Әміралин Сапа Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, №3 ауылда 1922 жылдың 18 наурызында дүниеге келген. Әке-шешеден ерте айрылған. 1941 жылдың 19 қазанында Жаңа ауыл орта мектебінің 7-ші сыныбынан әскерге шақырылады. Майданда 520-шы атқыштар дивизиясының құрамында соғысады. 1942 жылы қолынан ауыр жараланып, госпитальда емделеді, сол жылы елге оралды. Көп ұзамай еңбекке араласады. Бухгалтердің көмекшісі, колхоздың есепшісі, қойма меңгерушісі болған. Қорғасын руднигінде, байыту фабрикасында істеген жылдары бар. Қайынды, Иманов атындағы кеншарларда құрылыс басқарушы міндеттерін атқарған. 70-ші жылдары жұмысшылар кооперативінде, жинақ кассада істеген, зейнеткерлікке шығады. Көптеген медальдармен және мақтау грамоталарымен марапатталған. 2003 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
Әміров Әбдіғамал 1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан алынып, 01.1942-1943 жылдар аралығында 119 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Елге І топтағы мүгедек болып оралған. Жауынгерлік 3 медальмен марапатталған. Елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанға дейін есеп жұмысында істеген. 1985 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әмірхамзин Ғабдол-Ғазез 1912 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы Жалдама бойында туған. 1924-1930 жылдары Аманкелді орта мектебінде оқыған. 1936 жылы Жасбуын орта мктебінде мұғалім болып істеген. 1939 жылы армия қатарына алынған. Финн және Ұлы Отан соғыстарына қатынасқан. «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалінің, Қызыл Жұлдыз орденінің, бірнеше мерекелік медальдардың иегері. 1946-1972 жылдары аралығында Жаңа-тұрмыс, Үрпек ауылдарында мұғалім болып жұмыс істеген. 1972 жылы зейнеткерлікке шығып, 1999 жылы 87 жасында қайтыс болған. Артында 4 баласы, 13 немересі бар. Амангельдинский район |
Әмірхамзин Ғабдол-Ысқақ 1923 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы Жалдама бойында туған. 1930-1936 жылдары Аманкелді орта мектебінде оқыған. 1941 жылы армия қатарына алынып, 1942 жылы денсаулығына байланысты армия қатарынан босап, елге оралған. Сол жылдардан бастап елде есепші мамандығы бойынша жұмыс істеген. 1964 жылы А.Иманов атындағы совхоздың, Ағаштыкөл бөлімшесінде есепші қызметін атқарған. 1967-1983 жылдары Бордақылау совхозында есепші болып жұмыс істеген. 1983 жылы зейнеткерлікке шығып, 1991 жылы 68 жасында қайтыс болған. Әмірхамзин Ғабдол-Ысқақпен зайыбы Сұлтанбекова Мағрипаның артында 2 баласымен, 8 немересі бар. Амангельдинский район |
Әмірхамзин Насыр 1926 жылы Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 04.1944-05.1945 жылдары 2 Армияның 298 АП құрамында қызмет еткен. Елге келген соң, көп жыл бойы бала оқытып, зейнеткерлікке шыққан. Қайтыс болған, жауынгерлік 4-медальмен марапатталған. Амангельдинский район |
Әндіров Сәтмағанбет 1926 жылы қараша айының 20 күні Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты №6 ауылда туған. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, ІІІ Белоруссия майданында 345-ші гвардиялық полкінің 24-ші атқыштар батальонның қатарында неміс басқыншыларына қарсы ұрыстарға қатысады. Кейін 23-ші танк бригадасында радиоторабын басқарады. Шығыс Пруссияны азат ету және Кенигсберг қаласын қоршау ұрыстарына қатысып, байланыс жүйесін мүлтіксіз атқарып, жоғары орындарынан бірнеше алғыстар алады. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» және жеңістің мерекелік 6 медалімен марапатталады. 1945 жылдың шілдесінде әскер қатарынан босап, елге келеді. 1946-1951 жалдары аудан орталығындағы радиоторабын, аудандағы ауа райын бақылайтын мекемесін басқарады. Кейін аудандық байланыс торабы бастығының орынбасары, селолық әкімшіліктің төрағасы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шығады. «Тың жерлерді игергені үшін» медальмен марапатталған. Жанұясында 4 ұлы, 2 қызы, 20 немересі, 2 шөбересі бар. 1982 жылы қайтыс болады. Амангельдинский район |
Әубәкіров Қабыкен 1926 жылғы 25 наурызда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында туған.Әскерге алынғанға дейін колхозшы болған. 1944 жылы 17 желтоқсанда әскер қатарына алынған. 24 атқыштар полкінде қатардағы жауынгер, 321 атқыштар полкінің құрамында соғысқа қатынасқан. 1950 жылдың аяғында елге оралған. 1959 жылға дейін Қостанай облысы, Комсомол ауданында ақша бөлімінде салық жинаушы болып істеген. Кейін Арқалық қаласында экспедитор болып жұмыс атқарған. 1986 жылы зейнеткерлікке шыққан. 9 бала тәрбиелеп өсірген. Алған наградалары: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі және мерекелік алты медалі бар. 1988 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әубәкіров Бадырақ 1916 жылы Торғайдың Шилі ауылында туған. Мектептің 4 сыныбын бітірген. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда жұмыс істеген. Әскерге 1941 жылы алынып, Смоленск, Москва қалалары үшін болған айқастардың куәсі. Жауынгерлік медальдары бар. Елге келген соң, 1946 жылдан бастап, әуелі ұжымшарда, кейін «Бестау», «Шилі» кеңшарларында шопан болды. Соғыс ардагері ретінде мерекелік марапаттауда болды. 1995 жылы қайтты. Джангельдинский район |
Әубакіров Қабыкен 25 наурызда 1926 жылы Аманкелді ауданында туған. 1943 жылы қазан айында Федоров АӘК-нан әскерге шақырылып, 321 АП құрамында Молдавия жерін жаудан азат ету ұрыстарында қатынасып, 1950 жылы әскерден босап, Аманкелді ауданында әр түрлі жұмыстар атқарған. Амангельдинский район |
Әубакіров Әуезхан 1926 жылы Аманкелді ауданында туған. 04.1944 жылы Аманкелді АӘК-нан әскерге шақырылып, 05.1945 жылға дейін 1324 СП құрамында қатардағы жауынгер. Елде бала оқытып, ұстаз болды, зейнеткерлікке шыққан. Қайтыс болған. Амангельдинский район |