Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'в' было найдено совпадений: 25205


Әлменов Қайыр

       1914 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылы әскерге шақырылып, 841 АП қатардағы жауынгер. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанға дейін әр түрлі жұмыстар істеген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлменов Сәдіман

       1905 жылы бұрынғы Қараторғай болысы, қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 15 АП құрамында ІІ Украйна майданында соғысқа қатынасқан. Смоленск қаласы үшін болған ұрыстағы ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны женгені үшін» медальдарымен және соғыстан кейінгі мерекелік 4 медальмен марапатталған. 1945 жылы мамырда әскер қатарынан босап елге келіп, колхоз, совхоздарда қойшы болып жұмыс істеген. 1998 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлмішев Қойшыбай

       1921 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақыртылып, Ленинград майданында 210-АП қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы жаралы болып елге келген. Көп жыл бойы сатушы, есепші қызметінде істеген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлтаев Тұрған

       1924 жылы Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 39 гв. АД, 120 гв. АП құрамында бөлімше командирі болған. Аға сержант ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен жәе бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған. Әскерден 09.02.1946 жылы босап келіп, колхоз, совхоздарда есепші болып жұмыс істеген, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әмірқұлов Сарман

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қараторғай деген жерде туған. Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып соғыста 01.1941 жылдан 1944 жылға дейін 23,26 атты әскер полкінде Сталинград майданында болған. Ерлігі үшін 4 медальмен марапатталған. Елге І топтағы мүгедек болып оралып, көп жыл бойы қойшы болған. 1984 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әміров Әбдіғамал

       1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан алынып, 01.1942-1943 жылдар аралығында 119 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Елге І топтағы мүгедек болып оралған. Жауынгерлік 3 медальмен марапатталған. Елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанға дейін есеп жұмысында істеген. 1985 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әміров Әбіл

       1912 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін өзінің қатарынан өжеттігімен, алғырлығымен көзге түскен. Жаңа ұйымдасып жатқан серіктестіктер ісіне араласады. Кейін шағын ұжымшарлардың біріне басшы да болған. 1941 жылы күзде әскерге шақырылып, Шұбаркөлдегі дайындықтан өтіп, Мәскеуді қорғауға, кейін Ленинград қоршауын бұзуға қатысқан. Соғыстағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», жеңістің мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан 1945 жылы елге келіп, ауданды алдымен колхоз мекемесіне бастық болған. Ауданда өртке қарсы күрес мекемесінің алғаш басқарушылардың бірі. Аудан басшылары оған басқаруды сеніп тапсырған болатын. Біраз уақыт Албарбөгет жұмысшы кооперациясына да бастық болды. Жұбайы Ақбөкен екеуі 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Қазір 13 немере, 20 шөбересі бар. 1976 жылы Әбіл Әміров дүниеден өтті. Кемшлікке төзбейтін, қиындықтан қорықпайтын жан еді.


Джангельдинский район




Әндіров Сәтмағанбет

       1926 жылы қараша айының 20 күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты №6 ауылда туған. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, ІІІ Белоруссия майданында 345-ші гвардиялық полкінің 24-ші атқыштар батальонның қатарында неміс басқыншыларына қарсы ұрыстарға қатысады. Кейін 23-ші танк бригадасында радиоторабын басқарады. Шығыс Пруссияны азат ету және Кенигсберг қаласын қоршау ұрыстарына қатысып, байланыс жүйесін мүлтіксіз атқарып, жоғары орындарынан бірнеше алғыстар алады. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» және жеңістің мерекелік 6 медалімен марапатталады. 1945 жылдың шілдесінде әскер қатарынан босап, елге келеді. 1946-1951 жалдары аудан орталығындағы радиоторабын, аудандағы ауа райын бақылайтын мекемесін басқарады. Кейін аудандық байланыс торабы бастығының орынбасары, селолық әкімшіліктің төрағасы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шығады. «Тың жерлерді игергені үшін» медальмен марапатталған. Жанұясында 4 ұлы, 2 қызы, 20 немересі, 2 шөбересі бар. 1982 жылы қайтыс болады.


Амангельдинский район




Әубәкіров Қабыкен

       1926 жылғы 25 наурызда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында туған.Әскерге алынғанға дейін колхозшы болған. 1944 жылы 17 желтоқсанда әскер қатарына алынған. 24 атқыштар полкінде қатардағы жауынгер, 321 атқыштар полкінің құрамында соғысқа қатынасқан. 1950 жылдың аяғында елге оралған. 1959 жылға дейін Қостанай облысы, Комсомол ауданында ақша бөлімінде салық жинаушы болып істеген. Кейін Арқалық қаласында экспедитор болып жұмыс атқарған. 1986 жылы зейнеткерлікке шыққан. 9 бала тәрбиелеп өсірген. Алған наградалары: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі және мерекелік алты медалі бар. 1988 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әубәкіров Бадырақ

       1916 жылы Торғайдың Шилі ауылында туған. Мектептің 4 сыныбын бітірген. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда жұмыс істеген. Әскерге 1941 жылы алынып, Смоленск, Москва қалалары үшін болған айқастардың куәсі. Жауынгерлік медальдары бар. Елге келген соң, 1946 жылдан бастап, әуелі ұжымшарда, кейін «Бестау», «Шилі» кеңшарларында шопан болды. Соғыс ардагері ретінде мерекелік марапаттауда болды. 1995 жылы қайтты.


Джангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика