Ищенко Дмитрий Прокопьевич Родился 22 октября 1914 года на Украине в Полтавской области, село Олимпиадовка. 14 декабря 1936 года был призван в Красную Армию, служил в 34 танковой дивизии. Прошел всю войну механиком-водителем, был помощником командира взвода в автобате при штабе 38 Армии, 1049 стрелковый полк. Имеет боевые и юбилейные медали. г.Рудный |
Ищенко Павел Андреевич 1916-1991гг. Р. в с. Матюши Белоцерковского р-на Киевской обл.. В армию призван Белоцерковским РВК. Годы службы:1941-1946гг. Участник боев на ООР, Юго-Западном, 2-м Украинском ф-х в составе 226, 41, 42, 5 СД. Род войск - сухопутные. Воинское звание – ст. сер-нт, командир отделения. Образование – начальное. После демобилизации работал в системе торговли поваром. Награжден орденом Отечественной войны 2-й ст., медалями: «За оборону Одессы», «За победу над Германией», юбилейными. г.Костанай |
Ищенко Павел Семенович Родился 21 сентября 1914 года в поселке Аман-Карагай. Образование 7 классов. В 1941 году был призван в Красную Армию. Воевал в кавалерии у генерала Доватора. Участвовал в боях за освобождение Курска, Орла. Принимал контрудар в Брянских лесах. Был ранен. Инвалид 3-й группы. Был старшиной запаса. В 1945 году демобилизовался. Работал кладовщиком, затем зоотехником. Ушел на заслуженный отпуск по инвалидности. Награды: орден Красного Знамени, медаль «За отвагу», орден Красной Звезды, медаль «За победу над Германией Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», медаль «За боевые заслуги», орден Отечественной войны ІІ степени, юбилейные медали. Умер 31 мая 1992 года. Тарановский район |
Ізтелеов Жүсіп 1912 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Жалдама өзенінің бойында дүниеге келген. 1942 жылдың қаңтар айында Қызыл Армия қатарына шақырылып, 112 дербес атқыштар полкінде Смоленск, Орел қалаларын қорғауға қатынасты. 22-23 шілде айында батальонның бір ротасы, алда бекініп жатқан жауға қарсы шабуылға шыққанда оң иығынан жараланып, жауынгерлердің көмегімен медсанбатқа жеткізіледі. Кейін санитарлық поезбен Қиыр Шығысқа госпитальға жіберіледі. Емделгеннен кейін комиссияның шешімі бойынша елге қайтарылады. 1943-1950 жылдары бригадир, қой фермасына меңгеруші болды. Кейін колхозда басқарма төрағасы, оның орынбасары болды, қайтадан қой фермасын басқарды. 1960 жылы ауданда тың жерді игеру басталғанда жер жағдайын жақсы білгендіктен, жер картасын жасайтын мамандарға жер көрсетіп, көптеген жерлерге тоған, бөгеттер, қазан шұңқырлар қаздырып су қоймаларын жасауға көмектесті. Соғыста болған кездерде «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» және кейін мерекелік медальдармен марапатталған. Кейін зейнеткерлікке шықты. 1981 жылы ауыр науқастан көз жұмады. Артында 11 баласы және немере, шөберелері бар. Амангельдинский район |
Ізтілеуов Жүсіп 1917 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы мамыр айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 82 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1942 жылы қарашада жараланып, әскер қатарына жарамсыз болып, елге оралған. Колхозда жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Көпбасов Сейілхан 1924 жылы Аманкелді ауданы, Сарыторғай деген жерде туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1941 жылы тамызда шақырылып, соғыста 142 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Жауынгерлік сегіз медальмен марапатталған. Әскерден 1945 жылы мамырда босап, елге келіп, Сарыторғай совхозында жұмыс істеген. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Көпжанов Бәйділда 1906 жылы сәуір айында Қайдауыл болысы, Терісбұтақ өңірінде дүниеге келген. 1935-1942 жылдар аралығында қазіргі Сарыторғай ауылында мал бағып еңбек еткен. 1942 жылы әскер қатарына алынған. Сталинград түбіндегі соғысқа қатынасады. 1944 жылы ауыр жарақат алып, елге оралады. Соғыс жылдарындағы ерлігі үшін «Сталинградты қорғағаны үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. Елге оралғасын 1 дәрежедегі мүгедектікке шығады. 1955 жылға дейін еңбек жолын мал шаруашылығында өткізеді. 1991 жылы 5 қазанда ауыр науқастан қайтыс болған. Ол кісі соғысқа дейінде отбасылы болған, зайыбы Абенова Орынбасар екуінің артында 1 қыз, 3 ер баласы бар. Осылардан тараған 19 немересі мен 4 шөбересі бар. Амангельдинский район |
Көрпебаев Сақан Қазіргі Әулиекөл ауданына қарасты Мақсұт ауылында 1909 жылы туған. 1941 жылы соғысқа аттанып, 1943 жылы маңдайынан жаралы болып қайтып келді. Ауылға оралған соң, 1948 жылға дейін Таран ауданы Қайыңдыкөл колхозында мал шаруашылығының бригадирі болған, артынан 1956 жылға дейін Кіндіксай колхозында жылқышы-қойшы болып істеді. 1956-1970 жылдары Қоржынкөл колхозында, Вачасов атындағы совхозда мал шаруашылығында жұмыс істеп, зейнетке шықты. 1980 жылы қайтыс болды. Балалары, немерелері бар. Аулиекольский район |
Көрпебаев Шүкір 1906 жылыТорғайдың Ақмырза қонысында дүниеге келген. Сауатын ауыл молдасынан кейін САУЖОЙда ашқан. Әуелгі кезде серіктестікте, соңынан ұжымшарда еңбек еткен. Әскерге 1941 жылы алынған. Жаяу әскер қатарында Сталинградты қорғауға, Курск доғасындағы алапат ұрыстарға қатысып үш рет жараланған. Мүгедектігіне байланысты елге оралып 1 Май ұжымшарында тракторист болып істеген. Аудандағы алғашқы механизаторлардың бірі, 1966 жылы зейнетке шықты. Соғыс кезінде, кейін бейбіт еңбекте алған наградалары бар. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде мерекелік медаль, белгілермен марапатталған. 1991 жылы Сужарған ауылында дүниеден өтті. Ұл-қыздарынан өрбіген немере, шөберелері бар. Джангельдинский район |
Кабанов Михаил Петрович Родился в 1923 году в п. Сорочинка Урицкого района Кустанайской области. С первых дней войны ушел на фронт. Воевал в составе 343 стрелкового полка 38 стрелковой дивизии. Фронтовыми дорогами прошел всю войну. В мае 1945 года уволен в запас и вернулся домой. После войны работал в животноводстве. Награжден медалями «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», юбилейными медалями. Умер в 1997 году.
Сарыкольский район |