![]() Тұрманов Темірғали 1924 жылы Аманкелді ауданы, Қайғы ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1942 жылы шақырылып, соғыста 370 АП құрамында болған. Әскерден босап елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанша ұстаз болып бала оқытқан. 2003 жылы дүние салды. Амангельдинский район |
![]() Тұрсынбаев Какімбек 1922 жылы Аманкелді ауданы, Бүйректал ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 07.1942 жылы шақырылып, соғыста 520-ші АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1942 жылдың желтоқсанында Ленинград облысының Ново-Николаевка деревнясы үшін болған ұрыста жараланып елге оралған. «Бүйректал» совхозында жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Тұрсынов Алпысбай 1917 жылы Қараторғай болысы, кейін Батпаққара ауданының Торғай өзені жағалауындағы №3 ауылда дүниеге келген. Доғал деген жердегі бастауыш мектептен білім алған. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, финндер мен арада болған соғысқа қатысқан. Ленинград қаласы жанындағы Гатчина қаласында кіші командирлер дайындайтын курсты бітіріп, Батыс майданына қарасты 309 атқыштар полкінде бөлімше командиріне тағайындалған. Бұл полк 18 Армия құрамында болған. 1941 жылы неміс әскерімен алғашқы шайқасқа араласып, «Ерлігі үшін» медальмен марапатталған. Кейін 309 полк Забайкалье фронтына ауыстырылып, жапон соғысына қатынасады. Ұрыстардағы ерлгі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденін алады. Осы белгілердің сыртында «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдары бар. Елге келгеннен кейін Жаңа ауыл жеті жылдық мектебінде ұстаз болады, кейін Аманкелді орта мектебінде зейнеткерлікке шыққанша оқытушы ұстаз болып жұмыс істейді. 1971 жылы қайтыс болады. Артында 2 ұлы, 6 қызы, немере-шөберелері бар. Амангельдинский район |
![]() Тұяқбаев Райымбек 1907 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге шақырылғанға дейін колхозда жұмыс істеген. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, Шұбаркөл қаласында әскери дайындықтан өткеннен кейін 13 АД 147 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Украина, Белоруссия, Польша, Венгрия жерлерін жаудан азат ету ұрыстарына қатысқан. Жауынгерлік «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Будапешті алғаны үшін» және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Соғыстан елге келгеннен кейін аудан шаруашылығының әр саласында жұмыстар атқарған. Жанұясында 2 ұл, 1 қыз балалары мен 8 немерелері бар. 1987 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
![]() Тұяқов Рақымжан Ахметұлы 1924 жылы туған. 1942 жылдың тамызында Қызыл Әскер қатарына алынған. І Украин майданында, 30 Хасан полкінің құрамында болған. Соғысты Москва түбінен бастап, Белоруссия, Польша Германия жерлерінен өткен. Жеңісті Берлинде қарсы алған. 1945 жылдың сәуір соңында Берлинді баса-көктей өтіп, 150 шақырымдай жердегі Альтенграф қаласының маңындағы зауытындағы тұтқындарды азат еткен. Соғыстан кейін аман-сау елге, отбасына оралған. Федоров ауданында екі жыл жұмыс істеп, Науырзым ауданына қоныс аударып, «Көктал» совхозында құрылыста жұмыс істеген. Бірнеше орден-медальдармен марапатталған соғыс ардагері. Әйелi Қатима екеуi Қасымқан атты бiр бала тәрбиелеп өсiрген, одан 5 немересi және 7 шөбері сүйді. 2007 жылы 4 мамырда Қарамеңді ауылында дүние салды. Наурзумский район |
![]() Тәжікенов Қарғабай 1923 жылы наурыз айының 8 күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №10 Жаңақоныс ауылдық кеңесіне қарасты, Құмкешу ауылында дүниеге келген. 1942 жылдың сәуірінде әскер қатарына алынады. 312-ші атқыштар полкінің құрамында Дондағы Ростов, Новочеркасск қалаларды, көптеген елді мекендерді азат етуге қатынасады. Кейін 96-шы дивизияның 706 полкінің құрмына ауысып, Белгород, Курск, Орел доғасында жауға қарсы шабуылға шығып, қырғын шайқастан кейін 1943 жылдың маусым айында немістердің бірінші қорғанын бұзіп, оларды шегіндірді. Курск облысының Накиевка қаласы үшін ұрыста Қ.Тәжікенов соғысқан рота жауынгерлері қатты шығынға ұшырап, қоршауға түсіп, жау қолында 1945 жылдың сәуір айына дейін тұтқында болды. Совет әскерлері оларды босатады да тиісті орындардың тергеу, тексеруінен кейін ақталып, 1945 жылдың 25 мамырында армия қатарынан босап елге келеді. Бұрынғы мамандығы бойынша мектепте мұғалім болып орналасып, 1974 жылға дейін ұстаздық етеді. Соғыс кезіндегі ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медльдары бар. 1974 жылы қайтыс болды. Артында 8 баласы бар. Амангельдинский район |
![]() Тәшімбетов Жұмағали 1904 жылы қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Жаркөл ауылында туған. 1942 жылдың мамыр айында армия қатарына шақырылған. Сталинград майданында 971 атқыштар полкінде ұрыстарға қатысқан. 1942 жылдың 29 қыркүйегінде ауыр жараланып, эвакогоспитальге түскен. 1943 жылдың ақпан айында соғысқа жарамсыз деп тауып, елге оралған. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», сондай-ақ соғысқа қатнасушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарындағы мерекелік медальдардың барлығын да алған, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Соғыстан қайтып келісімен Сталин атындағы ұжымшарда мал бағуға кірісті. Ерен еңбегі бағаланып, «Еңбектегі ерлігі үшін» медаліне, Қазақ ССР-нің Құрмет грамотасына ие болды. Өмірде екі қыз, бір ұл өсірді, қазіргі күнде 16 немере, 22 шөбересі бар. Джангельдинский район |
![]() Төкеев Ташет 1920 жылы Аманкелді ауданының Науырзым жерінде дүниеге келген. 1941 жылға дейін колхоз жұмысында еңбек етті. Ұлы Отан соғысына 1942 жылы аттанды. Соғыста Т-34 маркалы танкінің жүргізушісі болды. Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі шайқастарға қатысып, алдынғылардың бірі болып Днепр өзенінен өтті. Чехословакияны, Польшаны азат етіп, Берлин операциясына қатысты. Жеңістен кейін елге оралып, тыңда комбайнер болып еңбек етті. 1946 жылы Гүлнар Төлегенқызына үйленді, үш ер, үш қыз бала тәрбиелеп өсірді. Екі мәрте Қызыл Жұлдыз және «Қызыл Ту» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін Қожа жерінде механизатор болып еңбек етіп, көптеген медальдармен және грамоталармен аталып өтті. Наурзумский район |
![]() Төлебаев Қабдолла 1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қарасу ауылында туған. 08.1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 05.1945 жылға дейін соғыста 76 жеке пулемет батальонында қызмет еткен. Әскери атағы кіші сержант, алты жауынгерлік медальмен марапатталған. Елге келген соң, «Коммунизм жолы» совхозында жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Төлегенов Ғабдуали 1905 жылы Торғайдағы Тосынның Қарақамыс деген жерінде туған. Әскерге алынғанға дейін ұжымшарда еңбек еткен. 1942 жылы мамырда әскерге шақырылған. 4-атқыштар полкінде жауынгер бола жүріп, ауыр жарақат алып, 1943 жылы елге оралған. Соғыстан кейінгі зейнеткерлікке шыққанға дейінгі кәсібі – ұжымшарда, кейін ХХІ партсъезд атындағы кеңшарда жылқышы боп, осы түліктің көбейюіне үлес қосты. 1981 жылы қайтыс болды. Жұбайы Талжібек екеуі 2 ұл, 3 қыз өсірді. Бүгінгі таңда олардан немере, шөберелері бар. Джангельдинский район |