Өтебаев Мырза 1905 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 12.1942 жылы әскерге шақырылып, 57 гв.АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден жаралы болып 1944 жылы босап, елге келген. Жауынгерлік төрт медальмен марапатталған. 1993 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Өтебайұлы Әйбек 1908 жылы қазіргі Аманкелді аудан, Рахмет ауылының Зортөбе деген елді мекенінде туып өскен. 1942 жылы 25 шілде айындаАманкелді ауданынан Шұбаркөлдегі жинақ пунктіне әскери даярлыққа аттандырылады. Одан өткеннен кейін бір топ жігіттермен бірге Сталинград қаласының маңындағы ұрыс қимылдары өтіп жатқан ауданда, әскери бөлімшенің 2 дивизиясының 126 атқыштар полкіне қосылады. Сол жерде фашистермен қатты ұрыста ауыр жарақат алып, Свердлов қаласындағы госпитальге түседі. 1944 жылы емделіп шығып, соғысқа жарамсыз болып, елге оралады. 1945 жылдан бастап Аманкелді ауданының үшінші ауылында Ағаштыкөл, Куйбышев колхоздарында ферма басшысы, А.Имановсовхозы құрылғаннан бастап төменгі Куйбышев бөлімшесінің мал маманы, 1968 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Ақкісі бөлімшесінде қойма меңгерушісі жұмыстарын атқарды. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен наградталған. Жолдасы Баспақпайқызы Рәушан екеуі бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген. Балаларынан он сегіз немере, тоғыз шөбере бар. Өтебайұлы Әйбек 1993 жылы18 сәуір күні 85 жасында дүниеден өтті. Амангельдинский район |
Өтегенов Батырбек 1912 жылы Торғайдың Қарақұм өңірінде туған. Ауыл молдасынан, кейін САУЖОЙдан сауатын ашқан. Әу баста серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. Әскерге 1941 жылдың тамызында алынған, Шұбаркөлде дайындықтан өткен. Рязань үшін айқасқа қатысып, жарақат алған. Елге 1945 жылы келді. Келісімен ұжымшарда, кейін кеңшарда шопан боп істеді. Ауданның алдыңғы қатарлы қойшыларының бірі ретінде талай мақтауға ие болды. 1968 жылы қайтыс болды. 5-6 ұл-қызынан тараған ұрпақтары бар. Джангельдинский район |
Өтегенов Мырзахан Мәжентайұлы 1924 жылы Қостанай облысы, Сарыкөл ауданының Қарамырза поселкесінде туған. 1942 жылы тамыз айында Обаған аудандық әскери комиссариаты шақырып, соғысқа аттанды. Украина майданында 55 армияның 20 атқыштар дивизиясының 215 атқыштар полкінің қатарында талай ұрыстарға қатынасты. Харьков қаласын азат ету кезінде оң иығынан оқ тиіп, ауыр жараланып елге келді. Майдангер жігіт 1947 жылы партияға өтті. Қоғамшыл, белсенді азамат басшылық көзіне түсіп, қызметке араласа берді. Қостанай ауданының Щербаков совхозында партия ұйымының хатшысы болып істеді. Ал 1964 жылы алыстағы Жангелдин ауданына атқару комитетінің төрағасы орынбасарлығына жіберілді. Аудан экономикасы мен мәдениет өсуіне көп еңбек етті. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің айтулы даталарында медаль-белгілерімен марапатталды. 1974 жылы ақпанда ауыр науқастан қайтыс болды. Артында 4 қызы, 6 ұл балалары және олардан тараған немерелері бар. Еңбекқор, елге сыйлы азамат болатын. Джангельдинский район |
Өтепбаев Мырза 1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы шілде айында әскер қатарына Торғай АӘК-нан шақырылып, соғаста 2 ЖД полкінде теміржолшы-жауынгер болған. Әскер қатарынан 1946 жылы босап, елге келіп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Өтепбергенов Досмағұл 1906 жылы Торғайдың Көкалат ауылында туған. Байдың малын баққан, серіктестіктерде еңбек еткен. Атақты Албарбөгет бөгетін салуға қатынасқан. 1931 жылы Орск қаласында теміржолда істеген. Кейін елге келіп шығырмен егін салған. 1941 жылы әскерге алынып, Ленинград майданында ұрыстарға қатысқан. 1943 жылы соғыста бір аяғынан айырылып, 1-ші топтағы мүгедек болып елге оралды. Туған аулы – Аманкелді ұжымшарында қойма меңгерушісі боп жұмыс жасады. Ұлы Отан соғысының мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. Рзакүл есімді қызы, Қапен атты ұлынан тараған немере, шөберелері бар. Өзі 1979 жылы өмірден өтті. Джангельдинский район |
Өтеулин Қарқынбай 1925 жылы 9 мамырда Аманкелді ауданында туған. Әскерге 1943 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, 24 АД, 382 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1944 жылы Калинин облысы Ковальки деревнясы үшін болған ұрыста жараланып елге оралған. Көп жыл бойы сауда орындарында жұмыс істеп, қайтыс болған. Амангельдинский район |
Ақмағамбетов Сақтапберген Бөженұлы 1925 жылы 4 мамырда дүниеге келген. 1943 жылы әскерге алынған. Ұлы Отан соғысында танкист болған. Украинаны, Польшаны, Чехословакияны немiстерден азат етуге қатысты. Соғыс жылдары Қызыл Жұлдыз орденiмен, бiрнеше медальдармен марапатталған. Жеңістен кейiн әскер қатарында бес жыл болды, 1950 жылы капитан шенiн алған Сақтапберген еңбек етуге туған жерi Қостанай облысына оралды. Ол машина, трактор, комбайнде жұмыс iстедi, жақсы еңбегімен көзге түсiп Қызыл Ту орденi және “Еңбектегі ерлігі үшін” медалiне ие болды. Жұбайы Сара екеуi 2 үл, 7 қыз өсiрiп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған жандар. 1976 жылы 1 мамырда дүниеден өттi. Наурзумский район |
Ақшекин Әбдір 1907 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан алынып 04.1942-1945 жылға дейін соғыста 154 АД құрамында қатардағы жауынгер болған. Елге келген соң колхоз, совхоздарда жұмыс істеген. 1987 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Ақылбеков Есенғали 1904 жылы қазіргі Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Жаркөл ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін колхоздастыру кезінде әртүрлі жұмыстар атқарды. 1942 жылы Семиозер аудандық әскери комиссариатқа шақырылып, Отанымызды қорғауға соғысқа аттандырылды. Ленинград майданында 107 атқыштар полкі құрамында атқыш болды. Соғыстың қызған шағында 1943 жылы 6 қарашада сол қолынан ауыр жарақат алып, госпитальға түсті. Госпитальдан емделіп шыққаннан кейін, туған еліне оралды. Медальдармен, ордендермен марапатталды. Ауылға оралып жарақаты жазылған соң, тылда еңбекке араласты. Науырзым ауданы Молотов колхозында ферма меңгерушісі, бригадир болып қызмет атқарған. Колхоз басқармасы қызметінде көп жыл істеген. 1960 жылдан бастап Науырзым ауданының “Первая семилетка” совхозы ашылған жылдары малшы болып жұмыс істеген. 1961 жылдан бастап еңбек демалысына шықты. Есенғали атай зайыбы Ұлжан екеуі Жамал есімді қыз бала тәрбиелеп өсірді. 1992 жылы қайтыс болды. Наурзумский район |