Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'А' было найдено совпадений: 24120


Сюзганова (Анисимова) Евгения Григорьевна

       Сюзганова (Анисимова) Евгения Григорьевна, вольнонаёмная, служила в 83 БАО с апреля 1941 г. по май 1945 г.


Житикаринский район




Түлкібаев Райымбек

       1907 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 02.1941 жылы шақырылып, соғыста 15-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 05.1945 жылы әскерден босап елге келіп, көп жыл бойы етікші болып жұмыс істеген.


Амангельдинский район




Тұңғышбаев Сейдағалам

       1914 жылы қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келді. Колхозшы болды. 1941 жылы маусым айында әскерге алынды. Бірден Сталинград майданына апарылды, 134-ші атқыштар полкінің құрамында соғысқа кірді. 1942 жылдың қыркүйек айында ауыр жараланып, Саратов қаласындағы госпитальға түсті. Дәрігерлер соғысқа жарамсыз деп тауып, қару-жарақ қоймасына жіберді. Соғыс аяқталған соң 1945 жылдың қыркүйек айында елге оралды. Аманкелді, Арқалық аудандарында мал шаруашылығында көп жылдар жылқышы, малшы болып жұмыс істеді. Үйленді, жеті бала тәрбиелеп өсірді. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және 10 мерекелік медальдармен, еңбектегі жақсы қызметі үшін Еңбек даңқы орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдармен марапатталды. Қазір Арқалық ауданы «Аңғар» ауылында тұрады.


Амангельдинский район




Тұрғалиев Әуезбек

       1920 жылы Аманкелді ауданы, Елтай ауылдық кеңесінде туған. 06.1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 853 АП құрамында бөлімше командирі болған. Әскери атағы аға сержант. Әскерден 05.1945 жылы босап елге келіп, көп жыл бойы қой бағып, зейнеткерлікке шыққан.


Амангельдинский район




Тұрғалиев Әузбек

       1920 жылы сәуір айының 5 жұлдызында Қостанай облысы Аманкелді ауданының Шолаққарасай ауылында дүниеге келген. Жеті жасынан әке-шешеден жетім қалып, үкіметтің тәрбиесінде болған. 7 кластық білім алған. 1939 жылы өзі сұранып әскер қатарына барған. Әскерде жүргенде соғыс басталып, комиссиядан өтіп, 9-шы әуе-десантты бригадасының құрамында соғысқа кірген. 3 майда Берлинде жараланып, госпитальда 3 ай жатқан. Елге 1946 жылы оралған. Соғыстан кейінгі уақытта жылқышы болған. 1985 жылы ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы» мерекелік медалімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен, Жеңістің 55 жылдық құрметіне соғыс ардагері белгісімен марапатталды. Зейнеткер. Қазіргі уақытта ұлы Ділдебайдың қолында тұрып жатыр.


Амангельдинский район




Тұрғынғожин Шайхыстан

       1922 жылы Аманкелді ауданы, Қабырға ауылында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 465 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы Харьков облысы Малая Писаревка селосы үшін болған ұрыста жараланып,1943 жылы І топтағы соғыс мүгедегі болып елге оралған. Көп жыл бойы аудандық кеңесте хатша болып жұмыс істеген. 1992 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Тұрғынбаев Қаби

       20 мамыр 1908 жылы Торғай уезі, қазіргі Шеген ауылында дуниеге келген. Ол 1939 жылы Меңдіқара педагогикалық училищесіне түсіп, 1941 жылы осы оқу орнының толық курсын бітірген.Ол 1941 жылдың 14 қыркүйегінде Қостанай облысының Федоров ауданындағы Батмановка жеті жылдық мектебінен Ұлы Отан соғысына аттанады. 54 атты әскер дивизиясының 9-ші полкінде қызмет етті. Содан кейін 1941 жылдың 14 желтоқсанында Калинин қаласының оңтүстігінде екінші рет майданға кірді. Ұрыстарда ерлігімен көзге түскен аға сержант Қаби Тұрғынбаев бөлімше командирлігіне тағайындалды. Белоруссияның Мозель қаласы үшін болған ұрыстан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1945 жылдың аязды қысында Минск-Мазовелук түбіндегі ұрыстағы ерлігі үшін үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Аға сержант Қаби Тұрғынбаев жеңіс күнін әйгілі Эльба өзені бойында қарсы алады. 1945 жылдың 16 желтоқсанында елге оралып, міне содан бері ширек ғасыр уақыт педагогтік қызмет атқарып, 1968 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Ол 1991 жылы 21 желтоқсанда дүниеден өтті. Артында қалған Отарбай есімді ұлы қарт жауынгердің әулетін жалғастырып, ұл-қыз өсіруде.


Джангельдинский район




Тұралин Ғаббас

       1916 жылы 6 мамырда қазіргі Әулиекөл ауданының Қосжалтыр деген жерiнде дүниеге келген. Соғысқа дейiн ауылда мұғалiм болып бала оқытқан. 1943 жылы әскерге алынып, жаралы болып 1945 жылы елге келген. Оң аяғын сылтып басатын. 1956 жылы Бәдиша Жүсiпқызымен үйленiп, одан екі ұл бала және екi қыз баласы бар. Осы балаларынан көрген немерелерi өсiп жатыр. 1995 жылы дүниеден өттi.


Наурзумский район




Тұрмағанбетов Ерғали

       1926 жылы Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 11.1944 жылы әскерге шақырылып, соғыста 05.1945 жылға дейін 124 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік үш медальмен марапатталған. Елде көп жыл жұмыс істеп, 1989 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Тұрмағанбетов Ерхан

       1912 жылы Батпаққара болысында (қазір Аманкелді ауданы) №4 Елтай ауылында дүниеге келген. Аудан орталығындағы орталау мектептен оқып білім алған. 1932 жылы аудандық тұтыну одағы кооперациясына есепші болып жұмысқа орналасқан. Кейін білім бөлімі, промартель мекемелерінде есепші-бухгалтер болып қызмет атқарған. 1942 жылы әскер қатарына алынып 28 гвардиялық атты әскер полкінің құрамында Сталинград майданында соғысқа қатысады. Котельников селосы тұсында жаппай шабуылға шығып, жаудың шебін бұзып, Сталинград қаласынан 100 шақырымдай қашықтыққа дейін кейін шегіндіре білді. Осы ұрыста ауыр жараланып, госпитальде 5 ай жатып, 1943 жылдың 2 наурызында әскер қатарына жарамсыз деп табылып, елге оралады. Еңбекке араласады. Аудандық промартельде бас есепші, ауылшаруашылығы бөлімінде нұсқаушы-бухгалтер, білім бөлімінде бас есепші, райпотребсоюзда бас бухгалтердің жәрдемшесі болып қызмет атқарып зейнеткерлікке шағады. Соғыстағы ерлігі бағаланып, І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және кейінгі жеңістің мерекелік 6 медальдармен марапатталған. Сонымен қатар «Тың жерлерді игергені үшін» 20-жылдық медалінің иегері. Жанұясында ұл, қыз және немере қызығын көрген. 1982 жылы бұл өмірден өткен.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика