Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'М' было найдено совпадений: 12918


Жақин Рахмет

       1903 жылы Ақмырза қоныс орнында туған. Әуелі серіктестіктерде, кейін ұжымшарда еңбек етті. Әскерге 1941 жылы күзде шақырылды. Бірінші Белорусь майданында жаумен соғысқа қатынасты, екі рет жарақат алған. 1945 жылы елге оралып, әр түрлі жұмыстар атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде мерекелік белгі-медальдармен марапатталды. 1985 жылы өз ауылы – Қаламқарасуда дүниеден өтті. Ұрпақтары сонда тұрып жатыр. Еңбекқор, елге сыйлы ақсақал болатын.


Джангельдинский район




Жақсымбетов Сабыржан

       1915 жылы Торғай уезінің №9 ауылында туған. 1941 жылдың қыркүйек айында Торғай АӘК-нан әскерге алынып, Шұбаркөл қаласындағы әскери дайындықтан өткеннен кейін 24 гв. АП құрамында қатардағы жауынгер болып, Белоруссия майданында жаумен соғысқан. 1944 жылдың желтоқсан айында жараланып, Ташкент қаласында госпитальда емделіп, бір аяғынан мүгедек болып елге оралған. Жауынгерлік ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Елге оралған соң, Аманкелді ауданындағы Қызыл Әскер, Жаңа тұрмыс колхоздарында бригадир, кейін аудан мекемелерінде әр-түрлі жұмыстар істеген. Жанұясында 3 ұл, 4 қызы және немерелері бар. 7 сәуір 1993 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жақыпов Мағауйя

       Арақарағай жеріндегі Құттық аулында 1920 жылғы 22 шілдеде көп балалы отбасында дүниеге келді. Төрт жасында әкесі қайтыс болғаннан кейін, балалар үйінде тәрбиеленген. Он жеті жасында Қостанай педагогикалық училищесін бітіріп, екі жылдай Қызылағаш ауылындағы мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. 1940 жылы әскер қатарына шақырылғанша, партия мүшелігіне қабылданды, Обаған аудандық комсомол, кейін партия комитеттерінде техникалық хатшысы болды. Қатардағы жауынгер Хабаровскідегі дивизиялық мектебінің курсанты болып қабылданды. Соғыс басталысымен майданның алғы шебіне жіберілді, 82-ші дивизия құрамында Москва үшін шайқастарға қатысқан. Содан кейін талай ұрыстарда болды, жарақаттанды, емделді, тағыда майдан шебі. Хабаровскіге қайтып, училищедегі оқуын жалғастырды. Жеңіс күнін де осы қалада қарсы алды. Бірақ соғыс бұнымен бітпеді, милитаристік Япониямен жалғасты. Ол да 1945 жылдың күзінде жеңіспен аяқталды. Отан алдындағы борышын абыроймен орындағаны үшін Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін 1946 жылы Қостанай аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы болды. 1951-1953 жылдары Алматыдағы Жоғарғы партия мектебінде оқыды. Комсомол орталық комитетінің мүшелігіне сайланды. Елуінші жылдардың аяғынан бастап, құрметті демалысқа шықанша Қарабалық, Қостанай аудандарында, облыс орталығында партия комитеттерінде, ауылшаруашылық басқармаларында, жоспарлау мекемелерінде жоғары лауазымды қызметтерді атқарды. Еңбегі жоғары бағаланды, марапатталды. Жұбайы Жакупова Күляшпен алты бала өсірді, он төрт немересі бар.


