласы Ораз отбасымен Торғайда тұрады.


Джангельдинский район




Әбішов Молдағали

       1916 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Соғысқа 1941 жылы кетіп, 1945 жылы елге оралған. Майдандағы ерлік істері үшін Отан соғысы орденімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен және 10 мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Есіл станциясында жұмыс істеген. Бұл кісіден 10 бала бар: жетеуі қыз, үшеуі ер бала. 1971 жылы қайтыс болған.


Наурзумский район




Әблақасов Жамал

       1924 жылы Торғай қаласында туған. 1942 жылдың тамыз айында әскерге алынған. 9 запастағы артиллерия полкінде, кейін 85 полкте 1944 жылға дейін жауынгер болған. Әскерден 1947 жылы келген. Аудандық промартельге есепші боп орналақан. Кейін аудандық санэпидемстанция мекемесінде істеді. Ұзақ уақыт, 1984 жылы зейнетке шыққанша, аудандық ауруханада бас дәрігердің шаруашылық жөніндегі орынбасары болды. Әскердегі ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік белгі-медальдармен марапатталды. 1993 жылы дүниеден өтті. Екі ұлы, 4 қыздан тараған ұрпақтары Қостанайда, Торғайда өмір жасауда.


Джангельдинский район




Әділбеков Оразғали

       1906 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК–нан 05.1940 жылы шақырылып, соғыста 118 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 05.1945 жылы босап елге келген. 1995 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әжібаев Сейдәлі

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан алынып, соғыста 94 гв.АП құрамында 12.1942 жылдан 05.1945 жылға дейін қатардағы жауынгер болған. Елге келген соң, көп жыл бойы мал дәрігері болып жұмыс істеген. 1997 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әжмағамбетов Байдрахман

       1926 жылы 3 наурызда Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1941 жылы Киров атындағы колхозда колхозшы болып жұмыс істеуден бастаған. 1944 жылы 17 қарашада Совет Армиясының қатарына шақырылып, ІІ Белорусь майданынын 298 атқыштар полкінің құрамында шайқасқа қатынасты. 1944 жылдың наурыз айында Днепр бойында болған ұрыста жараланды, Николаевск қаласындағы госпитальда емделгеннен кейін майдан шебіне оралды, Минск, Витебск қалаларын азат етуге қатынасты. Соғыс аяқталғаннан кейін 1946 жылдың қарашасынан Белоруссияның Полоцк қаласындағы 64675 әскери бөлімшесінде қызмет етіп, 1950 жылы елге оралды. Еңбек жолын жалғастырып, Киров атындағы колхозда қойшы болды. 1970 жылдан бастап «Степняк» совхозында құрылысшы болып істеді. 1986 жылы зейнеткерлікке шықты. Алты баласы бар (3 ұл, 3 қыз), алты немере сүйіп отыр. Наградалары: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, және 10 мерекелік медальдары бар.


Амангельдинский район




Әжмағанбетов Байдырахман

       9 мамырда 1926 жылы Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1943 жылы қыркүйек айында шақырылып, 357 әуе-әскери полкінде жауынгер – атқыш болып, әскерден 1945 жылы елге оралған. Совхозда жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әкімжанов Ануарбек

       1920 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Сарсу ауылында туған. 1938 жылы Торғайда 7 сыныпты бітірген. 1940 жылы қазан айында әскерге алынып, Ішкі істер әскерлерінің құрамындағы 323-конвой полкінде бөлімше командирі қызметін атқарды, кіші сержант. Әскер қатарындағы ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарын алған. Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен атап өтілген. Елге 1946 жылдың аяғында оралған. Алматыда есеп қызметкерлерінің 6 айлық курсын тәмәмдап, көп жыл аудандық қаржы бөлімінің инспекторы міндеттерін атқарды. Кейін СПТУ-да қойма меңгеруші, «Речной» ұжымшарында кассир, мұнай базасында заправщик жұмысында болды. Зейнетке 1980 жылы шықты. 1996 жылы өмірден озды. Жұбайы Гүлбану екеуі 3 ер бала, 4 қыз тәрбиелеп өсірді, олардан қазір 19 немерелері бар.


Джангельдинский район




Әлекенов Асылбек

       1912 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында туған. Соғысқа дейін колхозда малшы болған. 1941 жылы Аманкелді аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынып, 1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатынасқан. Қызыл Ту орденімен марапатталған. Елге келген соң өзінің туған жері «Қайынды» совхозында малшы болды. 1992 жылы қайтыс болған.


Джангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика