Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'в' было найдено совпадений: 25205


Өміртаев Сейітбек

       1926 жылы 17 тамызында Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. 1943 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 37-ші танк батальонында қызмет еткен. 1946 жылы әскер қатарынан босап елге келіп, көп жыл бойы шопан болған. 2000 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Өсеров Әнуар

       1924 жылы 28 қарашада Қостанай облысы, Торғай ауданы, Тосын ауылдық кеңесінің Қарақамыс деген жерде туған. Ұжымшарда түрлі жұмыстар істеді. Ұлы Отан соғысының ардагері. ІІ Украин майданы, 7 бригада, 30 батальонда 1943 жылы Днепр өзені бойындағы Кременчуг қаласында соғысқа кірген. Корсунь-Шевченко айқасына қатысқан. Украина азат өтілген соң, Молдавия жерінде болған. Румынияны, Венгрияны азат етуге қатысқан. Одан әрі Австрияға өтіп, шекарадағы Ло қаласын азат етуде болған. Осында соғысты аяқтады. «Ерлігі үшін», «Будапешті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарын, Жеңістің, Қарулы Күштердің елеулі жылдарының белгілерін алды. Кейін Закарпат әскери округінде кіші сержант, бөлімше командирі болып қызмет еткен. І дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері. 1949 жылы елге оралған. Аудандық партия комитеті Тосын мал отарында «Қызыл Отау» меңгерушілігіне жіберді. Кейін Торғай МТС-де есепші болды. Ұжымшарда бухгалтер, кеңшарда директордың орынбасары қызметтерінде болды. 2 бала, 7 немересі бар. 2007 жылдың бірінші наурызы күні қайтыс болды.


Джангельдинский район




Өтебаев Қошқар

       1908 жылы қазіргі Науырзым ауданы, Қожа ауылында дүниеге келген. 1943 жылы 5 мамыр күні Қостанай қалалық әскери комиссариатынан соғысқа аттанады. IV Украин майданында соғысқан. Қырымды азат етуде ерліктер көрсеткені үшін Жоғары Бас Қолбасшысы Сталиннің мақтау қағазымен, Симверополь үшін шайқаста батылдығымен көзге түсіп «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Херсон, Черкасск, Мелитополь, Найбранденбург қалаларын азат етуге қатысқан. Бұл ұрыстарда да өжетілігімен, батылдығымен көзге түсіп отырған. Отан үшін шайқасқан ерлігі елеусіз қалмаған, осы аталған қалаларда болған ұрыстарда алған марапатталулары бір төбе. Елге жеңіспен оралып, мал шаруашылығында жұмыс істеген.


Наурзумский район




Өтебаев Мырза

       1905 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 12.1942 жылы әскерге шақырылып, 57 гв.АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден жаралы болып 1944 жылы босап, елге келген. Жауынгерлік төрт медальмен марапатталған. 1993 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Өтегенов Батырбек

       1912 жылы Торғайдың Қарақұм өңірінде туған. Ауыл молдасынан, кейін САУЖОЙдан сауатын ашқан. Әу баста серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. Әскерге 1941 жылдың тамызында алынған, Шұбаркөлде дайындықтан өткен. Рязань үшін айқасқа қатысып, жарақат алған. Елге 1945 жылы келді. Келісімен ұжымшарда, кейін кеңшарда шопан боп істеді. Ауданның алдыңғы қатарлы қойшыларының бірі ретінде талай мақтауға ие болды. 1968 жылы қайтыс болды. 5-6 ұл-қызынан тараған ұрпақтары бар.


Джангельдинский район




Өтегенов Мырзахан Мәжентайұлы

       1924 жылы Қостанай облысы, Сарыкөл ауданының Қарамырза поселкесінде туған. 1942 жылы тамыз айында Обаған аудандық әскери комиссариаты шақырып, соғысқа аттанды. Украина майданында 55 армияның 20 атқыштар дивизиясының 215 атқыштар полкінің қатарында талай ұрыстарға қатынасты. Харьков қаласын азат ету кезінде оң иығынан оқ тиіп, ауыр жараланып елге келді. Майдангер жігіт 1947 жылы партияға өтті. Қоғамшыл, белсенді азамат басшылық көзіне түсіп, қызметке араласа берді. Қостанай ауданының Щербаков совхозында партия ұйымының хатшысы болып істеді. Ал 1964 жылы алыстағы Жангелдин ауданына атқару комитетінің төрағасы орынбасарлығына жіберілді. Аудан экономикасы мен мәдениет өсуіне көп еңбек етті. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің айтулы даталарында медаль-белгілерімен марапатталды. 1974 жылы ақпанда ауыр науқастан қайтыс болды. Артында 4 қызы, 6 ұл балалары және олардан тараған немерелері бар. Еңбекқор, елге сыйлы азамат болатын.


Джангельдинский район




Өтепбаев Мырза

       1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы шілде айында әскер қатарына Торғай АӘК-нан шақырылып, соғаста 2 ЖД полкінде теміржолшы-жауынгер болған. Әскер қатарынан 1946 жылы босап, елге келіп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Өтепбергенов Досмағұл

       1906 жылы Торғайдың Көкалат ауылында туған. Байдың малын баққан, серіктестіктерде еңбек еткен. Атақты Албарбөгет бөгетін салуға қатынасқан. 1931 жылы Орск қаласында теміржолда істеген. Кейін елге келіп шығырмен егін салған. 1941 жылы әскерге алынып, Ленинград майданында ұрыстарға қатысқан. 1943 жылы соғыста бір аяғынан айырылып, 1-ші топтағы мүгедек болып елге оралды. Туған аулы – Аманкелді ұжымшарында қойма меңгерушісі боп жұмыс жасады. Ұлы Отан соғысының мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. Рзакүл есімді қызы, Қапен атты ұлынан тараған немере, шөберелері бар. Өзі 1979 жылы өмірден өтті.


Джангельдинский район




Ақмағамбетов Сақтапберген Бөженұлы

       1925 жылы 4 мамырда дүниеге келген. 1943 жылы әскерге алынған. Ұлы Отан соғысында танкист болған. Украинаны, Польшаны, Чехословакияны немiстерден азат етуге қатысты. Соғыс жылдары Қызыл Жұлдыз орденiмен, бiрнеше медальдармен марапатталған. Жеңістен кейiн әскер қатарында бес жыл болды, 1950 жылы капитан шенiн алған Сақтапберген еңбек етуге туған жерi Қостанай облысына оралды. Ол машина, трактор, комбайнде жұмыс iстедi, жақсы еңбегімен көзге түсiп Қызыл Ту орденi және “Еңбектегі ерлігі үшін” медалiне ие болды. Жұбайы Сара екеуi 2 үл, 7 қыз өсiрiп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған жандар. 1976 жылы 1 мамырда дүниеден өттi.


Наурзумский район




Ақылбеков Есенғали

       1904 жылы қазіргі Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Жаркөл ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін колхоздастыру кезінде әртүрлі жұмыстар атқарды. 1942 жылы Семиозер аудандық әскери комиссариатқа шақырылып, Отанымызды қорғауға соғысқа аттандырылды. Ленинград майданында 107 атқыштар полкі құрамында атқыш болды. Соғыстың қызған шағында 1943 жылы 6 қарашада сол қолынан ауыр жарақат алып, госпитальға түсті. Госпитальдан емделіп шыққаннан кейін, туған еліне оралды. Медальдармен, ордендермен марапатталды. Ауылға оралып жарақаты жазылған соң, тылда еңбекке араласты. Науырзым ауданы Молотов колхозында ферма меңгерушісі, бригадир болып қызмет атқарған. Колхоз басқармасы қызметінде көп жыл істеген. 1960 жылдан бастап Науырзым ауданының “Первая семилетка” совхозы ашылған жылдары малшы болып жұмыс істеген. 1961 жылдан бастап еңбек демалысына шықты. Есенғали атай зайыбы Ұлжан екеуі Жамал есімді қыз бала тәрбиелеп өсірді. 1992 жылы қайтыс болды.


Наурзумский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика