Жүсіпбеков Құрманбай 1909 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №8 ауылында дүниеге келген. Колхозда әртүрлі жұмыстарда болды. 1942 жылдың тамыз айында әскерге алынған. Кіші командирлер дайындайтын курсты бітіріп, сол жылдың желтоқсан айында соғысқа кірген. Югославия жерінде көптеген елді мекендерді жаудан азат етуге қатынасқан. Ауыр жараланып, елге оралған. Өзінің туған жері Қайындыда көп жылдар бригадир, экспедитор болып жұмыс атқарып, 1968 жылдан зейнеткерлікте. Наградалары: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және 4 мерекелік медальдары бар. Жұбайы Жүсіпбекова Балбөпе екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген. 1983 жылы қайтыс болған. |
Жүсіпов Сейдахмет 1906 жылы Торғайдың Сужарған ауылында туған. Алғашқы уақытта серіктестікте, кейін ұжымшарда жұмыс істеген. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1942 жылы әскерге шақырылып, жаяу әскерлер қатарында соғысқан. 1946 жылы желтоқсан айында елге оралған. Әуелі «1 май» ұжымшарында еңбек етті. Кейін зейнетке шыққанға дейін «Албарбөгет» кеңшарында еңбектенеді. 1968 жылдан зейнеткер. Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен атап өтілді. Төрт ұл, екі қызынан тараған немере, шөберелері әр салада еңбек етуде. 1978 жылы Сужарғанда дүние салған. Джангельдинский район |
Жұмағұлов Өміртай 1914 жылы бұрынғы Қайдауыл болысы, қазіргі Аманкелді ауданы «Ағашты көл» ауылында туған. Колхозда жұмыс істеп, 1941 жылы Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 916 АП, 247 АД құрамында қатардағы жауынгер болған. Ленинград майданындағы ұрыстарға қатысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Праганы азат еткені үшін» медалімен марапатталған. 1998 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жұмабаев Аңсаған 1924 жылы 14 қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылнда дүниеге келген. 1942 жылы Челябі облысы Шұбаркөл деген жерде әскери дайындықта болған, сол арадан Ленинград майданына аттанған. Жаяу әскерде қатардағы жауынгер болған. Майданнан елге денсаулығына байланысты 1943 жылы оралған. Әскерге кеткенше колхозда әр-түрлі салада қызмет жасаған. 1948 жылы отбасын құрған. Жолдасы Райхан Баяхметқызымен отбасы құрғаннан кейін бір ұл, жеті қыз баланы жарық дүниеге әкелген. Қазіргі таңда солардан 30 немере, 18 шөбересі бар. 1965 жылдың 19 қаңтарынан бастап 1981 жылдың 17 қаңтарына дейін тұрмыс қажетін өтеу комбинатының филиалында етікші болып қызмет атқарған. 1998 жылы 2 наурызды дүние салды. Джангельдинский район |
Жұмабаев Амангелді 1917 жылы Ақкөлде туған. 1942 жылы ақпанда әскерге алынған. Майдан даласында қолынан ауыр жарақат алып, 1944 жылы елге оралған. Бейбіт өмірде салық агенті, байланыс бөлімшесінің бастығы, сондай-ақ ферма меңгерушісі жұмыстарын атқарған. Кеңшарда бақташы боп та жұмыс істеген. Кейін 22 жыл кеңшарда құрылыс материалдары қоймасының меңгерушісі болған. Соғысқа қатысушы ретінде мерекелік марапаттардың бәріне ие болды. Қазіргі күнде туған аулында балаларымен бірге тұрып жатыр. Елге сыйлы, өнегелі қартымыздың бірі. Джангельдинский район |
Жұмабеков Шалабай 1921 жылы Аманкелді ауданында туған. 1940 жылы желтоқсан айында Торғай АӘК-нан әскерге шақырылып, 56-ші мотоАБ қызмет еткен. Соғыста Венгрия жерінде жараланып, 1944 жылы елге оралған. Көп жылдары еңбек еткен, 1997 жылы қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жұманов Асқар 1918 жылдың 10 наурызында бұрынғы Қараторғай болысы, қазіргі Аманкелді ауданының №4 Еңбекші ауылдық кеңесіндегі ауылда туған. Аудан орталығындағы жеті жылдық мектепті бітіріп, 1934-1935 жылдары Қостанай қаласынан мұғалімдер дайындайтын училищесінде оқыған. «Жасбуын» бастауыш мектебінде 1939 жылға дейін бала оқытады. 1939 жылы желтоқсан айында әскер қатарына алынып, Орлов қаласындағы әскери округте 149 АД-ның 744 АП құрамында орудие командиріне тағайындалады. Әскери атағы сержант. 1.06.1941-1.01.1942 жылы Брянск қаласындағы саяси қызметкерлер дайындайтын училищеде оқиды. 1942-1943 жылдың тамыз айына дейін Калининград майданында 758 АП-да политрук, 02.1944 жылдың қазан айына дейін І Украина майданында 378 жеке жойғыш танк дивизион командирі, 08.1944 жылы – 06.1945 жылға дейін Украинаның Селебур қаласындағы 116 АД-ның 357 жеке танкіге қарсы жойғыш полкта батарея командирі болған. Әскер қатарынан 06.1946 жылы босап елге келген. Әскери шені капитан. 1946-1947 жылдары Аманкелді орта мектебінде оқытушы, аудандық партия комитетінде парткабинет меңгерушісі, әскери бөлім, ауылшаруашылығы бөлімдерін басқарған. 1951-1953 жылдары Алматыдағы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1953-1957 жылы Бөрлі ЛПС-де саяси жетекші. 1957-1960 жылдары Қарабалық ауданының Боскөл совхозында партком хатшысы, 1961-1966 жылдары Аманкелді ауданында «Қазақстанның 40 жылдығы», «Бүйректал» совхоздарында бастауыш партия ұйым хатшысы болған. Одан кейін Аманкелді орта мектебінің директоры, аудандық атқару комитетінде төраға орынбасары, аудандық жинақ банкасы, ПМК-1503 мекемесінде инженер болған. 1986 жылы зейнеткерлікке шығып, аудан ардагерлер кеңесін басқарған. «Құрмет белгісі», ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, 7 жауынгерлік медальдармен марапатталған. Жанұясында 8 ұл-қыз, 27 немере, 10 шөбересі бар. Қайтыс болған. Амангельдинский район |
Жұмекенов Ерғали Қостанай облысы, Федоров ауданында 1923 жылдың 14-ші қыркүйегінде туған. Әке-шешесінен жастай жетім қалып, інісі Бірғали екеуі Қостанай қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленіп, бастауыш білім алған. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Челябі облысына қарасты Шұбаркөл қаласында үш айдай әскери дайындықтан өтіп, осы жылдың тамыз айында 74-ші атқыштар полкінің құрамында Батыс Украинаның Староконстантинов, Проскуров, Житомир, Львов қалаларын азат ету ұрыстарына қатынасады. 1943 жылдың басында Венгрия жерінде соғысады. 1944 жылы Карпат тауында шиленіскен қатты ұрыс болып, сонда жараланып госпитальда емделеді. 1944 жылдың 23 тамыз айында елге оралады. Федоров ауданында жұмыс істеп, кейін Аманкелді ауданына көшіп келеді. Өмірінің соңына дейін шаштараз болып қызмет істеді. Осы жұмыстан зейнеткерлікке шығады. Артында 7 ұл, 3 қыз және бірнеше немере-шөберелері бар. Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлік ерліктері бағаланып, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Будапешті алғаны үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдармен марапатталған. Амангельдинский район |
Жәмалиев Әбдірахман 1914 жылы Торғай уезінің №13 ауылында туған. Соғысқа дейін серіктестіктерде, ұжымшарда еңбек еткен, Орынбор жағында байланыс мекемесінде жұмыс істеген. 1937-1940 жылдары армия қатарында болған. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың шілде айында Чкалов облысы, Домбаров ауданынан шақырылған. Брянск, Ленинград, Карельск, 1-Белорус майдандарында шайқастарға қатынасты. 1945 жылдың тамыз, қыркүйек айларында Забайкалье майданында, жапон агрессорларын талқандауға қатынасты. Совет Армиясы қатарынан 1946 жылы, аға сержант шенінде запасқа жіберілді. Соғыс уақытында бөлімше командирі, байланыс взводы командирінің көмекшісі, телефон станциясының бастығы міндеттерін атқарды. Соғыс уақытында «Кеңестік Запольярені қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен, кейін Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында тиісінше марапатталды. Соғыстан кейін туған еліне келіп, бейбіт еңбекке араласады. Зейнеткерлікке Торғай селосындағы кәсіптік-техникалық училищеде ағаш шебері болып істеп жүріп шығады. Бейбіт уақытында ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медалімен атап өтілді. 1999 жылы наурыз айында, 85 жасында дүниеден өтті. Артында 4 баласы, 18 немересі, 7 шөбересі бар. Джангельдинский район |
Жақанов Жолмырза 1924 жылы 24 мамырда туған. 1940 жылы ұстаздық жолын бастағанда, Жолмырза Жақанов небәрі он алты жаста екен. Балаң жастың алға қойған зор мақсаты бар еді. Ұлы Отан соғысы басталды да барлық мүддені бір ғана мақсатқа-елді жаудан қорғауға арнауға тура келді. 1942-1945 жылдар аралығында соғыста болған. Соғыстан аман-есен оралғаннан кейін, ұстаздық еңбегін жалғастырды. Кейіннен Меңдіқара педагогика училищесін бітірді. Содан кейін Сұлукөл орта мектебінде 41 жыл еңбек еткен. Жұбайы Жұмабике екеуі жеті бала тәрбиелеп өсірген бақытты ата-ана. Балаларының бәрі де өмірден өз жолын тауып, ел игілігі үшін еңбек етіп жүр. Наурзумский район |