Бекішов Мырзамсейіт 1926 жылы Аманкелді ауданында туған. 1941 жылдың қыркүйегінде Аманкелді АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 147 СП, 1 гв.танк корпусында писарь болып қызмет еткен. Жауынгерлік үш медальмен марапатталған. Көп жыл бойы совхоздарда партия ұйым хатшысы, аудандық ауылшаруашылық басқармасында бас маман, т.б. жұмыстар атқарып, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Бекішов Фазыл 1911 жылы қазіргі Аманкелді ауданына қарасты Ұзын қоға ауылында туған. 1942 жылы наурызда Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 4 кав.полкта қызмет еткен. Соғыстағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, жауынгерлік 6 медальмен марапатталған. Әскер қатарынан 1945 жылы қараша айында босап елге келіп, колхоз, совхоздарда есеп қызметінде істеп, зейнеткерлікке шығып, 2004 жылы қайтыс болған. Жанұясында ұл, қыздары мен немерелері бар. Амангельдинский район |
Беккалиев Тулебай Родился в 1921 году в п. Аксуат Мендыкаринского района Костанайской области. Образование среднее-специальное, ветеринар. Проживал в с. Барвиновка Урицкого района. Работал ветеринарным фельдшером. Прошел войну с первых дней и до победы. Воинское звание старшина. С апреля по ноябрь 1942 года воевал на Северо-Западном фронте, с ноября 1942 г. по июнь 1944 года - на Белорусском фронте, с июня 1944 года по апрель 1945 года воевал на Карельском фронте. С июля 1945 г. по апрель 1947 г. работал на 72 передвижном танкоремонтном заводе. Был женат, воспитал двоих сыновей и четырех дочерей. Награды: орден Отечественной войны I степени, медаль «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», юбилейные медали. Умер 20.06.1997 г.
Сарыкольский район |
Беккулинов Зейнулла Родился 23 сентября 1917 года в Карасуской волости Кустанайского уезда. Призван на военную службу 12 марта 1940 года Убаганским РВК. Воевал в 1941 году в составе 18 стрелкового полка. Стрелок. Награды: медаль «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», юбилейные медали. Умер. Карасуский район |
Беккулов Медеубай Родился в 1923 году. Призван в 1942 году Семиозерным РВК. Участвовал в боях в составе 86 гвардейского стрелкового полка. Ранен 4. 12. 1942 года, проходил лечение в госпитале. Демобилизован 26. 04. 1943 года. После демобилизаций работал в родном селе. Аулиекольский район |
Бекмұханов Құрайыш 1912 жылы Торғайдың Шилі аулында туған. Сауатын ауыл молдасынан, кейін САУЖОЙдан ашқан. Ұжымшарда малшы, почташы болып жұмыс істеген. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, Смоленск маңында соғысқан, Белорусь жерін азат етуде болған. Соғыста алған жарақатына байланысты әскерден босап, елге оралды, ауылында почташылық міндет атқарған. Соғыс мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. 1989 жылы туған ауылы Шиліде дүниеден озды. Артында қалған балалары әр салада еңбек етуде. Джангельдинский район |
Бекмағамбетов Ғалым 1925 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданының “ Жаңа” ауылында дүниеге келген. Орта мектептік білімі бар. 1943 жылы 25 қаңтарда Торғай АӘК-нан әскер қатарына алынды. Соғыс жылдары 159 және 217 атқыштар полкінде атқыш болды. Кейін 1071 атқыштар полкі, 311 Двинский атқыштар дивизиясында әскери міндетін атқарды. Соғыстағы ерлігі үшін «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», 8 мерекелік медальдармен және І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Еңбектегі ерлігі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Жұбайы Әби екеуі 1 бала тәрбиелеген кісі. Наурзумский район |
Бекмағамбетов Қайырбек 1913 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Аманкелді ауылдық округінің Тамқамыс қоныс орнында дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалып, әкесінің інісі Шайзаның қолында өскен. 1934 жылы Торғайдағы мектептің 4-ші сыныбын бітіріп, Қостанай қаласындағы медицина техникумына оқуға түседі. Осы техникумды өте үздік деген бағамен бітіріп, Украинаның Киев қаласындағы медицина институтына оқуға түседі. 1939 жылы 3-ші курсында оқып жүргенде, әскер қатарында қызмет атқаруға шақырылады. Осы жылы финн соғысына қатысады. 1941 жылы соғыс басталардан 1-2 күн бұрын Москва қаласына әскери госпитальға ауру апарып салуға командировкаға жіберілген. Соғыстың басталғанын Москвада естиді. Осы кезден бастап 3-ші Белоруссия майданындағы 202-ші атқыштар полкінде әскери дәрігер болды. Медицина қызметінің лейтенанты Бекмағамбетұлы Қайырбек ұрыс даласында ерліктер жасап, талай жүздеген жауынгерлерді ажалдан арашалап қалды. Осындай ерлігі үшін «Москваны қорғағаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», басқа да медальдармен марапатталған. 1947 жылы туған елге аман-есен оралып, өз мамандығы бойынша бейбіт еңбекке араласты. 1998 жылға дейін туған өлкесі, Торғай аумағындағы елді-мекендерде фельдшерлік қызмет атқарды. 1960 жылы КСРО-ның «Денсаулық сақтау үздігі» белгісі берілген. Халыққа істеген еңбегі бағаланып, Ленин, Қазан Революциясы ордендерімен марапатталған. Облыстың Құрмет кітабына есімі жазылды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды, Отан соғысы, және Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалін алды. Қақаң он бала тәрбиелеп өсірген. 2002 жылы 28 қаңтарда 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Джангельдинский район |
Бекмағамбетов Шағыр 1912 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Қайғы ауылында дүниеге келген. Бастауыш сыныптық білімі бар. Соғысқа дейін осы ауылда әр салада жұмыс iстеген. 1942 жылы 18 ақпанда Қызыл Әскер қатарына алынды. 1944 жылдың сәуіріне дейін 164 атқыштар полкінде атқыш болған. 1942 жылы оң иықтан жеңіл жарақаттанған. 1944 жылы сәуірде ауыр жарақаттанады, соған байланысты шілдеде әскери қатарынан босатылып, елге оралды. Елге келген соң әр салада жұмыс атқарады. Колхоз кезінде дайындау мекемесінде салық жинау қызметiн атқарды. Ауылы «Қостанай-комсомолы» атындағы совхоз болған кезде шаруашылықтың екінші бөлімшесінде есепші, фуражир болды. Соғыстағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, 7 мерекелік медальдармен марапатталған. Жұбайы Көзден әжей екеуі 3 бала тәрбиеле өсірген кісілер. Наурзумский район |
Бекмағанбетов Қалихан 1926 жылы Аманкелді ауданында туған. 04.1941 жылы Аманкелді АӘК-нан іскерге шақырылып, 05.1945 жылға дейін 120 АП құрамында бөлімше командирі болған. Әскер қатарынан босап елге келгеннен кейін, аудан мекемелерінде қызмет істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |