![]() Бірліков Мұрат 1906 жылы қазіргі Жангелдин ауданына қарасты Қарақоға өңіріндегі Сарысай деген жерде қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған, сауат ашу мектебінде оқыған. Еңбек жолын серіктестікте, кейін ұжымшарда бастады, қатардағы жұмысшы, малшы болды. Ұлы Отан соғысының ардагері, майданнан мүгедек болып оралды. Соғыстан кейін елінде көп жылдар бойы ұжымшар-кеңшарларда қой бақты, атақты шопан болып атанды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де еңбектен қол үзбеген. Зайыбы Мырзағалиева Тойбазармен бірге жанұяда үш бала тәрбиелеп өсірген. Балаларынан 13 немере, 23 шөбере өсіп-өнген. 1991 жылы қайтыс болды. Джангельдинский район |
![]() Бірмұқанов Қасен 1911 жылы Торғай уезі, Тосын болысында, қазіргі Шеген ауылында туған. Ауылда құрылған серіктестіктер мен ұжымшарда малшы болған. Соғысқа 1942 жылы жазда алынған. Сталинград майданында болған, Белград қаласын азат етуге қатысқан. 1945 жылдың ақпан айында ауыр жарақатталып, госпитальден кейін елге келген. 1946 жылдың жазынан әуелі ұжымшарда, кейін «Торғай» кеңшарында шопан болды. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, ССРО Қарулы Күштердің айтулы жылдарында мерекелік медальмен, белгілерінің иегері. Елге танымал шопан болды. 1965 жылы «Құрмет белгісі», ал 1967 жылы Ленин орденімен марапатталды. В.И.Лениннің мерекелік медалін де алды. 1973 жылы наурызда дүниеден өтті. Отбасында 9 бала тәрбиеленіп шықты, оларда 29 немере, 11 шөбере өрбіді. Джангельдинский район |
![]() Бірмағанбетов Әбдіғапар 1910 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында өмірге келген. Соғысқа дейін «Алғабас» бірлестігінде еңбек еткен. 1941 жылы қазан айында армия қатарына шақырылған. Шұбаркөлде әскери дайындықтан өтіп, Сталинград майданында ұрыстарға қатынасқан. 1944 жылы наурыз айында оң жақ аяғынан ауыр жарақат алып, 9 айдай госпитальде жатып, 1945 жылы мамыр айында екінші топтағы мүгедек боп елге оралды. Жеңістің меркелік белгілерінің иегері. Бұл кісі сүйген кәсібі - жылқышылықты бүкіл өміріне серік етті. Әуелі Жангелдин атындағы ұжымшарда, кейін «Қызыл әскер» кеңшарында көп жылдар үйір үстіне үйір қосқан жылқышы болды. Екі рет Бүкілодақтық көрмеге қатынасты, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Әбекең 1984 жылы ақпан айында бақиға өтті. Жұбайы Күлгашима екеуі 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, 25 немере сүю бақытына ие болған отбасы. Джангельдинский район |
![]() Бірмағанбетов Әміржан 1926 жылы мамыр айының 12-ші жұлдызында Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, 1 Май колхозында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанда жасы әлі 16-ға толмаған болатын. Соған қарамастан аудандық әскери комиссариатта өзін майданға алуды өтінеді. Өтініші қабылданбасада шақырылғандармен бірге Қостанайға барып, облыстық комиссариатта өз тілегін айтады. Комиссия өтінішін қабылдап, бұған алғыс айтады. Шұбаркөл қаласында арнайы әскери дайындықтан өткен соң, Сталинград майданынан бірақ шығады. Соғыста барлаушы болып, «тіл» әкеледі. Смоленск, Кенигсбергте соғысады, Одер, Висла өзендерден өтеді, Чехословакия, Польшаны азат етуге қатысып, 3 рет жараланады. Қарт майдангер соғыстағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, Даңқ, Отан соғысы ордендері, және бірнеше медальдармен марапатталады. Елге келген соң көп жыл Қазпочта саласында қызмет істеп, осы мекемеден 1986 жылы зейнеткерлікке шықты. Аудандағы ең ардақты ақсақал. Оны елдің бәрі сыйлайды, құрметтейді. Амангельдинский район |
![]() Бірмағанбетов Ахмет 17 қарашада 1905 жылы қазіргі Аманкелді ауданына қарасты Мұқыр ауылында туған. Соғысқа дейін колхозда еңбек еткен. 10 маусым 1942 жылы Аманкелді аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Украина майданына қатынасып, 1943 жыылдың мамыр айында ауыр жараланып елге оралған. Екінші топтағы мүгедек. Соғыстағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен және 7 мерекелік медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін «Жас талап», «Калинин» атындағы мектептерде мұғалім, Мереке орта мектебінде интернат меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1960-1965 жылдары «Сары өзен», «Степняк» совхоздарында қойма меңгерушісі болып, зейнеткерлікке шыққан. 11 мамырда 1995 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Бірмағанбетов Жалмағанбет 1910 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылдың қаңтар айында Торғай АӘК-нан армия қатарына шақырылып, соғыста 1585 артиллерия полкінде көздеуші болып, 1944 жылы жаралы күйде елге оралған. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Бірмағанбетов Төлеубай 1922 жылы Аманкелді ауданында туған. 02.1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 163 СД, 113 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Смоленск облысының Грынь селосы үшін болған ұрыста 10.1943 жылы жараланып, әскер қатарынан босаған. Көп жыл бойы есеп қызметінде істеген, совхозда бөлімше меңгерушісі болған. Жауынгерлік 4 медальмен марапатталған. Амангельдинский район |
![]() Бірманов Ермұхан 1926 жылы 17 сәуірде Қостанай облысы, Торғай ауданының Жаркөл деген жерде дүниеге келген. 1944 жылы Торғай әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылып, ІІІ Белоруссия майданында алғаш рет ұрысқа қатысады. Ол кезде 261 мм полктің 5-ші батереясында көздеуші болып, І, ІІІ Белоруссия фронтындағы армиялар шабуылға шығып, Минск қаласын жаудан босатады. Фронт батысқа қарай жылжып, девизон шабуылшылардың соңынан жүріп отырып, бүкіл Польша жерін шығыстан батысқа дейін жүріп, Жеңісті Одер өзенінің жанындағы Штеттин қаласының маңында қарсы алады. Соғыстағы ерігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталады. Одан басқа «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және 5 медальдары бар. 1946 жылы әскер қатарынан босап, елге келеді. Аудандық партия комитетінде нұсқаушы, «Коммунизм жолы», Крупская атындағы совхоздарда бастауыш партия ұйымының хатшысы болып жұмыс істейді. Қостанай ауылшаруашылығы техникумын сырттай бітіріп, 1969-1973 жылдар аралығында осы ауданның «Родник» совхозында бас зоотехник болып жұмыс атқарады. Жанұясында 1 қызы, 5 немересі бар. 1985 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
![]() Бірназаров Үмбетияр 1909 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 57 гв. АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Армиядан 1945 жылы босап келіп, зейнеткерлікке шыққанша аудан шаруашылықтарында жұмыс істеп қайтыс болған. Амангельдинский район |
![]() Благарь Илья Антонович Родился в 1912 году. Участник Великой Отечественной войны. Боевой путь начинал на Калининском фронте, воевал на подступах к Москве в ударной армии, 36 заградительный отряд. В 1943 году сражался в частях II Прибалтийского фронта. Был награжден медалью «За боевые заслуги». В 1944 году в Прибалтике, в районе Риги, был тяжело ранен, получил контузию. Пролежал 7 месяцев в госпитале, 10 февраля 1945 года комиссован. Вернулся в свой п. Ворошиловку, после полного выздоровления вернулся к трудовой деятельности. Все это время проработал в совхозе. За свой труд награжден множеством почетных грамот и благодарственных писем. Воспитал одного сына, внуков трое.
Карабалыкский район |