Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'А' было найдено совпадений: 24120


Әлмағанбетов Батыр

       1918 жылы Аманкелді ауданы «Қызыл ту» ауылдық кеңесіне қарасты «Ақсай» ауылында туған.Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК нан шақырылып, соғыста 1290 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Волхов, Ленинград майданында жау әскерімен шайқаста көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және соғыстан кейінгі мерекелік 5 медальмен марапатталған. Әскер қатарынан босап елге келіп, өзінің туған жерінде жұмыс істеген. 2002 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлмағанбетов Сарман

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1942 жылы шақырылып, соғыста 491,841-ші бригада құрамында 282 артполкте зеңбірек көздеушісі болған.1945 жылы елге оралған. Ерлігі үшін бес медальмен марапатталған. Елге келген соң көп жыл бойы шопан болып жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлмағанбетов Торсан

       1900 жылы Аққұм болысында өмірге келген. Ауыл молдасынан сауатын ашқан, әскерге дейін серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. 1942 жылдың шілдесінде соғысқа кетіп, 1945 жылдың қарашасында елге оралған. 87 дивизияның 96 атқыштар полкінде жауынгер болған. «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. Торсан ақсақал 1988 жылы Торғайда қайтыс болды.


Джангельдинский район




Әлмамбетов Шеген

       1922 жылы Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Торғай селосында дүниеге келген. 1932-1940 жж. Торғай орта мектебінде оқиды. 1941 жылдың қазан айында әскери борышын өтеуге аттанып, Ұлы Отан соғысына қатынасып, 2 рет жараланады, Калинин-Белорусь майданында бөлімше және взвод командирі болады. 1945 жылдың май айынан КПСС мүшесі, орта білімді. Соғысқа қатынасушы ретінде «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған. 1947 жылы өзінің туған елі Торғайға оралды. Осы жылдан бастап аудан орталығында әр салада үзбестен еңбек етеді. 1961 жылдан – Жанкелдин ауданы Торғай селолық Советінің председателі болып жұмыс атқарады. 1964 жылдан – Жанкелдин совхозрабкооп председателі. 1975 жылы – Жанкелдин аудандық ПМК-1505, трест Тургайсельстрой – 15 мекемесінде кадрлар бөлімінің инспекторы болып жұмыс атқарады. Жұбайы медицина қызметкері, соғысқа қатысқан Екатерина Ивановна екеуі 4 бала тәрбиелеп өсірген, ауданымыздағы үлгілі отбасы болатын. Балаларының бәрі де жоғары білімді, қызметтеріне тиянақты. 1978 жылы тамыз айында Шәкең дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Әлменов Қайыр

       1914 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1942 жылы әскерге шақырылып, 841 АП қатардағы жауынгер. Әскер қатарынан 1945 жылы босап, елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанға дейін әр түрлі жұмыстар істеген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлменов Сәдіман

       1905 жылы бұрынғы Қараторғай болысы, қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 15 АП құрамында ІІ Украйна майданында соғысқа қатынасқан. Смоленск қаласы үшін болған ұрыстағы ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны женгені үшін» медальдарымен және соғыстан кейінгі мерекелік 4 медальмен марапатталған. 1945 жылы мамырда әскер қатарынан босап елге келіп, колхоз, совхоздарда қойшы болып жұмыс істеген. 1998 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлмішев Қойшыбай

       1921 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақыртылып, Ленинград майданында 210-АП қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы жаралы болып елге келген. Көп жыл бойы сатушы, есепші қызметінде істеген. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әлтаев Тұрған

       1924 жылы Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 39 гв. АД, 120 гв. АП құрамында бөлімше командирі болған. Аға сержант ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен жәе бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған. Әскерден 09.02.1946 жылы босап келіп, колхоз, совхоздарда есепші болып жұмыс істеген, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әмірғазин Құрманқұл

       1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 02.1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 119 АП құрамында 05.1945 жылға дейін болған. Әскери атағы аға сержант. Ерлігі үшін 5 медальмен марапатталған. 1994 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Әмірқұлов Сарман

       1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Қараторғай деген жерде туған. Әскерге Торғай АӘК-нан шақырылып соғыста 01.1941 жылдан 1944 жылға дейін 23,26 атты әскер полкінде Сталинград майданында болған. Ерлігі үшін 4 медальмен марапатталған. Елге І топтағы мүгедек болып оралып, көп жыл бойы қойшы болған. 1984 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика