Әубакіров Естияр 1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты Қарасу ауылында туған. 1940 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, Ленинград майданында 92-ші гв. АП құрамында соғысқан. Әскери атағы старшина, әскерден 1945 жылы босап, елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанша совхозда мал дәрігері болып жұмыс істеген. Қайтыс болды. Амангельдинский район |
Әубакіров Сәбит 1925 жылы 5 мамырда Аманкелді аудынының 2 ауылында дүниеге келген. Әскер қатарына 1943 жылғы 7 қаңтарда шақырылып, Орал әскери округінің 382 атқыштар полкында қатардағы атқыш болған. 1943 жылдың 5 наурызында 1516 гвардиялық атқыштар полкының құрамында Брянск майданында ұрысқа кірген. Сол жылдың қазан айында жарақат алып, госпитальда емделіп шыққаннан кейін, І Украин майданында 270 гвардиялық атқыштар полкында зениттік пулеметшілер бөлімшесінің командирі болып ұрыстарға қатысқан. Жеңіс күнін осы полктың құрамында қарсы алған. Әскер қатарында 1950 жылдың наурыз айына дейін болды. Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарымен және соғыстан кейінгі мерекелік медальдармен марапатталған. Әскер қатарынан оралғаннан кейін Аманкелді ауданында прокуратурада, әскери комиссариатта, аудандық атқару комитетінде - әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, жоспарлау комиссияның төрағасы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы және бірқатар мекемелерде есепші және экономист болып еңбек етіп, 1985 жылы зейнет демалысына шықты. Еңбектегі жетістіктері үшін «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен, «Ерлік еңбегі үшін Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» мерекелік медалімен наградталған. 1993 жылдың 9 наурызында қайтыс болды. Бес баласы, жеті немересі бар. Амангельдинский район |
Әуезбаев Ақзамиден 1907 жылы Торғай уезінің Албарбөгет болысында туған. Шала сауатты, ауыл молласынан дәріс алған. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек етті. 1941 жылы ақпанда әскерге Торғайда алынған. Ленинград майданында ұрыстарға қатынасқан. Соғыста жаралы болып, контузия алып елге оралған. Келгеннен бастап әуелі ұжымшарда, кейіннен «Албарбөгет» кеңшарында шопан болды. 1967 жылы зейнетке шықты. 1981 жылы дүниеден өтті. Артында 9 баласы, бірнеше немерелері мен шөберелері бар. Өте діндар, имандылыққа елді шақыратын тақуа ақсақал еді. Джангельдинский район |
Әуезбеков Айдарбек 1914 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан әскерге 03.1942 жылы алынып, соғыста 201 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 05.1944 жылы жаралы болып, әскер қатарынан босаған. Елде көп жыл бойы малшы болып жұмыс істеген. Жауынгерлік 3 медальмен марапатталған. 1992 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Әшіров Әбдікамал 1918 жылы Қайдауыл болысы «Ағашты көл» ауылында туған /Аманкелді ауданы/ Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, Ленинград майданында 511 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1944 жылы жараланып, 1 топ мүгедегі болып елге оралған. Жанұясында ұл, қыздары мен немерелері бар. 1995 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Өмірқұлов Қайыр 1917 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы тамыз айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 382 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1944 жылы Ленинград түбінде жараланып елге оралған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Өмірбеков Шайкен 1916 жылы қазіргі Аманкелді ауданы, Бисары ауылында туған. 1940 жылы әскерге Торғай АӘК-нан алынып, соғыста 116 АД, 14-ші арт.полкте зеңбірек көздеткіші болған. Әскерден 1946 жылы босап, елге келіп, малшы болып жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Өміртаев Сейітбек 1926 жылы 17 тамызында Аманкелді ауданы, Еңбекші ауылдық кеңесінде туған. 1943 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 37-ші танк батальонында қызмет еткен. 1946 жылы әскер қатарынан босап елге келіп, көп жыл бойы шопан болған. 2000 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Өсеров Әнуар 1924 жылы 28 қарашада Қостанай облысы, Торғай ауданы, Тосын ауылдық кеңесінің Қарақамыс деген жерде туған. Ұжымшарда түрлі жұмыстар істеді. Ұлы Отан соғысының ардагері. ІІ Украин майданы, 7 бригада, 30 батальонда 1943 жылы Днепр өзені бойындағы Кременчуг қаласында соғысқа кірген. Корсунь-Шевченко айқасына қатысқан. Украина азат өтілген соң, Молдавия жерінде болған. Румынияны, Венгрияны азат етуге қатысқан. Одан әрі Австрияға өтіп, шекарадағы Ло қаласын азат етуде болған. Осында соғысты аяқтады. «Ерлігі үшін», «Будапешті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарын, Жеңістің, Қарулы Күштердің елеулі жылдарының белгілерін алды. Кейін Закарпат әскери округінде кіші сержант, бөлімше командирі болып қызмет еткен. І дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері. 1949 жылы елге оралған. Аудандық партия комитеті Тосын мал отарында «Қызыл Отау» меңгерушілігіне жіберді. Кейін Торғай МТС-де есепші болды. Ұжымшарда бухгалтер, кеңшарда директордың орынбасары қызметтерінде болды. 2 бала, 7 немересі бар. 2007 жылдың бірінші наурызы күні қайтыс болды. Джангельдинский район |
Өтебаев Қошқар 1908 жылы қазіргі Науырзым ауданы, Қожа ауылында дүниеге келген. 1943 жылы 5 мамыр күні Қостанай қалалық әскери комиссариатынан соғысқа аттанады. IV Украин майданында соғысқан. Қырымды азат етуде ерліктер көрсеткені үшін Жоғары Бас Қолбасшысы Сталиннің мақтау қағазымен, Симверополь үшін шайқаста батылдығымен көзге түсіп «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Херсон, Черкасск, Мелитополь, Найбранденбург қалаларын азат етуге қатысқан. Бұл ұрыстарда да өжетілігімен, батылдығымен көзге түсіп отырған. Отан үшін шайқасқан ерлігі елеусіз қалмаған, осы аталған қалаларда болған ұрыстарда алған марапатталулары бір төбе. Елге жеңіспен оралып, мал шаруашылығында жұмыс істеген. Наурзумский район |