Книга Памяти



   
поиск по Ф.И.О:             поиск по всем полям:  


По вашему запросу 'П' было найдено совпадений: 7409


Нұрғалиев Қазанғап

       1922 жылы Торғайдың Шилі өңірінде туған. Шиліде жеті жылдық мектеп бітірген. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасты. Белоруссия, Украина жерінде жаумен ұрыстарға қатынасып, бірнеше рет жараланды. Жауынгерлік медалі бар. Әскерден кейін ұжымшарда, кейін кеңшарда қойма меңгерушісі боп істеді. Кейін жұмысшылар кооперациясында төрағаның сауда жөніндегі орынбасары міндетін атқарды. Соғыс мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. 2003 жылы туған аулында дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Нұрбаев Қыпшақбай Рақымжанұлы

       1925 жылы 24 шілдеде қазіргі Қостанай ауданында туған. 1942 жылы Затобол аудандық әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылады. Майдан жолын Украинаның астанасы Киев қаласын азат етуден бастап, фашизмнің ордасы Берлинді талқандаумен аяқтады. Отан соғысы орденімен, «Будапешті алғаны үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталды. 1945 жылдан Семиозер ауданының Диевка селосында малшаруашылығында жұмыс істеді. Одан кейін 1959-1980 жылдар аралығында «Көктал» совхозында мал шаруашылығымен айналысты. Зейнеткер, соғыс ардагері. Немере, шөберелерінің ортасында аман-есен жүріп жатыр. Қарамеңді ауылы Науырзым ауданында тұрады.


Наурзумский район




Нұржақыпов Шөптібай

       1925 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Жаркөл ауылында туған. 1943 жылы Торай әскери комиссариаты әскерге жібереді. Украина майданында ұрыстарға қатынасып, сол республиканы жаудан азат етуге қатынасты. Соғыста бір аяғынан айырылды. Соғысқа дейін орталау мектеп бітірген Шөкең кейін колхоз-совхоз бухгалтерін дайындайтын курстарды аяқтады. Елге 1950 жылы оралды. Біраз жыл ұжымшар партия ұйымын басқарды. Жұбайы Қамал екеуі 10 бала өсірді. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік істері үшін Отан соғысы орденімен, «Украинаны азат еткені үшін» медалімен марапатталған. Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің атаулы жылдарының медаль-белгілерімен атап өтілген. «Тың жерлерді игергені үшін», Лениннің мерекелік медальдарымен марапатталған. 1996 жылы дүниеден өтті.


Джангельдинский район




Нұржанов Есіргеп

       1912 жылы қазіргі Аманкелді ауданында туған. Әскерге Торғай АӘК-нан 1940 жылы шақырылып, 52 минометшілер полкінде көздеуші болған. Әскерден 1947 жылы босаған. Қайтыс болған.


Амангельдинский район




Нұрлыбеков Ғапбас

       1912 жылы 14 мамырда қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Шынсай ауылында туған. Әскер қатарына алынғанға дейін Кеңтүбекте колхозшы болған. 1942 жылы майданға аттанды. Ленинград майданынын 2-ші Армиясы, 86 атқыштар дивизиясы, 330 полк, 2 батальон, 1 рота құрамында автоматшы, барлаушы болған. Эстонияны азат етуге қатынасқан. Соғыстағы ерлігі үшін І және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ленинградты қорғағаны үшін» және көптеген мерекелік медальдармен марапатталған. Елге келген соң, зейнеткерлікке шыққанша мал шаруашылығында еңбек еткен. 1986 жылы қайтыс болды.


Амангельдинский район




Нұрпейісов Әбдіхалық

       1920 жылдың сәуір айында Торғай ауданының Көкалат ауылында дүниеге келген. 1942 жылы армия қатарына шақырылған. Ленинград майданында ұрыстарға қатысқан, қоршауды бұзу ісіне араласқан. Атқыштар полкінің жауынгері ерліктің талай үлгісін көрсеткен. Қызыл Жұлдыз орденін алуы, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Праганы азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдары соның айғағы. Берлинге жете алмай, контузия алған. 1945 жылы елге оралды. Әбдіхалық ағамыз туғанынан өнерпаз, әнші, суырып салма ақын еді. Ұзақ жылдар бойы (12 жыл) мәдениет саласында істеді, республикалық өнерпаздар байқауының лауреаты, аудандық ақындар айтысының жүлдегері болды. 1957 жылдан бастап өмірінің соңғы сәтіне дейін аброймен сауда саласында істеді. Жұбайы Сара Ильясқызы екеуі 3 ұл, 1 қыз өсірді. Бұл күнде 11 немересі, сондай-ақ 11 шөбересі өсіп жатыр. Өзі 1972 жылы ұзаққа созылған аурудан Алматы қаласында дүниеден озды.


Джангельдинский район




Нұрпейісов Ахмет Бейсенбайұлы

       1926 жылы 11 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келді. 1944 жылы 22 қыркүйекте әскери комссариатқа шақырылған. Алғашқы ұрысқа 1945 жылы 29 сәуірде Кенигсберг қаласы жанында кірген. Содан 1945 жылдың 9 мамырға дейін 298 атқыштар полкінде жауға қарсы соғысады. Жеңістен кейін Германияның Балтық жағалауында күзет взводында әскери борышын өтеуге қалады. 1951 жылы елге оралады. «Варшаваны азат еткені үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен марапатталған. Жеңіс күнінде мерекелік медальдармен марапатталып отырған. Елге оралғаннан кейін Қостанай мен Урицкий аудандарында учаскелік инспекторы болып істейді. 1965 жылы Торғайда ішкі істер бөлімінде қызметін мінсіз атқарып, 1980 жылы еңбек демалысына шықты. 1967 жылы «Мінсіз қызметі үшін» медалімен наградталды. Майдангер, ішкі істер қызметінің майоры (запастағы) Нұрпейісов Ахмет Бейсенбайұлы 2003 жылы 10 қаңтарда дүниеден озды.


Джангельдинский район




Нұрпейісов Мұқан

       1902 жылы Торғай өңірінің Сужараған ауылында туған. Білімі бастауыш деңгейінде. Елде серіктестік құру ісіне белсене араласып, төраға міндетін атқарған. Сатушылық жұмыста да болған. Ұжымшарда ферма меңгерушісі болып істеген. 1942 жылы әскерге шақырылып, жаяу әскер қатарында соғысқан. 1943 жылы жараланып жатқан жерінен немістер тұтқынға алған. 1945 жылы Гамбургтегі лагерьден американ әскерлері босатқан. Кейін Минск қаласында қатардағы жауынгер болып әскери міндетін атқарған. 1947 жылы елге оралды. Бейбіт уақытта «Сужарған», 1 мамыр ұжымшарларында малшы болып еңбек етті. 1962 жылы зейнетке шықты. Мерекелік медальдармен марапатталған. 1972 жылы дүниеден өтті. Артында балалары, немере, шөберелері бар.


Джангельдинский район




Нұрпейісов Шынберген

       1905 жылы Торғай уезі, қазіргі Жангелдин аулыдық округінде туған. Ауыл молдасынан, кейін сауатсыздықты жою мектебінен дәріс алған. Алғашқы құрылған серіктестікке басшы болған. 1942 жылы қаңтарда әскерге шақырылған. 1946 жылға дейін армия қатарында. Сталинград майданында, кейін Прибалтика майданы әскери бөлімдерінде, 254 атқыштар полкінде ұрыстарға қатысқан. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», сондай-ақ Жеңістің мерекелік медаль-белгілерімен марапатталған. Елге келген соң әуелі ұжымшарда бригадир, 1947-1950 жылдар аралығында «Алғабас» ұжымшарының төрағасы қызметінде болды. 1951 жылдан 1961 жылға дейін Торғай МТС-інде жүргізуші боп істеді. Кейін 1965 жылы зейнетке шыққанға дейін аудандық тұтынушылар одағында автодүкен сатушысы әрі жүргізушісі міндеттерін атқарды. 1985 жылы мамырда дүниеден өтті. Артында 4 ұл, 2 қыздан тараған жиырманың үстінде немерелері, шөберелері бар.


Джангельдинский район




Набоков Андрей Иполонтьевич

       Родился 11 декабря 1924 года. На фронтах Великой Отечественной войны воевал с апреля 1942 по февраль 1945 года. Имел ранение. Награжден орденом Отечественной войны 2-й степени, медалями «За взятие Кенигсберга», «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».


г.Рудный





А | Б | В | Г | Д | Е | Ж | З | И | Й | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | Ь | Э | Ю | Я Все
Яндекс.Метрика