Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'в' было найдено совпадений: 25205


Әлімбаев Әбдікәрім

       1926 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Албарбөгет ауылдық округінде туған, орта білімді. 1943 жылы шілде айында армия қатарына шақырылған. Азат етілген аудандарда жол тазарту, салу ісіне қатысты. 1945 жылдың шілдесінен батыс жол салу полкінің 96 батальонында сапер-атқыш боп жұмыс істеді. Жау жағы миналап кеткен жолдарды залалсыздандырумен айналасып жүргенде оң жақ жамбасынан жарақат алып, эвакогоспитальде 3 айдай емделді. 1950 жылы көктемде армия қатарынан босап келіп Құсмұрын станциясына (Қарағанды теміржолының) жұмысқа орналасты, әуелі аға кондуктор, кейін бас кондуктор, вагондарды тіркеуші жұмыстарын атқарды. 1960 жылы туған ауданына оралып, Қызыләскер кеңшарында жол жөндеу шеберінің жұмысында, кейін ДЭУ-236 мекемесінде істеді. 1964 жылдың шілдесінен 1966 жылдың қаңтарына дейін «Еңбек» кеңшарында қоғамдық тамақ ұйымдастыру жөніндегі инспекторы, кеңшардың негізгі өндіріс орны бөлімше басқарушысы болды. 1974 жылдың маусым айында аудандық дайындау мекемесінің директорлығына жоғарылатылды. Кейін «Еңбек» кеңшарының алыстағы «Айырқұм» бөлімшесін басқаруға жіберілді. 1980 жылдың маусымынан қайтадан аудандық дайындау мекемесін басқарды. 1983 жылдың мамырынан қызметін атқарды. Ұлы Отан соғысына қатнасушы ретінде Жеңістің мерекелік медальдарымен, сондай-ақ «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды. Жұбайы Зағипа Нұрсейітқызы екеуі 2 ұл, 1 қыз өсірді, бірнеше немерелері мен шөберелер сүю бақытына ие болды.


Джангельдинский район




Әлімов Мұхаммед Баймұханұлы

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста І Украина майданында 06.1941 жылдан 05.1945 жылға дейін 3 мото-АП құрамында қатардағы байланысшы жауынгер болған. Әскери атағы кіші сержант. Ерлігі үшін 8 медальмен марапатталған. Елге келіп, қызмет істеп қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлімов Отар

       1908 жылы Торғайдың Қошақов құмында туған. Әуелі серіктестіктерде, кейін «Соцжол» ұжымшарында еңбек еткен. Әскерге 1941 жылы тамыз айында алынып, 1942 жылы алғашқы ұрыстардың бірінде екі көзден бірдей айырылып, елге І топта мүгедек болып оралды. Отан соғысының мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталған. 1991 жылы 83 жасында дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Әлкеев Қасым

       1919 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданында туған. 1940 жылы Боровской АӘК-нан әскерге алынып, 156-шы жеке барлаушылар ротасында барлаушы болған. Мамандығы ұстаз. 1946 жылы әскер қатарынан босаған. Зейнеткерлікке шыққанша мұғалім болған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлкенов Үябай

       1913 жылы 27 наурызда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының № 9 ауылында туған. Соғысқа дейін мұғалім болып жұмыс атқарған. 1941 жылы әскер қатарына Торғай әскери комиссариаты арқылы алынып, жаяу және атты әскер қатарында соғысқа қатынасқан. Варшава, Прага қалаларын азат етуге қатынасқан. Әскер қатарынан 1946 жылы оралған. Елге келген соң «Қызбел» совхозында малшы болып жұмыс істеген. 1973 жылы зейнеткерлікке шыққан. Үш ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген. 1991 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлмағамбетов Сұлтанғазы

       1922 жылы Торғайдың Қаратоғай аулында дүниеге келген. Әскерге 1941 жылы қазанда алынып, Воронеж бағытындағы ұрыстарда қолынан ауыр жарақат алып, 1943 жылы желтоқсанда елге келген. Әуелі «Қараторғай» ұжымшарында, кейін «Еңбек» кеңшарында үлгілі шопан болды. Қойды қыста қоздатуда тәжрибе жинақтап, басқаларға үлгі болды. Өзі дүниеден өткенімен, ұрпақтары Арқалық, Торғай аумағында қазіргі заман мүмкіндігіне қарай еңбек етуде.


Джангельдинский район




Әлмағанбетов Батыр

       1918 жылы Аманкелді ауданы «Қызыл ту» ауылдық кеңесіне қарасты «Ақсай» ауылында туған.Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК нан шақырылып, соғыста 1290 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Волхов, Ленинград майданында жау әскерімен шайқаста көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және соғыстан кейінгі мерекелік 5 медальмен марапатталған. Әскер қатарынан босап елге келіп, өзінің туған жерінде жұмыс істеген. 2002 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлмағанбетов Сарман

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1942 жылы шақырылып, соғыста 491,841-ші бригада құрамында 282 артполкте зеңбірек көздеушісі болған.1945 жылы елге оралған. Ерлігі үшін бес медальмен марапатталған. Елге келген соң көп жыл бойы шопан болып жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлмағанбетов Торсан

       1900 жылы Аққұм болысында өмірге келген. Ауыл молдасынан сауатын ашқан, әскерге дейін серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. 1942 жылдың шілдесінде соғысқа кетіп, 1945 жылдың қарашасында елге оралған. 87 дивизияның 96 атқыштар полкінде жауынгер болған. «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. Торсан ақсақал 1988 жылы Торғайда қайтыс болды.


Джангельдинский район




Әлмамбетов Шеген

       1922 жылы Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Торғай селосында дүниеге келген. 1932-1940 жж. Торғай орта мектебінде оқиды. 1941 жылдың қазан айында әскери борышын өтеуге аттанып, Ұлы Отан соғысына қатынасып, 2 рет жараланады, Калинин-Белорусь майданында бөлімше және взвод командирі болады. 1945 жылдың май айынан КПСС мүшесі, орта білімді. Соғысқа қатынасушы ретінде «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған. 1947 жылы өзінің туған елі Торғайға оралды. Осы жылдан бастап аудан орталығында әр салада үзбестен еңбек етеді. 1961 жылдан – Жанкелдин ауданы Торғай селолық Советінің председателі болып жұмыс атқарады. 1964 жылдан – Жанкелдин совхозрабкооп председателі. 1975 жылы – Жанкелдин аудандық ПМК-1505, трест Тургайсельстрой – 15 мекемесінде кадрлар бөлімінің инспекторы болып жұмыс атқарады. Жұбайы медицина қызметкері, соғысқа қатысқан Екатерина Ивановна екеуі 4 бала тәрбиелеп өсірген, ауданымыздағы үлгілі отбасы болатын. Балаларының бәрі де жоғары білімді, қызметтеріне тиянақты. 1978 жылы тамыз айында Шәкең дүниеден өтті.


Джангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика