Доскалиев Магаз Родился 4 января 1920 года в Карасуском районе. На военную службу призван 20 сентября 1939 года Убаганским РВК. Служил в кавалерийском корпусе. Участник Великой Отечественной войны с 1941 года по 1945. Участник боев под Сталинградом и Прибалтике. Демобилизован в 1945 году. После войны работал стрелочником на железной дороге, затем составителем. В 1981 году вышел на заслуженный отдых. Вместе с супругой вырастили и воспитали восемь детей. Награды: орден Красного Знамени, орден Отечественной войны ІІ степени, медали «За отвагу», «Ветеран труда», юбилейные медали. Умер 4 ноября 2003 года. Карасуский район |
Доскач Иван Филимонович Родился в 1917 году, уроженец Сарыкольского района. В марте 1944 года был направлен на фронт. Воевал в составе 55 стрелкового полка 176 стрелковой дивизии. В мае 1945 года после окончания войны был демобилизован, вернулся домой. Награжден орденом Отечественной войны, медалями «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», юбилейными медалями.
Сарыкольский район |
Досмағамбетов Әмірхан 1905 жылы Саға ауылында туған. Білімі бастауыш деңгейінде. Әскерге 1943 жылы Қостанайда шақырылған. 1943 жылдың қаңтары мен 1945 жыл аралығында 55 артиллерия полкінде ұрыстарға қатысқан. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 1945 жылы маусымда әскерден босап елге келген. Бейбіт уақытта ферма, ұжымшарды басқарды. 1983 жылы қайтыс болды. Джангельдинский район |
Досмағамбетов Шуақбай 1926 жылы Шұбалаң ауылында өмірге келген. Әскерге 1944 жылы алынды. Маршал Рокосовский басқарған майданда болып, Берлинді алуға қатынасып, екі рет жарақат алған. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде мерекелік медальдармен марапатталып отырды. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі, т.б. бұрында наградалары болды. Елге 1946 жылы желтоқсанда оралды. Бейбіт өмірде әуелі ұжымшарда, кейін «Речной» кеңшарында шопан болып абыроймен еңбек етті. 1993 жылы туған ауылында қайтыс болды. Джангельдинский район |
Досмағанбетов Қажен 1921 жылы Аманкелді ауданында туған. 1941 жылы маусымда Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, соғыста 11 дербес атқыштар батальонында қатардағы жауынгер болған. Әскерден 1945 жылдың мамыырында босап елге келіп, қайтыс болған. Жауынгерлік бес медальмен марапатталған. Амангельдинский район |
Досмағанбетов Куаныш 20 сәуір 1923 жылы Аманкелді ауданындағы Сорқұлақ ауылында туған. Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, 1319 АП құрамында қатардағы жауынгер. 1943 жылы Орлов қаласы түбіндегі ұрыста жаралы болып, елге оралған. Көп жыл бойы есеп қызметінде жұмыс істеген. Зейнеткерлікке шығып, 1987 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Досмағанбетов Мүсілім 1903 жылы бұрынғы Қараторғай болысында туған. Әкесі Қалдыбайұлы Досмағанбет қажы болған. Кеңес үкіметі тұсында, ер жеткен соң колхозда жұмыс істеген. 1942 жылдын маусым айында Торғай әскери комиссариатынан армия қатарына шақырылып, 188 дивизияның құрамында І Украина майданында алғашқы рет ұрысқа қатынасады. Кейін Витебск-Полонский бағытында соғысқан, Украина, Белоруссия, Австрия, Венгрия жерлерін жаудан азат ету ұрыстарына қатынасады. Жараланып, госпитальда емделеді. «Ерлігі үшін» медалімен, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталады. 1944 жылы қазан айында ауыр жарақат алып, Тула қаласындағы госпитальда жатып, жеңіс күнін сол жерде қарсы алады. 1945 жылдын қазан айында армия қатарынан босап, елге оралады. Аманкелді ауданының «Қазақстанның 40 жылдығы» совхозында 1964 жылдың 29 маусымына дейін қой бағып зейнеткерлікке шығады. От басында 2 ұл, 5 қыз бала тәрбиелеп, олардан немере, шөбере сүйеді. 1971 жылы қайтыс болады. Амангельдинский район |
Досмағанбетов Мешел 1911 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Торғай АӘК-нан 1941 жылы әскер қатарына алынып, 913 АП құрамында Молдавия жеріндегі ұрыстарға қатынасқан. Әскер қатарынан 1946 жылы келіп, шофер болып жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан. 1992 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Досмағанбетов Хамза 1903 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Мойылды елді мекенінде қатардағы шаруаның отбасында өмірге келген, еңбекке ерте араласты. 1942 жылы Аманкелді АӘК-нан Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Әскери дайындықты Челябі облысының Шұбаркөл қаласында өтті. Ол кезінде «қазақша күресінің» асқан шебері болған, осы өнері кейін майданда көп жәрдем етті. Жауынгерлер оны өте сыйлайтын, «Дос» деп атаған. Днепр өзенінен кешіп өту шайқасты ол алғашқылардың бірі болып жау жағалауына шығып, бекініс орнатты. Сол жолы әскери тапсырманы жанқиярлықпен орындағаны «Ерлігі үшін» медалімен белгіленді. Сталинград шайқасына қатысып, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Ұрыстардың үстінде үш рет жаралы болды. Соғыстың соқпақ жолдарымен, жаумен айқаса жүріп, Кенигсбергке жетті, сол қаланың түбінде болған шайқаста ауыр жараланып, 1945 жылдың 5 наурызында комиссияланып, елге оралды. Көп жылдар бойы ауыл шаруашылығында жемісті еңбек етті. Зайыбы Шокен екеуі 11 бала тәрбиелеп өсірді, 11 немере мен 5 шөберенің қызығын көрді. 1997 жылы қайтыс болды. Амангельдинский район |
Досмагамбетов Агайдар Родился в 1904 году, проживал в ауле Жар-Куль. Призван в 1942 году Семиозерным РВК. Участвовал в боях в составе 841 стрелковой дивизии. Ранен, проходил лечение в эвакуационном госпитале № 939. Демобилизован 25. 05. 1943 года. Аулиекольский район |