Костанайский район




Жақыпов Сейдазім

       1921 жылы Аманкелді ауданы, № 6 Бестау ауылдық кеңесіне қарасты Тасты ауылында туған. Әскерге 1942 жылы Торғай АӘК-нан шақырылып, 62 АП, 26 АД, 184 гв.АП құрамында қатардағы жауынгер болған. Польша, Венгрия жерлерін жаудан тазарту ұрыстарына қатынасқан. Жауынгерлік ерлігі үшін «Будапешті алғаны үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және соғыстан кейінгі жеңістің мерекелік төрт медалімен марапатталған. Әскерден босап келгеннен соң аудан колхоз, совхоздарында жауапты қызметтер атқарған. 1999 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жақыпов Смағұл

       1909 жылы қаңтардың 24 күні, бұрынғы Торғай уезі, Көк ала ат деген жерде дүниеге келген. Соғысқа дейін колхозда жұмыс істеген. Қызыл Армия қатарына 1942 жылдың наурыз айында Торғай әскери комиссариятынан алынған. Шұбаркөлде әскери дайындықтан өтіп, Сталинград қаласын азат ету ұрыстарына қатынасқан. 196-шы атқыштар дивизиясы құрамындағы 893 атқыштар полкінде Прудовая станциясы үшін ұрыста басынан жараланып, госпитальға түскен. Жазылып шыққаннан кейін 258 әскери ветлазаретке ауыстырылған. «Сталинградты қорғағаны үшін» және соғыстан кейінгі мерекелік алты медальдары бар, және І дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері. Майданнан елге оралған соң, Жангелдин және Аманкелді аудандарында кіші мал дәрігер болып, зейнетке шығады. 1996 жылы қайтыс болды.


Амангельдинский район




Жабағин Бимекен

       1918 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. 1942 жылы ақпанда Торғай АӘК-нан әскерге алынып, соғыста 569-АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы желтоқсанда жараланып елге оралған. Жауынгерлік үш медальмен марапатталған. Елде жұмыс істеп, қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жабаев Әмірхан

       2 маусымда 1918 жылы Аманкелді ауданында туған. 1940 жылы Торғай АӘК-нан әскерге алынып, 58 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1942 жылдың қазан айында Смоленск облысының Духовщинск ауданы үшін болған ұрыста жараланып, елге ІІ топтағы соғыс мүгедегі болып оралған. Еңбекке араласқан. 1994 жылы қайтыс болған.


Амангельдинский район




Жабаев Камали Бупежанович

       Родился в 1926 году. Ушел на фронт в возрасте 18 лет. Воевал на 2 Белорусском фронте. Был стрелком 120 стрелкового полка 69 стрелковой дивизии 65 армии пехотных войск. Участвовал в боях за освобождение Польши, дошел до Берлина в звании лейтенанта. В 1951 году окончил военное пехотное училище. Служил на Чукотке, во Владивостоке. На пенсию ушел в звании капитана. Награжден орденом Отечественной войны II степени, медалями «За боевые заслуги», «За освобождение Варшавы», «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», юбилейными медалями.


Сарыкольский район




Жабаев Камали Бупижанович

       1926-2003гг. Годы службы:1944-1945гг. Участник боев на Ленинградском ф-х. Воинское звание – рядовой, пехотинец. Награжден орденом Отечественной войны 2-й ст., медалями: «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией».


г.Костанай




Жабатаева Дарбала Амиржановна

       Родилась 28 декабря 1926 г. в п. Дудаковка Урицкого (ныне Сарыкольского) района. В 1943 году, находясь в г. Клин Московской области, окончила курсы связистов, была направлена на Белорусский фронт. После лечения от контузии в июле 1944 года направлена в Северную группу войск. Демобилизовавшись в 1946 году, работала заведующей орготделом райкома комсомола, затем райкома партии Урицкого района. В 1951 году окончила Республиканскую партийную школу при ЦК Компартии Казахстан в г. Алма-Ате. В 1960 году - Высшую партийную школу при ЦК КПСС. Более 30 лет работала на ответственных постах в партийных и советских органах. На протяжении пяти созывов (с 1957 по 1967 год) избиралась депутатом и членом исполкома Алма-Атинского городского Совета депутатов трудящихся. Награды: орден Отечественной войны II степени, медали «За отвагу», «За боевые заслуги», «За освобождение Белоруссии», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель».


Сарыкольский район





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика